Хамза Жұматов

Хамза Жұматов (15.10.

1912, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 26.5. 1972, Алматы) – ғалым, медицина ғылым докторы (1954), профессор (1959), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1960). Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1937). 1937 – 44 жылдары Алматы мемл. медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетті) дәрігер-ординатор, аспирант, ассистент, доцент болды. 1944 – 47 жылдары Бүкілодақтық эксперименттік медицина институтында аға ғылым қызметкер, КСРО Медицина Ғылым Академиясының Вирусология институтының докторанты, 1947 – 50 жылы осы академияның Эксперименттік медицина институтында (Ленинград) аға ғылым қызметкер, 1951 – 72 жылы ҚазКСР Денсаулық сақтау министірінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар институтында (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) ғылыми жетекші және Қазақстан Ғылым Академиясының Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі болды. 1961 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссиясының (ЖАК) мүшесі болды. Негізгі ғылыми еңбектері вирустардың молекулалық биологиясы мәселелерін зерттеуге арналған. Жұматовтың жетекшілігімен тұмау вирустарының штаммдары бөлініп алынып, жеке зерттелді. Ол тұмау вирустарынан, полиомиелит ауруларынан вакцина егу арқылы сақтанудың әдістерін ұсынды. Жұматов тұмау вирусын, адам және жануарларда ауру тудыратын вирустардың рибонуклеин қышқылдарын, жұқпалы гепатит ауруын, өсімдіктердің вирустық кеселдерін зерттеді. Жұматов 1-Халықаралық жұқпалы аурулары патологиясы конгресінде (Франция, Лион, 1956) француз тілінде, 1-Халықаралық Африка – Азия дәрігерлерінің конгресінде (Египет, Каир, 1964) баяндамалар жасады. Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты (1974). 2 рет “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдермен марапатталған. Жұматовқа Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығында ескерткіш тақта орнатылған.

Шығармалар

  • Инфекционный гепатит, А.-А., 1962;
  • Инфекционные рибонуклеиновые кислоты вирусов животных и человека, А.-А., 1967;
  • Молекулярная биология миксовируса гриппа, А.-А., 1972.

Дереккөздер

Tags:

АлматыБаянауыл ауданыЕгипетКаирМедицинаПавлодар облысыПрофессорҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан экономикасының тарихыСюрреализмҚазыбек биСу көлігіОттегіКөптік жалғауТіршілік үшін күресӘсет НайманбайұлыАстана мектеп оқушыларының сарайыҚара металлургияОрманБүйрекЮпитерТеңеуӘпке (драма)Азаматтық құқықЖүрек-қантамырлар жүйесіҚызмет көрсетуЕліктеу сөзҮстеуҚаратпа сөзСалалас құрмалас сөйлемДінНұркен ӘбдіровҚажымұқан МұңайтпасұлыЕжелгі Рим өнеріКапитализмАлғашқы көмекАналық жыныс безіЖоғары молекулалы қосылыстарМұхаммедБір жасушалыларЭлектрокардиографияҚазақстан азамат соғысы жылдарындаЖәркен БөдешұлыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіӘлемдік діндерСпортАқмола облысыШылауҚазақстандағы су тасқыны (2024)ВирустарТерроризмЖеңіс күніЗар Заман ақындарыЕртісҚазақстан Республикасының КонституциясыСелекцияЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуСын есімБілім беруОрганикалық қосылыстарҒарышҒаламшарҰйғырларҚол добыСарматтарСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовАвтотрофтарҚазақ әліпбиіБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевБайқоңыр (ғарыш айлағы)Әйтеке биКаспий экологиясыРентген сәулесіҚазақтың ұлттық ою-өрнегіЖануарларДамушы елдерҚазақстан халқы ассамблеясыОсип Андреевич ИгельстромИосиф Виссарионович СталинМысМақта (дақыл)ЖапонияҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыЖай сөйлемҰлпан (роман)🡆 More