Александр Николаевич Скрябин: Скрябин, Александр Николаевич,

Александр Николаевич Скрябин (1871 жылдың 25 желтоқсанында (1872 жылдың 6 қаңтарында) Мәскеуде туған —1915 жылдың 14 (27) сәуірінде сол жерде қайтыс болған) — әйгілі орыс композиторы және пианисі.

Оның шығармашылығын аяғына нық тұрған үйдей қарастырады, бірақ композиторлық техника көзімен қараса ол Жаңа Веналық мектеппен жақындаса алады. Сол заманның композиторларының алдындағы «жеткіліксіздік», «дәлсіздік» мәселелерін шешу үшін Скрябин гармонияны қиындатады. Ол музыкаға жарық түсірді, яғни тарихта алғаш рет ол музыкалық түрлі түсті жарықтарды (светомузыка) пайдаланды.

Александр Николаевич Скрябин: Скрябин, Александр Николаевич,

Александр Николаевич Скрябин: Скрябин, Александр Николаевич,

Скрябин Мәскеу университетінің студентінің, кейін белгілі дипломат және стат кеңесшісіне айналған Николай Александрович Скрябиннің (1849—1915) отбасында, Кирьяковтардың қалалық бекінісінде дүниеге келген.

Кулишкадағы Үш Жарықшы храмында шоқындырылған. Болашақ композитордың әкесінің дворян тұқымы ежелгі не дәулетті болған емес.

Мәскеудің орталық тарихи мұрағатында «метрикалық кітап» сақталған, оған композитордың туғаны мен болашағы туралы ақпарат еңгізілген.

Скрябин бес жасында фортепианода ойнай білді, кейін оның бойында композицияға деген қызығушылық туды, бірақ отбасылық дәстүр бойынша (композитор Скрябиннің әулеті XIX ғасырдың басынан бастап белгілі, олардың отбасынан көп әскери тұлғалар шыққан) 2-ші Мәскеу кадет корпусына берілді. Өзін музыкаға арнауды шешіп, Скрябин Георгий Эдуардович Конюстен, кейін Николай Сергеевич Зверевтен (фортепиано) және Сергей Иванович Танеевтен (музыка теориясы) сабақ алып отырды.

Кадет корпусын аяқтап, Скрябин Мәскеу консерваториясының фортепиано класына Василий Ильич Сафонов пен Антон Степанович Аренскийдің композициялық класына оқуға түседі. Аренскиймен сабақтары еш нәтиже көрсетпеді, сол себепті 1891 жылы Скрябин композиция класынан үлгерімінің нашарлығына байланысты шығып қалады, бірақ соған қарамастан, ол фортепиано бойынша курсты керемет аяқтап, бір жылдан кіші медальмен марапатталды (консерваторияны сол жылы бітірген Сергей Васильевич Рахманинов, үлкен медальдің иесі атанды, себебі ол композиция курсын жақсы аяқтады).

Александр Николаевич Скрябин: Скрябин, Александр Николаевич,

Александр Николаевичтің жеті баласы болды: төртеуі алғашқы некесінен (Римма, Елена, Мария және Лев) және үшеуі екінші некесінен (Ариадна, Юлиан және Марина). Олардың үшеуі кішкентай кездерінде, кәмелетке жетпей қайтыс болған. Белгілі пианист Вера Исаковичпен болған бірінші некесінде туған төрт баладан (үш қыз бен бір ұл) кішкентай кезінде екеуі қайтыс болды. Алдымен Скрябиндердің үлкен қызы — жеті жасар Римма (1898—1905) қайтыс болды — бұл Швейцариядағы, Женева маңындағы Везна саяжайында болды, сонда Вера Скрябина өз балаларымен бірге тұратын. Римма 1905 жылдың 15 шілдесінде кантональді ауруханада түйнектен (ішектердің түйіліп қалуы) қайтыс болды.

Скрябин ол кезде италиялық Больяско қаласында Татьяна Шлёцер атты өзінің екінші болашақ әйелімен тұратын. «Скрябин Римманы бәрінен артық жақсы көретін, оның өлімі оған ауыр тиді. Ол оны жерлеу рәсіміне келіп, оның табытының алдында қатты жылады. <…> Бұл Александр Николаевич пен Вера Ивановнаның соңғы кездесуі болды».

Александр Николаевич Скрябин: Скрябин, Александр Николаевич,

•Музыканттар және композиторлар. Қысқаша өмірбаяндық анықтама. М. 2002,сс. 383-387.

•Альшванг А. А. А. Н. Скрябин. [Жизь и творчество]. — М.-Л., 1945.

•Игорь Глебов (Асафьев Б. В.). Скрябин. Опыт характеристики. — Петроград: Светозар, 1921. (Переиздано в сборнике 1973 г.).

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысАдам ағзасындағы химиялық элементтерСалауатҚарахан мемлекетіӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Электромагниттік толқындарМұхаммедЗар Заман ақындарыАлаш партиясының бағдарламасыАвангардизмДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевЗәрдің түзілуі және шығарылуыМитохондрияДәулеткерей ШығайұлыЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОДамыған елдерХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыҚаһарАқсу-Жабағылы қорығыРим империясыБүркітЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановПартеногенезЕтісЖүрекӨсімдік шаруашылығыҚоршаған ортаPythonАфрикаVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріСинонимАксонЕжелгі Рим өнеріӘмір ТемірКерей ханЭпитетОтырар апатыҚайыңДауысты дыбыстарПротерозойУрбанизацияШиеДенсаулықҚырғызстанКөміртегіЖер сілкінуЕуразиялық Экономикалық ОдақӘдемі инелік2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріКварцМюнхен келісіміТүркістан (қала)Лаңкестік әрекетКешенді қосылыстарГүлЧарлз ДарвинҒабит Махмұтұлы МүсіреповҚазақстанның экономикалық аудандарыМақалаКөмірсуларҚарағанды облысыКеңес Одағының БатырыИтТөлеген ТоқтаровАбылай ханMicrosoft ExcelАзамат соғысыҚазақ хандарыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваБатыс Қазақстан облысыЖелтоқсан көтерілісіСоленоидҚұлдық314-атқыштар дивизиясыҚазақстан музейлеріПсихологияАлланың есімдеріӘлішер НауаиТөле би🡆 More