Qazsport

«Qazsport» — Қазақстан Республикасының «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі мен кабелдік жүйеде хабар тарататын спорттық телеарна.

Qazsport
«Qazsport» телеарнасы
Ел

Qazsport Қазақстан

Хабар тарату уақыты

тәулік бойы

Хабар тарату тілдері

қазақша, орысша

Басқару орталығы

Телеарна және веб-онлайн

Арнаның тақырыптамалары

спорттық

Хабар таратуын бастады

1 шілде 2013 жыл

Иесі

«Қазақстан» РТРК» АҚ

Директоры

Нағи Бақытбеков

Бұрынғы атаулары

KazSport

Туыстас арналар

Қазақстан Qazaqstan
Қазақстан Balapan
Қазақстан Abai TV

Слоган

белгісіз

Сайт

https://qazsporttv.kz/kz/

Қолжетімділік
Эфир
Qazsport Қазақстан

 

Спутник
Intelsat 904

1 

OTAU TV

 

Кабелдік
Алма-ТВ

Digital TV

ICON

 

Қазақстан Республикасының сол уақыттағы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Мәдениет және Ақпарат министрлігіне бірлесіп мамандандырылған спорт арнасын ашу туралы тапсырма берген болатын. Қысқа мерзімде тиісті жұмыстар атқарылып, 2013 жылдың 1 шілдесі күні отандық телеарналар кеңістігінде «Qazsport» спорт телеарнасы өзінің алғашқы хабарларын тарата бастады. Жаңа спорт арнасы «Мәдениет», «Балапан» және 14 аймақтық телеарналар топтасқан «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді. Бұл еліміздің барлық аймақтарынан тікелей эфирде хабар таратуға мүмкіндік береді.

«Qazsport» телеарнасын «Отау TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тартау желісі мен кабелдік жүйеде хабар тарататын операторлар арқылы көруге болады. «Qazsport» телеарнасында таралатын жалпы хабарлардың 70%-ы тікелей және түпнұсқа трансляциялардан тұрады. Олардың негізгісі Қазақстанда кең етек жайған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелер болмақ. Телекөрсетілімдер қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жалпы хабарлардың 20%-н жаңалықтар мен бағдарламалар ал, 10 %-н деректі фильмдер құрайды. Мемлекеттік тұңғыш спорт телеарнасының ашылу мерзімі үш бірдей ірі жарыспен тұспа-тұс келді: «Тур де Франс» велокөпкүндігі (29 маусымнан 21 шілдеге дейін , 2013 жыл), Бүкіләлемдік жазғы Универсиада (6-17 шілде, 2013 жыл), бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты (30 маусымнан 9 шілдеге дейін, 2013 жылы). Аталған спорт шаралары «KAZsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Қазақстандық жанкүйерлер Ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды, ел біріншіліктерін тікелей эфирде көре алады. Атап айтқанда: су спорты түрлері, жеңіл атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, каратэ шито-рю, грек-рим және еркін күрес, ауыр атлетика мен шаңғы спортынан Әлем чемпионатын, волейболдан әйелдер арасында Әлемдік гран-при кезеңдік ойындарын, Неміс бундеслигасын, қысқы және жазғы Универсиада ойындарын, теннистен Wimbledon турнирін, волейбол, ауыр атлетика мен велоспорттан Азия біріншіліктерінен трансляция ұйымдастырылды. Телеарна тәулігіне 20 сағат хабар таратады. «KAZsport» спорт телеарнасының шығармашылық ұжымында өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарады. Олардың арасында Қазақстанның ең үздік спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлденің иегерлері де бар.

Тарихы

2013 жылдың 1 шілдесінде ашылды. Ашылу рәсімі Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» өтті. Спорт арнасы «Мәдениет», «Балапан» және 14 аймақтық телеарналар топтасқан «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді. «QAZsport» телеарнасында таралатын жалпы хабарлардың 70 пайызы тікелей таратылады. Олардың негізгісі - Қазақстанда кеңінен таралған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелер. Спорт шаралары туралы телекөрсетілімдерді белгілі қазақстандық спорт журналистері қазақ және орыс тілдерінде комментарий мен сараптама жасай отырып жүргізеді. Бағдарламалар кестесіне телекөрсетілімдер, жаңалықтар, төл бағдарламалар мен спорттық деректі кино енеді.

Логотиптері

Директорлары

  1. Есей Жеңісұлы (2013)
  2. Диас Ахметшәріп (2013-2014)
  3. Павел Цыбулин (2015-2020)
  4. Нағи Бақытбеков (2020 жылдан бері)

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Qazsport ТарихыQazsport ЛоготиптеріQazsport ДиректорларыQazsport ДереккөздерQazsport СілтемелерQazsportOTAU TVҚазақстан Республикасы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевКорея РеспубликасыЭлектрондық сандық қолтаңбаЖүсіп БаласағұниХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақ газетіАдам даму индексі бойынша елдер тізіміАнықтауышМөде қағанАдамның табиғатқа әсеріСақ мәдениетіЖошы ханҚозғалыс (зат)РобототехникаҚазақстандағы саяси партияларӨсімдік селекциясыАс қорыту жүйесіКөлікЛаңкестік әрекетМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваЕсім ханның ескі жолыЭндокриндік жүйеҚұбыр желісіҚазақстан халқының бірлігі күніБидай (астық)Септік жалғауМорфология (лингвистика)Кенесары ханҚазақстанның тұңғыш мектептеріОрыс халқының материалдық және рухани мәдениетіБақбақСемей полигоныҚазақстанның Мәдени мұра жобасыҚадыр Мырза ӘліАхмет БайтұрсынұлыБарсакелмес қорығыАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіҚұлдықТөтенше жағдайАғзалардың жеке дамуыАлкендерМемлекетҚанҚазақтың ұлттық ою-өрнегіГүлҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыҚайта құру кезеңіЕтісБауырымен жорғалаушыларПартеногенезРайымбек батырИммануил КантИнфрақұрылымКүнбағысТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыГалогендерПопуляцияҚазақстандағы ұжымдастыруВандализмКөне түркі жазбаларыЖәркен БөдешұлыҚазақстанның сыртқы саясатыАлгоритмӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыЛеонардо да ВинчиКеңес Одағының БатырыЖеке еңбек шартыТүпті жуаТұздар (химия)Атом ядросыЖүрекХимия өнеркәсібіБиомеханикаМұхтар ШахановАзамат соғысы1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларҚызылша (медицина)Ресей🡆 More