Джанлука Дзамбротта

Джанлука Дзамбротта (итал.

2006 жылғы әлем чемпионы. Қазір бапкерлікпен айналысады.

Джанлука Дзамбротта Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

19 ақпан 1977 (1977-02-19) (47 жас)

Туған жері

Комо, Ломбардия, Италия

Азаматтығы

Джанлука Дзамбротта Италия

Бойы

181

Салмағы

74

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Қытай Халық Республикасы Цзянсу Сайнти

Қызметі

бапкер ассистенті

Жастар клубы
1992—1994 Италия Комо
Клуб карьерасы
1994—1997 Италия Комо 48 (6)
1997—1999 Италия Бари 59 (6)
1999—2006 Италия Ювентус 217 (7)
2006—2008 Испания Барселона 58 (3)
2008—2012 Италия Милан 85 (2)
2013 Швейцария Кьяссо 10 (2)
Ұлттық құрамы
1998—2000 Италия Италия-21 13 (1)
1999—2010 Джанлука Дзамбротта Италия 98 (2)
Бапкерлік карьерасы
2013 Швейцария Кьяссо ойнаушы бапкер
2013—2015 Швейцария Кьяссо
2016—2017 Үндістан Дели Дайнамос
2017— Қытай Халық Республикасы Цзянсу Сайнти ассистент

Карьерасы

Клубтық

"Комо" футбол клубының түлегі. Карьерасын осы командада бастады. 1997 жылғы дейін "Комо" сапында ойнап, 1997 жылы "Бариге" ауысты. Екі жылдан соң "Ювентустың" қатарын толықтырды.

"Ювентусте" ұзақ жылдар ойнады. Тек 2006 жылғы жемқорлық жөніндегі жанжалдан соң туриндік клуб төменгі лигаға түсіп кетті де, сапындағы көптеген танымал ойыншылар басқа клубтарға ауысты. Дзамбортта да өзінің командаласы Лилиан Тюраммен бірге "Барселонаға" ауысты. Ондағы мақсаты — еурокубоктерде табысқа жету. Бірақ ол ойнаған 2006-08 жылдары "Барселона" тек Испания суперкубогымен ғана шектелді.

2008 жылы "Барселонаға" бапкер болып Хосеп Гвардиола келді де, Дзамборттаны қажетсінбеді. Дзамбротта "Миланға" ауысты.

2013 жылы Швейцарияның "Кьяссо" командасында ойнап жүріп карьерасын аяқтады. Сол жылы ұлттық құрамадағы әріптестері Филиппо Индзаги, Марко Матерацци, Фабио Гроссомен бірге бапкерлік лицензиясын алды.

Ұлттық құрамада

Ұлттық құрамада 1998-2010 жылдар аралығында ойнады. Алғаш қатысқан турнирі — ЕУРО-2000. Дзамбротта жартылай финалда Нидерландымен ойынның 34-минутында алаңнан қуылып, финалда ойнай алмады.

Арада алты жыл өткен соң ӘЧ-2006-да финалда Францияға қарсы ойнады. Бұл ойынның 5-минутында-ақ ескерту алды, дегенмен ойын соңына дейін қатысты. Италия пенальтилерден жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Жетістіктері

    «Ювентус»
  • Италия чемпионы: 2001/02, 2002/03
  • Италия суперкубогы: 2003
    «Барселона»
  • Испания суперкубогы: 2006
    «Милан»
  • Италия чемпионы: 2010/11
  • Италия суперкубогы: 2011

Италия құрамасы

  • ЕУРО-2000 күміс жүлдегері
  • ӘЧ-2006 жеңімпазы

Мемлекеттік марапаттары

  • «Италия Республикасына еңбек сіңірген» ордені (2006)

Қатысқан турнирлері

  • 2000 - Жазғы Олимпиада ойындары
  • 2002, 2006, 2010 - Әлем чемпионаттары
  • 2000, 2004, 2008 - Еуропа чемпионаттары
  • 2009 - Конфедерациялар кубогы

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Джанлука Дзамбротта КарьерасыДжанлука Дзамбротта ЖетістіктеріДжанлука Дзамбротта Мемлекеттік марапаттарыДжанлука Дзамбротта Қатысқан турнирлеріДжанлука Дзамбротта ДереккөздерДжанлука Дзамбротта СілтемелерДжанлука ДзамброттаИталияИталиян тіліКомоЛомбардия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Мағжан Бекенұлы ЖұмабаевОксидтерПалеозойНайманМүшел жасҰлыбританияАдай күйіҚазақтарЕжелгі ГрекияҚазақ әліпбиіАлтын ОрдаОм заңыТоқырау жылдарындағы ҚазақстанЭволюцияСәбит Мұқанұлы МұқановҚазақ хандығыӘлкей Хақанұлы МарғұланСұлтанмахмұт ТорайғыровРесейҚанҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЖетісу облысыҚазақстан халқының бірлігі күніҚасым ханҚазақстан 2030Толқын ЗабироваҚытайМоңғолияБірінші жалпықазақ съезіАрыстан баб кесенесіАустралияҚазыбек биҚарлығаш Төлегенқызы МұхамеджановаБауырымен жорғалаушыларЖеті жарғыҚазақстан экономикасының тарихыБалқашХимиялық элементтердің периодтық жүйесіНағашыҚызылша (медицина)Түрік қағанатыҚазақстан экономикасыФотосинтезҮстеу1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАминдерАқтауБатыс Түрік қағанатыОмонимМоңғол шапқыншылығыФатима ҒабитоваАстана қаласының бас мешітіДәрігерОңтүстік АмерикаЖануарларҰлы Отан соғысыРахымжан ОтарбаевA.Z. (Ninety One)ИспанияҮш Жүз партиясыАрғынҚазақстан мемлекеттiк рәміздеріШығыс ҚазақстанАлаш партиясының бағдарламасыБалықтарБаланы шомылдыруЕуропа одағыОтырарЭкологиялық проблемаБіріккен Араб ӘмірліктеріЖүрекМәтінХлорМахаббатМысықҚұрмалас сөйлемГеографиялық ақпараттық жүйеЭнергия🡆 More