Жүгері Қаракүйесі

Жүгері қаракүйесі – базидиомицеттер класына жататын саңырауқұлақтар тудыратын жүгері ауруы.

Жалпы мәлімет

Жүгері Қаракүйесі 
Ауруға шалдыққан жүгері.

Жүгері қаракүйесі ауруларына жүгерінің бөртпе қаракүйесі мен тозаңды қаракүйесі жатады. Жүгерінің бөртпе қаракүйесін Ustіlago maydіs саңырауқұлағы тудырады. Саңырауқұлақ ақшыл немесе алқызыл мицелла қабықшасымен қапталған, диаметрі 1 – 20 сантиметр бөртпелер түзіп, өсімдіктің барлық мүшесін зақымдайды. Буын аралықтарында пішіні домалақтау, ірілігі жаңғақтай немесе одан үлкенірек, ал жапырақ тақталарында өн бойына созылған, жіңішке ақшыл сарғылт, бұйраланған немесе ірілігі асбұршақтай бөртпелер пайда болады. Жүгері шашақтана бастағанда бөртпенің сыртқы қабықшасы жарылып, ішінен күйе тәрізді споралар шығады. Олар гүлдену кезінде собық жіпшелері арқылы дәндерді зақымдайды. Собықтың жартысына дейін қамтитын пішіні әр түрлі бөртпелер пайда болады да, дәннің орнына көптеген қаракүйе споралары түзіледі. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі баяулап, дәннің түсімділігі 20 – 30 пайызға дейін төмендейді. Ауру қоздырғышы шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатындықтан, жүгеріні бір жерге қатарынан бірнеше рет еге берсе, аурудың дамуы жыл сайын өрши беруі мүмкін.

Жүгерінің тозаңды қаракүйесі жүгерінің тек собығы мен шашақшаларын зақымдайды. Собықта дән түзілмей, ол өзекшесімен қоса толығымен жұқа жапырақшалармен көмкерілген қаракүйе түйіріне айналады. Шашақшалардың жеке гүл шоқтарында да түйіршіктер пайда болады. Егін жинау кезінде қаракүйе споралары топыраққа көшіп, бірнеше жылға дейін сақталады. Бұл ауру жүгері өсіруге маманданған Алматы облысының Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары жерінде кең таралған. Жүгері Қаракүйесімен күресу шаралары: ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақтап, себер алдында тұқымды витавакс 200 ФФ (3 – 5 л/т), дивиденд 030 (2 – 3 л/т), фенорам немесе фенорам супер (2 кг/т) препараттарының бірімен дәрілейді.

Дереккөздер

Tags:

АуруБазидиомицеттерЖүгеріСаңырауқұлақтар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Солтүстік АмерикаОғыз мемлекетіАристотельИнсультЖәдидшілдікҚанның артериялық қысымыБеғазы-Дәндібай мәдениетіҚазақстандағы әскери коммунизм саясатыАбылай ханДиалектҚадыр Мырза ӘліШала түрленіп дамитындарАрал теңізіӘл-Кәусәр сүресіОксидтерМәтінАлаш қозғалысыӨндірісҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміҒұндар мемлекетіЖеті қазынаАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріНамазды бұзатын нәрселерЖыныссыз көбеюМобильді қосымшаларШымкентПедагогикаМораль1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріБөкей ОрдасыОрганоидтарКөнерген сөздерАнаэробтарОлимпиада ойындарыАлтын Орда тарихыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысМұхаметжан ТынышбайұлыӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Алаш автономиясының құрылуыПартиялық жүйеҒаламдық экологиялық проблемаларҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыЕсту мүшесіАқпараттық қауіпсіздікТұрақты сөз тіркесіГемоглобинМақалаМұқағали Сүлейменұлы МақатаевЕсім ханҚожа Ахмет ЯсауиСәкен СейфуллинБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевЖайықЖеті жарғыТүйсікҚазақ руларыЖол белгілеріБесікке салуЖер құрылымыМемлекетБатыс Түрік қағанатыАрғынАқбілек (роман)СаңырауқұлақтарТопонимикаИнтернетҚасым ханҚазақстан экономикасыТөл сөзМахаббат, қызық мол жылдарСайлау жүйесіЖаһандануТопырақҚазақ хандарыСтоматит🡆 More