Тас Гауһар

Бриллиант, гауһар – өңделіп қырланған зергерлік алмас.

Ең алғашқы бриллианттар – табиғи процестер нәтижесінде егеліп жылтырланған кристалдар, алмас кенқайраңдарында кездесті. Алмас кристалдарын өңдеу жұмыстары 14 ғасырда Венецияда басталған. Бриллиантты қырлау жұмыстарының негізі алмас кристалдарының табиғи пішінінен (октаэдр, додекаэдр) өрбіген. 17 – 18 ғасырларда «роза», «багет», «перуцци» және «регент» деп аталынған Бриллианттың қырланған түрлері кеңінен тараған. 19 ғасырда алмас өндірісіне ендірілген механикалық егеу-өңдеу әдістері тастардың жалпы бейнесін өзгертуге, сонымен қатар қазіргі дөңгелекше Бриллианттың шығуына себепкер болды. Бұл дөңгелек бейнелі, қырлы Бриллианттар ғажайып жылтыр және сәуле шағылыстыру-құлпырма қасиеттеріне ие болды. Осындай 57 тегіс жақты дөңгелекше – «толық» Бриллиант 3 қабаттан тұрады: жоғарғы (тәж), ортаңғы (рундист), төменгі (павильон). Тәж Бриллианттың ортанғы осіне тік перпендикуляр орналасады. Оны айнала 32 жақты 2 – 3 қатарлы белдеу жүргізіледі. Рундист Бриллианттың аумағын және бейнесін реттейді. Павильонда 24 жақ 2 қатарға айнала орналасып, орт-нда бір нүктемен аяқталады (кейде нүкте орнына 8 бұрышты кішкентай 58 жақ өңделеді). «Толық» қырлы Бриллианттың геометриялық сипаттамасын (қабаттарының биіктігі, ортаңғы қабатының диаметрі, қырланған жақтардың қиылысу бұрышы, т.б.) 1919 жылы орыс зерттеушісі М.Толковский есептеп шығарған. Бриллиантты қырлаудың көп тараған түрлері: дөңгелекше («қарапайым» және «толық»), түрлі пішінді («алмұрт», «жүрек», «сопақ», т.б.), тікбұрышты («багет», «изумруд»), жұпсыз симметриялы («импариант», «принцесса»), т.б. Бриллиантты бағалауда оның түсі, түрлі «ақаулары» (жарығы, қоспалары, т.б.), салмағы және қырлау сапасы ескеріледі. Бұл қасиеттерді анықтау үшін түрлі стандарттық эталондар мен әдістер қолданылады. Бриллиант зергерлік бұйымдар жасауда (сақина, сырға, түйме көздерін және композициялы бұйымдардың жеке элементтерін немесе топталған жиынтық түрінде оның негізін құрауға), ордендер мен жоғ. ерекшелік белгілерін әшекейлеуге қолданылады. Бриллианттың салмағы каратпен (0,2 г) өлшенеді.

Тас Гауһар
Бриллиант

Галерея

Дереккөздер

Tags:

АлмасБриллиантВенецияГауһарГеометрияИзумрудКристалдарОктаэдрПавильонПерпендикулярРоза

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҰрықжолдастыларҚазақ хандарыСырым ДатұлыМал шаруашылығыMicrosoft Office WordФизикалық-географиялық аудандастыруАралас құрмалас сөйлемШолпан (ғаламшар)1921-1922 жылдардағы ашаршылықБұлшықет ұлпасыМитозТестілеуЮНЕСКОТабиғатҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевАйдын Ақанұлы АйымбетовДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевМәдениетЕсімшеГенераторЖайықЖаңа индустриалды елдерҚазақстандағы экологиялық проблемаларҚатерлі ісікКіші жүзМедеуОрманЖаңа білім беру жүйесіҚырғызстанӘлемнің жеті кереметіҚыпшақ хандығыАнтивирустарҚасым ханҚарахан мемлекетіҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыМарко ПолоГалактикаЖалғаулық шылауларӨзгергіштікФерменттерЫбырай АлтынсаринҚан мен терСұрыптауМарсФутболКөміртектің сутекті және оттекті қосылыстарыДыбысБуддизмҚазақтардың зергерлік бұйымдарыӘміре ҚашаубаевНұралы ханЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріҰлы жүзМинералИнфрақұрылымБензолТермометрДомбыраӘлкей Хақанұлы МарғұланТұрақты сөз тіркесіБұлшықет талшығыАйқындауышҚыпшақтарҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеСын есімПедагогикаОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыҚазыбек биУнитарлы мемлекетҚазақстанның биік тау шыңдарыБірінші Мемлекеттік ДумаСмағұл Абатұлы ЕлубайАрқарСаңырауқұлақтарЕліктеу сөзШвейцарияСолтүстік ҚазақстанҚазақстан экономикасының тарихыГеродот🡆 More