Көл Вайсензее

Вайсензее (нем. Weissensee) — Аустриядағы көл, Гайлталь Альпі тау жотасындағы Каринтия федералдық жерінде орналасқан.

Вайсензее
нем. Weissensee
Морфометрия
Өлшемі11,6 × 0,9 км
Ауданы6,5 км²
Тереңдігі97 м
Орналасуы
46°42′24″ с. е. 13°20′28″ ш. б. / 46.70667° с. е. 13.34111° ш. б. / 46.70667; 13.34111 (G) (O) (Я) 13°20′28″ ш. б. / 46.70667° с. е. 13.34111° ш. б. / 46.70667; 13.34111 (G) (O) (Я) (T)
ЕлКөл Вайсензее Аустрия
АймақКаринтия
Вайсензее (көл) (Австрия)
Көл Вайсензее
Вайсензее
Көл Вайсензее Вайсензее Ортаққорда

Морфометрия

  • Ауданы - 6,5 км2
  • Тереңдігі - 97 м.
  • Ені - 900 м.
  • Ұзындығы - 11,6 км.

Вайсензее көлі Австрия Каринтиясында, Галиталер Альпінің етегінде, теңіз деңгейінен 930 м биіктікте орналасқан. 23 шақырымдық жағалаудың үштен бір бөлігі ғана салынды, жағалаудың қалған бөлігі ерекше қорғалатын аумақ болып жарияланып, мемлекет қорғауында. Ең тар жерінде көлді ұзындығы 120 метрлік көпір кесіп өтеді.

Сипаттама

Көл құрамындағы судың ерекше түсімен танымал. Оның ортасы көгілдір болып, жағаға жақындағанда сүттей ақ түске айналады. Бұл құбылыс су түбінің жағалау қабатындағы бор шөгінділерінен туындайды. Неміс тілінен аударғанда «Weiss» «ақ» дегенді білдіргендіктен ақ көл деп атайды.

Вайсензее Аустриядағы ең таза тау көлі болып саналады. Көктемде және жазда жаңбыр мен тозаңның әсерінен су аздап бұлыңғыр болады. Желтоқсан айының ортасынан наурыздың ортасына дейін Вайсензее көлі 50 сантиметрлік мұз қабатымен жабылып, оның беті үлкен мұз айдынына айналады. Жазда көлдегі су 24°C дейін қызады.

Су тазалығын сақтау үшін көлде моторлы қайықтарға, серуендеу пароходтарына тыйым салынған. Таза ауа, мөлдір су (көл ішуге жарамды) отбасылық демалыс орны үшін қолайлы. Мұнда жүзуге, сүңгуге, серфингке, қалақшамен сырғанау, шаңғымен сырғанау, аквалангпен жүзуге болады. Көлде форель мен көксеркеден бастап шортан мен сазанға дейін балықтың 22 түрі белгілі. Балық аулау маусымы 10 мамырдан 20 қазанға дейін.

Вайсензее көлінің көрнекі жерлері

Жаяу саяхаттауды ұнататындар үшін 930-2300 м биіктікте белгіленген маршруттар бар, олардың 140 шақырымы тау арқылы өтеді. Кәдімгі немесе тау велосипедімен жүруді ұнататындар осында жақсы демалуға болады. Тау велосипедтері үшін барлық қиындықтағы 80 км жақсы белгіленген жолдар бар. Орманда және көл жағасында ұзындығы 3-тен 9 км-ге дейін әртүрлі қиындық дәрежесіндегі 12 жүгіру жолы бар.

Альпі шалғындары мен ормандарында табиғи сұлулық пен ғажайыптарды кқруге болады. Мұнда балалар ойын алаңдары мен бөлмелері, қуыршақ театры және сиқырлы трюктар, ертегіге саяхат, «Kinderkapitaen» кемесімен көлді аралау мүмкіндіктері бар. 200-ден астам түрлі іс-шаралар: көл мен шалғындағы мерекелер, концерттер, балалар мен отбасылық бағдарламалар, концерттер мен ән кештері, экскурсиялар бар.

Дереккөздер

Tags:

Көл Вайсензее МорфометрияКөл Вайсензее СипаттамаКөл Вайсензее Вайсензее көлінің көрнекі жерлеріКөл Вайсензее ДереккөздерКөл Вайсензее

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жай сөйлем және оның түрлеріҚазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымыКөлікКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыҚазақ газетіЕкібастұз көмір алабыСаясаттануАзияҚылмыстық құқықЖасанды интеллектАустралияҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықВолейболҚауіпсіздікӘпке (драма)Абсолют қара денеОйскирхенДәрілік өсімдіктерАуған соғысы (1979—1989)Уильям Роуэн ГамильтонҚарлұқ қағанатыСағатҚазақтарБейімбет Жармағамбетұлы МайлинӨнерТоталитаризмӘбілхан ҚастеевЖүрек ауруларыҒылыми-техникалық революцияДаосизмҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеHTMLДина Кенжеқызы НұрпейісоваЖыныссыз көбеюҚасым ханның қасқа жолыКүйАраб-Израиль соғыстарыСтратегияМал шаруашылығыҚұбыр желісіМитозӘлеуметтік шиеленістерді шешу жолдарыСинонимБесін намазыФизикалық-географиялық аудандастыруКонсументтерҚазақстан әкімшілік бірліктеріОңтүстік-шығыс АзияГаз өнеркәсібіҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріИнсулинТұсаукесерСаяси режимАуыз бекітуТүркияҚытай тарихыМысҚазақша тәулік мезгілдерінің атауларыЗікірАралас құрмалас сөйлемҒылымКөктемОрталық ҚазақстанЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетХалықаралық қақтығыстарНайманАтмосфераЭкологияҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніЖұлдызды аспанТехнологияЖасушаУақыт машинасы (роман)Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарСоциалистік реализмҚазақстан 2050ӨкпеКиіз үй жабдықтары🡆 More