Арал Апаты

Арал Апаты
Арал теңізі
Арал Апаты
Арал теңізі

Арал апаты – Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты. Ауаның ылғалдылығы (жаз, күз айларында 9%-ға дейін) азайып, жазы құрғақ та ыстық (шілдеде 45ӘС-қа шейін, 1985), қысы суық (47ӘС-қа шейін, 1986) болатын жылдар мен күндер көбейді. Өзен жағалауындағы суармалы егістерде (негізінен мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып, теңіз түбіне 1 млрд. тоннадан астам улы шөгінділерді әкелді. Сөйтіп су тұздылығының артуы (1 литрде 35 мг, 1996) нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн. тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқыр, қаяз, ақмарқа, алабұға, т.б.) құрып кетті. Осыған орай, теңіз жағалауындағы балық зауыттары, ауыл кеме көлігі кәсіпорындары, мал, егін, балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар, Барсакелмес аралындағы хайуанаттар қорығы, Возрождение аралындағы кәсіпорындар жабылды. Арал апаты аймағынан жүздеген мың адам өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Ғарыштан қарағанда, теңіздің жиегінен 400 км-ге дейін созылған «тұзды бұлт» өсімдік пен жануарлардың түрлерін азайтты. Бұрын теңіз маңында мекендеген су құстары түгелге жуық, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр, т.б.) құрып кетті. Арал апаты сол өңірдегі 60 мыңға жуық тұрғынының денсаулығына зиянды әсерін тигізді.

Дереккөздер


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

1921-1922 жылдардағы ашаршылықТахауи АхтановҚант диабетіСөйлемнің бірыңғай мүшелеріОқшау сөздерШолпан (ғаламшар)ӨртҚазақстан Ұлттық футбол құрамасыИнфографикаКөктемҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыЕліктеу сөзҰшақЖүйке жүйесіБауыр (орган)КітапханаҚұстарМаклерЖұрнақҚазақ руларыҚоғамЖылқыСпорттық туризмСанау жүйесіНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіҒарыштануСарқылатын ресурстарДеректер қорыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіДемократияЭлектр тогыАйтысҰшқан ұя (повесть)ҚышқылҚыстырма сөзОксидтерКодекс КуманикусПневмонияФутболҮйсін мемлекетіАтмосфераҚазақстандағы сауда және жәрмеңкелерМүшел жасИнсулинКөлік жолдарының ұзындығы бойынша елдер тізіміГерманияКүйНарықтық экономикаАксонЖасанды интеллектЖеті жарғыТүрік қағанатыҚазақша жыл санауГаз өнеркәсібіМиграцияХақназар ханЕжелгі ГрекияҚазақ билеріЭндокриңді бездерКенесары ханЕуропаКапитализмАсарРухани мәдениетМемлекетВолейболАбсолют қара денеТөңкеріс (қоғам)Қоршаған ортаны қорғауАңырақай шайқасыБайқоңыр (ғарыш айлағы)Әбу Насыр Әл-ФарабиҚазақ әліпбиіТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріӘн-Нас сүресіСаясатСауыр-ТарбағатайОрбұлақ шайқасы🡆 More