Төртқара Апыр

Төртқара Апыр батыр (1700 -Қазіргі Ұлытау ауданы Үлкен Бұлақ деген жерде дүниеге келген – 1739) — қазақ батыры.

Қалмақтарға қарсы соғыстарға көл бастап қатысқан аға батыр. Орта жүздегі Найманның Матайынан туған Төртқара руынан. Жоңғарларға қарсы Әбілқайыр хан бастаған Бұланты мен Білеуті өзендері аралығындағы шешуші ұрыста ерлігін көрсеткен. Орта жүздің 10 мыңға дейін жеткен біріккен қолын басқарған. Туған кезде-ақ, жұртты таңғалдырған екен, себебі нәресте ірі болып туылыпты. Сол кезде ауылда 90 жастан асқан кейуана бесікке салуға келіп, "апырай, апырай мұндай ірі бала туады екен ғой" деп таңғала беріпті. Баланың аяғы бесікке симай, шығып жатқан екен. Содан ауыл адамдары осы кейуанаға "өзіңіз баланың есімін қойыңыз" деп қолқа салған. Содан күні бойы таңғалған ана "апырай, апырай" дей беріппім, бұл нәрестенің аты "Апыр" болсын депті.

Төртқара Апыр
Туған күні

1700 (1700)

Туған жері

Қарағанды облысы, Ұлытау

Қайтыс болған күні

1739 (1739)

Қайтыс болған жері

Қарағанды облысы, Ұлытау

Мемлекет

Қазақ хандығы

Әскер түрі

атты әскер

Басқарды

Орта Жүз жасақтары

Шайқасы

Бұланты шайқасы

Өсе келе Апыр өзінен жасы үлкен балалармен ойнап, күреске, жарысқа әуес болыпты. Жас кезінде атпен теңге алу, аударыспақ, көкпар ойындарында көзге түскен, одан басқа жылқы күзетінде, барымта болғандарын іздеп тауып әкелумен айналысыпты.

Жоңғарлардың қазақ еліне шабуылы Апырды да намысқа жүгіндірмей кете алмады. Содан өзі бастап ауыл азаматтары мен туыстарының басын қосып, бірнеше жүздеген адаммен Қаракерей Қабанбай батырдың жасағына қосылады.

Осы жерде Апыр өзінің ерліктерімен көзге түсіп, Қаракерей Қабанбай батырдың туын ұстау мәртебесіне дейін көтеріліп, көптеген ұрыстарда аты шығады. Бұл тудың діңгегі осы уақытта Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақтаулы тұр. Дене бітімі зор, алып күштің иесі болыпты, талай жекпе-жектерде жеңіске жетіпті. Қанжығалы Бөгенбай батыр Апырға "Ерлік көрсеттің, талай жаумен жекпе-жекте жеңіске жеттің, батыр атына лайық екенсің" - деп өз алдараспанын сыйға тартыпты. Елді жоңғарлардан азат ету кезенінде Қабанбайдың бөлек тапсырмасымен Апыр қырғыз батыры Шабдарханды тізе бүктіреді. Шабдархан жоңғар жағында болып, қазақ ауылдарын шауып, малдарын айдап, қыз-келіншектерін алып кетіп отырған. Сол батырды Апыр арнайы іздеп, ұйықтап жатқан жерінде, бұлақтың басында найзасымен табанынан түртіп оятып, елінің кегін алуға келгенін айтып жекпе-жекке шақырады. Қырғыз батыры оның ұйықтап жатқанында басын алмағанына ырза болып, үш жылғы шауып алған малдарын есесімен қайтарыпты, сыйлыққа түйе бастаған "тоғызын" беріп, өзінің қызын Апыр батырға қосып, той думан жасап шығарып салыпты. Бұдан кейін Шабдархан батыр жоңғарларға қазақтар жағына шығып, талай шайқастарға қатысыпты.

Апыр батыр Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.

Дереккөздер

  • Бағдат Қазкенов. 06.08.2015. Абылайдың бір серігі Апыр батыр [1]
  • Қалкен Смайыл. 17.08.2016. Арғын Алтай Аралбай батыр [2] Мұрағатталған 10 қазанның 2016 жылы.
  • Алма Джуманбаева. 27.08.2015. Героям Буланты от благодарных потомков [3]
  • Алма Джуманбаева. 22.10.2014. Обелиск в память о битве Буланты [4]
  • Төкен Әлжантегі. 25.07.2003. Апыр батыр [5]

Tags:

17001739БатырМатай (ру бірлестігі)НайманОрта жүзТөртқараҰлытауҰлытау ауданы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесіХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевДәрі-дәрмекАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріЖылқы малының атауларыАқуызЖоғары сатыдағы өсімдіктерМутацияҚырғызстанНаймандарМемлекеттік басқару формасыАбортДепортацияТехасҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЖеті жарғыГендік инженерияТасымал (лингвистика)Асық ойыныҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріСанаҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріЖаңа экономикалық саясатМоңғол шапқыншылығыҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіГипергликемиялық комаҚырғи қабақ соғысыАдам қаңқасыҚанЖабайы алма (повесть)ЖарықГерманияТеміреткіҰлы жүзБалиғат жасыСолтүстік АмерикаОнкологияОразаны бұзбайтын жағдайларҮндістанАлматы облысыАлюминийSaccharomyces cerevisiaeМәдениет туралы түсінікОксидтерДжо БайденҚұндылықКірме сөздерЖатыр ауруларыMicrosoft Office WordОғыздарАзаматтық құқықҚазақстан әкімшілік бірліктеріЖер құрылымыСинонимОттегіАмерика Құрама ШтаттарыМитозҚазақстан ұлттық парктерінің тізіміҚазақстан көлдеріЗалалсыздандыруСөзжасамҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыЭтикаТемірЖүйке жасушаларыЖер сілкіну ошағыМеталдарНамаз уақытыҚуық түбі безінің қабынуыАлаш партиясыҚыз ЖібекМұнайЗат алмасуДемографияСанау жүйесіӘн-Нас сүресіКомпьютерЕртіс🡆 More