Өгізшағала

Өгізшағала (лат.

Өгізшағала
Ересек өгізшағала
Ересек өгізшағала
Амандық күйі
Өгізшағала
Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Татреңтәрізділер
Тұқымдасы: Laridae
Тегі: Шағалалар
Түрі: L. cachinnans
Екі-есімді атауы
Larus cachinnans
Pallas, 1811, Каспий теңізі

Сипаттамасы

Ересек өгіз шағаланың басы, мойны, құйрығы, және бауыры ақшыл, ал арқа жоны мен қанат қауырсындары күңгірт сұр болып келеді. Тұмсығы сары, ұшы қызыл сарғыш келеді. Қара түсті қанатының ұшы ақ теңбілді, аяғы – қызғылт. Қыста төбесінде қошқыл секпілдер болады. Дене тұрқы 60 см-дей, қанатын жазғандағы алымы – 1,3 м, салм. 700 – 1800 г., қанаты 400-485 мм, табан сүйектері 55-88 мм, тұмсығы 47-65 мм. Өгізшағала Қазақстан жеріндегі шағалалардың ең ірісі.

Мекені

Тұзды және ірі тұщы су қоймаларын мекендейді. Өгізшағала – солт-те жыл құсы, оңт-те отырықшы құс. Қазақстанға ерте көктемде (наурыздың басы) ұшып келіп, БалқашАлакөл ойысында, Шалқартеңіз, Зайсан көлінің маңында жеке жұптасып, кейде шоғыр түзіп, ұя салады.

Тұрмыс қалпы

Негізгі қоректері шаян тәрізділер мен моллюскалар, сондай-ақ балықтармен, кеміргіштермен, жұмыртқалармен және құстардығ шақа балапандарымен де қоректенеді. Ұясын қамыс пен шөптен салады, кейде табиғылығын сақтау үшін қарапайымдау етіп, кейде айқындап салады . Төсеніш ретінде құрғақ шөп шалаң мен қауырсындарды пайдаланады. Ұяларының көлемі 9 дан 30 см дейін жетеді, диаметірі 20-40 см , кейде одан да үлкен болады. Ұясына 3 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларының түсі ашық-жасыл немесе қоңыр қылаң түстес болады, қою сұр теңбілдері бар . Жұмыртқаларының көлемі 69 х 49 мм. Өгіз шағала - мамыр-маусым айларында топтасып келіп ұя сала бастайды. Бірінші жұмыртқасынан бастап басып оны 26 тәуліктей шайқайды. Қатпайтын теңіздердің жағасын қыстап шығады.

Балапандары бір жарым айда қанаттанып ұшады, суда жақсы жүзеді. Өгізшағала – шағалалардың ішіндегі жыртқышы. Қорек талғамайды, ұсақ кемірушілерді, балықтарды, жәндіктерді жейді. Қыс түсе бастағанда жылы жаққа ұшып кетеді. Отырықшы түрлері Каспий және Арал т-дерін қыстайды.

Дереккөздер


Tags:

Өгізшағала СипаттамасыӨгізшағала МекеніӨгізшағала Тұрмыс қалпыӨгізшағала ДереккөздерӨгізшағалаЛатын тіліШағала

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қоршаған ортаның ластануыМәдени мұраАқан серіАвтокөлік шығаратын елдер тізіміГендік инженерияСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)ЕртісМұнай өнеркәсібіӨсімдіктерҚазақстан 2050ЭндемикӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыЖүйке жүйесіПедагогикаМұстафа Кемал АтатүрікТұтынушыларАлланың есімдеріАққулар ұйықтағандаАллитерацияБиомеханикаФотосинтездің жарық және қараңғы фазаларыДемографияФантастикаМахаббат, қызық мол жылдарГормондарБайқоңыр (ғарыш айлағы)ФутболҚұқықПлагиатПысықтауышБесін намазыШығыс ҚазақстанМұстафа ШоқайАнтигитлерлік коалицияАманжол Дүйсенбайұлы ӘлтаевПродуценттерЖеңіс күніБактерияларТұрар РысқұловЭвакуацияАзаматтық құқықҰшқан ұяӨзбектерДНҚСперматозоидМұхтар Омарханұлы ӘуезовОтбасыМетаморфтық тау жыныстарыЯдродағы нуклондардың байланыс энергиясыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіӘйтеке биБейімбет Жармағамбетұлы МайлинМюнхен келісіміАқтөбеШыңғыс ханҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемБұқаралық ақпарат құралдарыХақназар ханМутацияҚұбыр желісіЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановФерменттерАвтотрофтарҚазақ билеріЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Еуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміЕуразияСиырҚазақстанның тұңғыш мектептеріСақ мәдениетіСалауатКітапханаОқшау сөздерБатыс Қазақстан облысыМиАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыҮйсін мемлекетіФилипп Исаевич Голощёкин🡆 More