Мұратбек Әбдірақымұлы Бидосов Мұрат

Бидосов Мұрат (Мұратбек) Әбдірақымұлы – қазақстандық  кинорежиссёр, кино және телевизия режиссёрі, кинематограф және продюсер.

(наурыз 2024)

Мұрат Бидосов - алаш қайраткерлерінің өмір жолын, ұлтқа белгілі әйгілі тұлғалардың тағдырын арқау еткен бірнеше телесериалдың режиссері.

Битдосов Мұрат
Бидосов Мұрат Әбдірақымұлы

Өмірбаяны

8 қыркүйек 1971 жылы КСРО, Қазақ КСР, Жамбыл облысында дүниеге келген. 1988 жылы Алматы қаласындағы №86 қазақ-орта мектебін алтын медальмен бітірген. 1996 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бітірді.

Мұратбек Әбдірақымұлы Бидосов Мұрат 
Алматы фильм фестивалі. 2019 ж. Сол жақтан: Жанат Өмірәлі, Мұрат Бидосов. Шыңғыс Әбдібек.

Еңбек жолы

1996 жылдан бастап режиссёр ретінде алғашқы болып қазақстан эстрада жұлдыздырына 200 ден астам бейнеклип пен жарнамалық роликтер түсірді. 1999 жылы телевизияның ең үздік режиссері ретінде «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері атанды. «Хабар» арнасында 2000 - шы жылдары көпшіліктің көңілінен шыққын «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары», «Абайдың қара сөздері», «Ауылдың алты ауызы», «Алтыбақан» тележобаларының режиссері. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып «Ақ сұңқар» және «Алтын алқа» мюзиклін түсірді. 2000 – 2016 жылдары «Хабар» Акционерлік қоғамының» бас режиссері болды. Режиссер ретінде қазақ телевизиясына көптеген өзгерістер алып келді.

Қазақстанда алғашқы болып 42 камералық ПТС-пен ( жылжымалы телевизиялық станция) түсірілім жасады.  
Мұрат Бидосов – Алаш қозғалысы қайраткерлерінің және басқа да танымал қайраткерлердің өмір жолын баяндайтын бірнеше сериалдың режиссері.  
Мұратбек Әбдірақымұлы Бидосов Мұрат 
Львов қаласында, 2021 жылдың соңы.

«Тар заман» сериалы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында көрсетіліп, көрермендердің оң бағасын алды. «Кейкі мерген» сериалы да қоғамда ерекше қызығушылық тудырып YouTube каналында миллиондаған көрермен жинады, бұл 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына тарихи оқиғаларды фильмге бейімдеудегі сәтті қадам деп аталды.

Сондай-ақ «Тасөткел», «Бекзат», «Қаламгер», «Ақылдың кілті» сияқты туындылар жасады.

«Бекзат» көркем фильмі — 2019 жылы "Хабар" агенттігінің тапсырысымен түсірілген. Боксшы Бекзат Саттархановтың есейген шақтарын, спорттық мансап жолындағы бастан кешкендерін, Сидней Олимпиадасында алтыннан алқа таққанын баяндайтын драманы спортшылар мен жерлестері жылы қабылдады және фильм көрермендердің көңілінен шықты.

«Ерте көктем» телехикаясы ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы қазақ мәдениеті мен руханиятының даму кезеңін суреттейді. Аталған тарихи кезең сериалда мемлекет және қоғам қайраткері Санжар Асфендиаровтың, дәрігер-ғалым Халел Досмұхамедовтың, академик Орымбек Жәутіковтың өмір жолы мен қилы тағдырлары арқылы көрініс тапқан.

Фильмография:

Режиссер:

* "Теміртау көктемі" фильмі 2010

* "Ақ сұңқар" фильмі 2010

* «Бақыт құсы» фильмі 2011

* "Бапкер" телехикаясы 2012 «Хабар»

* "Агент Z" телехикаясы 2012 «Хабар»

* "Әпке " телехикаясы 2013 «Qazaqstan»

* "Ақылдың кілті. Өмірдастан" телехикаясы 1 маусым 2015, 2 маусым 2016 «Хабар»

* "Тар заман" телехикаясы 2017 «Qazaqstan»

* "Кейкі мерген" телехикаясы 2018 «Qazaqstan»

* "Бекзат" фильмі 2019 «Хабар»

* "Орбұлақ Шайқасы" телехикаясы 2019 «Qazaqstan»

* "Абай" телехикаясы 2020 «Qazaqstan»

* "Ерте көктем" телехикаясы 2024 «Qazaqstan»

* "Қарасу" телехикаясы 2023 «Хабар»

Продюсер

* "Тасөткел" фильмі 2017 «Хабар»

* "Қаламгер" телехикаясы 2018 «Хабар»

* "Дулати" телехикаясы 2019 «Хабар»

* "Теміртас" телехикаясы 2020 «Хабар»

Арнайы проектілер

* Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсімінің бас режиссері 2006, 2011, 2015.

* ОБСЕ саммитінің бас режиссері; 2010

* ҚР қарулы күштері шеруінің бас режиссері; 2013

* Астана ЭКСПО режиссері. 2017

Марапаттары

* "Құрмет" ордені

* "Ерен еңбегі үшін" медалі

* «Алтын жұлдыз» сыйлығы

* «Мәдениет саласының үздігі».

* «10 жыл Астана» медалі

Отбасылық жағдайы:

Әкесі: Бидосов Әбдірақым Әшірұлы. Анасы: Онғарбаева Бүбіхан Қамбарқызы.

Үйленген, үш баласы бар.

Жұбайы: Исабекова Айман Дулатқызы.

Балалары: Уали, Әлішер, Дәния.

Фильмография, фото, биография. ...

"Бекзат" фильмі

"Тар заман" телехикаясы

"Кейкі мерген" телехикаясы

"Орбұлақ Шайқасы" телехикаясы

"Қарасу" телехикаясы

"Ерте көктем" телехикаясы

"Абай" телехикаясы

"Қаламгер" телехикаясы

"Теміртас" телехикаясы

"Ақылдың кілті. Өмірдастан" телехикаясы

Сілтемелер

Tags:

Мұратбек Әбдірақымұлы Бидосов Мұрат ӨмірбаяныМұратбек Әбдірақымұлы Бидосов Мұрат Еңбек жолыМұратбек Әбдірақымұлы Бидосов Мұрат Фильмография:Мұратбек Әбдірақымұлы Бидосов Мұрат МарапаттарыМұратбек Әбдірақымұлы Бидосов Мұрат Отбасылық жағдайы:Мұратбек Әбдірақымұлы Бидосов Мұрат Фильмография, фото, биография. ...Мұратбек Әбдірақымұлы Бидосов Мұрат СілтемелерМұратбек Әбдірақымұлы Бидосов МұратСанат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ақпан төңкерісіҚызылша (медицина)Жеке еңбек шартыАнықтауышКиноТыныс алуҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніИспанияЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміЖайықАқуызШәкәрім ҚұдайбердіұлыЕтісТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевАққан жұлдыз (роман)Қазақстандағы алюминий кеніМиозинАрал экологиясыСу көлігіЭстрогенРайымбек батырБалқашҰлы Отан соғысыӘл-Фатиха сүресіҚазақстан теңгесіАлаш қозғалысыMicrosoft ExcelҚазақтарЛатын АмерикасыБәйтерек (мифология)БаскетболДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевТуберкулезЛеонардо да ВинчиАстрономияОрталық жүйке жүйесіОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыПневмонияЭкологиялық пирамидаМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚазақстандағы минералды ресурстар38-атқыштар дивизиясыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)ЭпитетТемпераментҚарлығаштарСемей полигоныКубизмЭндемикМұхитТүрік қағанатыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіҚазақ-Жоңғар соғысыӨсімдік шаруашылығыКаспий теңізіҚазақтың ұлттық тағамдарыҚасым ханның қасқа жолыҚой шаруашылығыТүркістан автономиясыҚазақстанның экономикалық аудандарыШығыс Қазақстан облысыКүнделік.кзДидактикаӨркениетГрузияФилипп Исаевич ГолощёкинҚызыл кітапКүй аңызы (әңгіме)Жәнібек ханКөнерген сөздерКерей ханҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыКиіз үйҒылыми стильPythonАфрикаАзотАсық ойыны🡆 More