1848—1849 Жж Венгрия Революциясы

Мажарстандағы революция (1848 – 49) – Аустрия империясының құрамына кіретін Мажар корольдігінде болған 1848-1849 жылдардағы Еуропада болған демократиялық революцияларының бірі.

1848—1849 Жж Венгрия Революциясы
Мемлекеттік жиналыстың ашылу сәті, Мажарстан.

Мажарстан революциясы

Мақсаты – елдегі феодалдық-басыбайлы құрылысты және ұлттық езгіні жою, Мажарстанды ұлттық тәуелсіз мемлекетке айналдыру. 19 ғасырдың ортасында Габсбургтердің билігінде және Австрия империясының бір бөлігі болған Мажарстанда ішкі қайшылық ушықты. 1848 жылы 15 наурызда Пешттің жұмысшылары, қолөнершілері, буржуазиялық элементтері Ш. Петефи және П. Вашваридің басшылығымен көтеріліс жасады. Өкімет билігі Қоғамдық құтқару комитетінің қолына көшті. Комитет цензураға тыйым салып, ұлттық гвардия құруды жариялады. 17 наурызда император Фердинанд I либералдық дворян опозициясының басшысы Л. Баттяниді Венгрияның премьер-министрі етіп тағайындады. Баттянидің үкіметі барщина мен десятинаны жою, барщиналық үлесті шаруаларға беру туралы заң қабылдады. Бұл заңды шаруалардың бәрі бірдей пайдалана алмады. Жері жоқ шаруалар барщинадан помещиктермен жеке келісім жасау арқылы ғана құтыла алатын болды.

Мажарстан іс жүзінде Габсбургтер әулетіне тәуелді күйінде қалды. Бұл халық бұқарасын қанағаттандырмады. 1848 жылы қыркүйекте Л. Кошут бастаған Отан қорғау комитетінің (қорғаныс ісін ұйымдастыратын басшы мүще ретінде 16 қыркүйекте құрылған) шақыруы бойынша революциялық ұлттық армия құрылды, армия Австрия әскерлеріне, хорват баны И. Елачичтің армиясына бірқатар ауыр соққы берді.

Tags:

1849 жыл491848Еуропа

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

СұрыптауЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміБауыр (орган)Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерТүрік қағанатыPythonЕуропаНұралы ханМұнай экспорттаушы елдер ұйымыЖануарларОғыз мемлекетіӨнерҚарахан мемлекетіАзотХромосомаларЖаһандануРим империясыҚызылша (медицина)Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыЕгіншілікАдам даму индексі бойынша елдер тізіміҚол добыТөлен ӘбдікЖұлынМагниттік ағынДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевҚытай тарихыРесурстарҚаныққан көмірсутектерФранцияҚазақстан мәдениетіБұлшық етМетонимияҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеКөкжөтелТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануҮтірЭкологиялық пирамидаЖүрек ауруларыҚазақстан астанасыАвтотрофтарЖерМагниттік өтімділікЭлектромагниттік толқындарМәдениет туралы түсінікМитозБұқаралық ақпарат құралдарыСперматозоидАстрономияТұмар ханшаҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҚаныш Имантайұлы СәтбаевМодернизмЖалпы ішкі өнімТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровПневмонияЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)ЭмбриогенезІлияс ЕсенберлинЭлектрокардиографияҚаңлыларПлацентаЖалғауМерезҒылыми фантастикаЗәр шығару жүйесіБалқашЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақстандағы туризмСабақтас құрмалас сөйлемТәуекел ханҚорықтарКөлікҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыҚазақстан мейрамдарыФерменттер🡆 More