Саурық

Саурық Қайдауылұлы (шамамен 1670, Талдықорған өңірі – 1740, Алматы облысы Райымбек ауданы) – батыр, қолбасшы, мәмлегер.

Ұлы жүз жалайыр тайпасының андас руынан шыққан. 1723 – 40 жылдары аралығындағы қазақ-жоңғар соғыстарына бастан-аяқ қатысып, Аңырақай шайқасында Ұлы жүз қолына тікелей қолбасшылық жасады. Ел аузында Саурықтың ерліктері туралы көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Саурық Ескелді би, Балпық билермен Жетісу жерін қалмақтардан босатуда көп істі бірігіп атқарған. Мұны алуан түрлі аңыз-әңгімелер дәлелдейді. Саурықтың Құлшығаш, Байшығаш, Қасқарау, Қарқабат, Байғабат, Танаш атты алты ұлының бәрі де батыр, ел басшысы ретінде белгілі. Оның атақ-даңқы тек Жетісуда ғана емес, одан тысқары жерлерде де кең жайылған. 19 ғасырдың 1-жартысында Аягөзге дейін келіп қайтқан орыс ғалымы В.В. Радлов өз еңбегіне Саурық туралы деректер енгізген. Тарихшы Е.Бекмахановтың 1948 жылы шыққан “Қазақ КСР тарихында” Бөгенбай, Тайлақ батырлармен қоса Саурықтың да есімі аталады. Бұл жөніндегі деректер Ә.Марғұланда да бар. Саурықтың есімі қазақ ақындарының өлең-жырларында да көптеп кездеседі. Ақын Ғ.Қайырбеков оны өлеңге қосқан. Тарихшы-ғалым Кәмен Мамырұлының “Қазақ тарихы” атты еңбегінде, жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың “Қызыл жолбарыс” атты екі томдық және “Абылайдың ақ туы” атты тарихи романдарында Саурықтың біраз істері сипатталады. Саурықтың есіміне байланысты жер атаулары Талдықорған өңірінде көп кездеседі. Көксу ауданындағы жұрты “Саурық сазы” деп аталады. Көксу кенішінің қасында “Саурық сазы” деп аталатын екінші жер де бар. Ұрпақтары Алматы облысының Қаратал, Көксу,Ескелді аудандарында тұрады.

Дереккөздер


Tags:

Абылайдың ақ туыАлматы облысыАңырақай шайқасыБөгенбайЖетісуКөксуРайымбек ауданыҚараталҚарқабатҚолбасшыҚұлшығаш

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

РеформацияӨзбекстанБразилияМетафораҮндістанҚазақстан астанасыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыМысҚолдан сұрыптауБұлшық етҚозғалыс (зат)ФутболМеталлургияАлкиндерАмерикадағы азамат соғысы1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықАболиционизмҚазақстан 2030ЖұлынКөне түркі жазбаларыҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыЭмбрионЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларЖыныс мүшелерінің құрылысыАстрономияЖер сілкінуҚазақ мәдениетіФранция Ұлттық кітапханасыҚазақстандағы экологиялық проблемаларӘнші құм төбесіӘйтеке биТегеран конференциясыУнитарлы мемлекетМюнхен келісіміБіріккен Ұлттар ҰйымыКөкжөтелМартин ЛютерТұқым қуалайтын өзгергіштікПартеногенезҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыКөнерген сөздерИтӨздігінен тозаңдануҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыАуа ластануыҚазақстанның тұңғыш мектептеріКонсументтерХалықаралық еңбек бөлінісіДемократияҚазыбек биКөміртегіВирустарЕсімшеМөде қағанБауырымен жорғалаушыларӘлеуметтік инфрақұрылымТрансформаторЭндемикЛатын АмерикасыАдамаралық қарым-қатынасТұқым қуалаушылықАтаулы сөйлемЖеті қазынаЗәрдің түзілуі және шығарылуыТөл сөзКайнозойБасты бетҚазақ хандарыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміАустралияКарбон қышқылдарыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріҚосарлы ұрықтануБалғынбек ИмашевЗат есімОттегіҚозы Көрпеш – Баян СұлуГүлді өсімдіктерПлагиат🡆 More