Теннис Үлкен Дулыға Турнирлері

Үлкен дулыға турнирлері немесе Мэйджорлар — барлық жарыстардан маңызы жағынан да, беделі жағынан да жоғары тұратын 4 турнир.

Футболшылар үшін футболдан әлем чемпионатын ұтып алу қандай маңызды болса, кәсіпқой теннисшілер үшін де Үлкен дулыға турнирлерінің төртеуін де бір жылда ұтып алу - өте жоғары көрсеткіш. Бұл турнирлерді ұтудың бірнеше артықшылықтары бар. Мысалға, бұл турнирлер көптеген рейтингтік ұпайларды, қомақты ақшалай сыйақыларды, сонымен қатар, БАҚ пен қоғамдағы үлкен танымалдылықты әкеледі. Бұл турнирлердің қатарына Теннистен Аустралияның ашық біріншілігі (қаңтардың ортасында), Теннистен Франция ашық біріншілігі (мамырдың соңы мен маусымның басы аралығында), Уимблдон турнирі (маусымның соңы мен шілденің басы аралығы) және Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігі (тамыздың соңы мен қыркүйектің басы аралығы) жатады. Әр турнир екі аптадай ойналады. Аустралия және АҚШ біріншіліктері хард кортта, Франция ашық біріншілігі грунтты кортта, Уимблдон турнирі грасс кортта ойналады. Үлкен дулыға термині Grand Slam сөзінен шыққан. Негізінен Үлкен дулыға дегеніміз - осы турнирлерді бірінен соң бірін бір жылда ұтып алу. Үлкен дулығаны ұтып алудың 5 түрі бар: ерлер арасындағы жекелей сын, әйелдер арасындағы жекелей сын, екі ер адамның қосылып жұптық сындағы жарысы, дәл осындай әдіспен әйелдер де жұптасып ойнау жарысы және микст бәсекесі.

Төрт турнирді де ұтып алу, бірақ бұл жетістікті бір жылда жүзеге асырмау Карьералық Үлкен дулыға деп аталады. Егер теннисші төрт турнирді де бір жылда ұтып алса және Жазғы Олимпиадалық ойындарда да алтын медаль иеленсе бұл Алтын Үлкен дулыға деп аталады. Алтын Үлкен дулығаны ұтып алу теннисшілер арасындағы ең жоғары шың.

Үлкен дулыға сөзі қайдан шықты?

Үлкен дулыға термниніннің пайда болуы 1933 жылдармен сәйкестендіріледі. Аталмыш жылда Аустралиялық Джек Кроуфорд Нью-Йоркта үш турнирді де ұтып, ең соңғы мэйджор, АҚШ ашық біріншілігінің финалына шығады. Финал алдында Нью-Йорк Таймс газетінің спорттық коментаторы Джон Киран өз таңданысын білдірген болатын: Кроуфорд бұл жылы керемет жетістіктерге жетті. Ол Францияда Кошені ұтты. Ол Уимблдонды бағындырды. Оның үстіне еншісінде аустралиялық титул да бар. Егер де ол бүгін Форест Хиллсті ұтатын болса, онда ол биылғы мэйджорлардың бәрін де ұтып алады. Бұл корттағы Үлкен дулығаны ұтып алғанмен тең. Алайда, Кроуфорд финалда ұтылып қалды. Бұған қарамастан, коментатордың корттағы Үлкен дулыға деген сөзі қолданысқа еніп кетті. Сонымен қатар бір жылда үш мэйджорды ұтып алған, ал біреуінде жолы болмаған теннисші Кіші дулығаны ұтып алды дегендей терминдер де бар.

Тарих беттерінен

Ең жасы үлкен турнир - Уимблдон. Ол 1877 жылдан бастау алған. Ал АҚШ ашық біріншілігі 1881 жылдан, Франция чемпионаты 1891 жылдан, Австралиялық чемпионат 1905 жылдан бері жыл сайын тұрақты ойналынып келеді. Алайды, бастапқыда бұлардың арасынан тек Уимблдон ғана "мэйджор" болып саналды. Тек 1924/25 жылдардағы теннис маусымынан бастап қана төртеуі де Үлкен дулыға турнирлері қатарында.

Үлкен дулыға иегерлері

Үлкен дулығаның жекелей сындағы иегерлері

Үлкен дулығаны иелену өте жоғары жетістік болса, оны ұтып алу да өте қиын жұмыс. Санаулы адамдарға ғана мұндай бақыт бұйырған. Бұған ерлер арасындағы жекелей сында Дональд Бадж (1938) және Род Лейвер (1962 және 1969) қол жеткізген. Әйелдер арасында — Морин Конноли (1953), Маргарет Смит Корт (1970) және Штеффи Граф (1988). Сонымен қатар, Штеффи Граф Үлкен дулыған ұтқан жылы Сеул Олимпиадасында алтын медаль иеленіп, Алтын Үлкен дулығаны иеленді. Жасөспірімдер арасындаҮлкен дулығаны ұтқан тек бір-ақ адам. Ол - Стефан Эдбергтің 1983 жылғы жетістігі.

Үлкен дулығаның жұптық сындағы иегерлері

  • Ерлер арасындағы жұптық сын: Австралиялық Фрэнк Седжман және Австралиялық Кен Макгрегор (1951).
  • Әйелдер арасындағы жұптық сын: Америкалық Мартина Навратилова және америкалық Пэм Шрайвер (1984).
  • Микст: Австралиялықтар Маргарет Смит Корт және Кен Флетчер (1963).

Рекордшылар

Үлкен дулыға иегерлерінің көпшілігі көптеген жылдар бұрын өз жетістіктеріне қол жеткізген. Қазіргі таңда мұндай шебердің болмауының басты себебі тапсырманың қиындап кетуінің әсерінен. Себебі бұрын төрт мэйджор да бірдей корттарда ойналатын болса, уақыт өте келе тапсырма қиындатылып, Уимблдонда шөпте, Францияда грунтта, яғни, қатты топырақта немесе құмда, ал Австралия мен АҚШ ашық біріншіліктері хард кортта ойнатылатын болды. Әртүрлі корттарда өз спорттық формаңды сақтау өте қиынға соғады. Жекелей сында Үлкен дулыға турнирлерін ең көп ұтқан - швейцариялық Роджер Федерер. Ол 17 рет төрт мэйджорды ұтқан: 7 рет Уимблдонда, 5 рет АҚШ ашық бірінішілігінде, 4 рет Австралияда, 1 рет Роллан Гарроста жеңіске жеткен. Федерер 2009 жылдың 5 шілдесінде Уимблдон бәсекесінің финалында Энди Роддикті ұтып, Үлкен дулыға турнирлерін ұтудан абсолютті чемпион болды.

  • Американдық Пит Сампраста 14 титул
  • Испандық Рафаэль Надальда 14 титул
  • Австралиялық Роя Эмерсонда 12 титул
  • Швециялық Бьорн Борг пен Род Лейверде 11 титулдан.

Әйелдер арасында ең көп титул Маргарет Кортта 24 титул: 11 титул Австралиядан, 5 титул Франциядан, 5 титул АҚШ-тан және 3 титул Уимблдоннан. Екінші орында Штеффи Граф 22 титулмен: 4 титул Австралиядан, 6 титул Франциядан, 7 титул Уимблдоннан и 5 титул АҚШ-тан.

Карьералық Үлкен дулығаның иегерлері

Карьералық үлкен дулыға деген әртүрлі жылдардағы төрт мэйджордың иегерлері

  • Ерлер арасындағы жекелей сында: Фрэд Перри («карьералық дулығаны» 1935 жылы Ролан Гарроста жинады), Дональд Бадж (Ролан Гаррос-1938), Род Лейвер (US Open-1962), Рой Эмерсон (Уимблдон-1964), Андре Агасси (Ролан Гаррос-1999), Роджер Федерер (Ролан Гаррос-2009) және Рафаэль Надаль (US Open-2010).
  • Әйелдер арасында: Морин Конноли (Ролан Гаррос-1953), Дорис Харт (US Open-1954), Ширли Фрай (Australian Open-1957), Маргарет Корт (Уимблдон-1963), Билли Джин Кинг (Ролан Гаррос-1972), Крис Эверт (Australian Open-1982), Мартина Навратилова (US Open-1983), Штеффи Граф (US Open-1988), Серена Уильямс (Australian Open-2003) және Мария Шарапова (Ролан Гаррос-2012).
  • Ерлер арасындағы жұптық сында: Рой Эмерсон (Australian Open-1962), Паул Хархёйс (Уимблдон-1998), Йонас Бьоркман (Ролан Гаррос-2005), егіздер: Майк Брайан және Боб Брайан (Уимблдон-2006), Даниэль Нестор (Уимблдон-2008), Леандер Паес (Australian Open-2012).
  • Микст: Жан Боротра (Australian Championships-1928), Даниэла Гантухова (US Open-2005), Махеш Бхупати (Australian Open-2006).


Алтын дулыға иегерлері

Алтын дулыға - 4 мэйджордағы жеңіс + Олимпиада алтыны

  • Күнтізбелік алтын дулыға, әйелдер арасындағы жекелей сын - Штеффи Граф (1988)
  • Карьералық Алтын дулыға, әйелдер арасындағы жекелей сын — Пэм Шрайвер (1988).
  • Карьералық Алтын дулыға, әйелдер арасындағы жекелей сын — Джиджи Фернандес (1993).
  • Карьералық Алтын дулыға, ерлер арасындағы жекелей сын — Андре Агасси (1999).
  • Карьералық Алтын дулыға, ерлер арасындағы жұптық сын — Тодд Вудбридж және Марк Вудфорд (2000).
  • Карьералық Алтын дулыға, әйелдер арасындағы жұптық сын — [[Винус Уильямс және Серена Уильямс (2001).
  • Карьералық Алтын дулыға, ерлер арасындағы жекелей сын — Рафаэль Надаль (2010).
  • Карьералық Алтын дулыға, әйелдер арасындағы жекелей сын — Серена Уильямс (2012).
  • Күнтізбелік емес Алтын дулыға, ерлер арасындағы жұптық сын — Боб Брайан және Майк Брайан (2012-13).

Cілтемелер

https://www.duhoctrungquoc.vn/wiki/en/Grand_Slam_(tennis)#Career_Boxed_Set

Қосымша

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Grand Slam (tennis)

Tags:

Теннис Үлкен Дулыға Турнирлері Үлкен дулыға сөзі қайдан шықты?Теннис Үлкен Дулыға Турнирлері Тарих беттеріненТеннис Үлкен Дулыға Турнирлері Үлкен дулыға иегерлеріТеннис Үлкен Дулыға Турнирлері CілтемелерТеннис Үлкен Дулыға Турнирлері ҚосымшаТеннис Үлкен Дулыға ТурнирлеріБАҚМамырМаусымТамызТеннистен Аустралияның ашық біріншілігіТеннистен АҚШ-тың ашық біріншілігіТеннистен Франция ашық біріншілігіУимблдон жарысыФутболҚаңтарҚыркүйек

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріБуддизмҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЛуврЫбырай АлтынсаринЖақсыз сөйлемОм заңыФутболТыныс алу жүйесіБәйтерек (мифология)Халықаралық балалар күніФотосинтезҚазақстан аудандарыНорвегияОрталық жүйке жүйесіМағжан Бекенұлы ЖұмабаевГерманияТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыЖүсіп БаласағұниЛенинград шайқасыЭлектрокардиографияКүй аңызы (әңгіме)Қазақстан тарихы1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҚазақстан қорықтарының тізіміКүнделік.кзҚазақстандағы су тасқыны (2024)Сан есімНарықтық экономикаҚоршаған ортаның ластануыҚайыңЭкономикалық қатынасМагнит өрісіҚазақ руларыМобильді қосымшаларТабиғи радиоактивтікФотоэлектрлік құбылыстарҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатҚызғалдақАнықтауышЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларЕсімдікАсан қайғы СәбитұлыБарсакелмес қорығыЖаңа экономикалық саясатЭкономикаАқан серіҚосарлы ұрықтануСын есімДүниежүзінің табиғат ресурстарыШыңғыс ханЖүрек-қантамырлар жүйесіҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміИранҚазақстан мәдениетіМұхитқа шыға алмайтын елдерАлматыМезозойӘпке (драма)Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерТәттімбет ҚазанғапұлыАбай ҚұнанбайұлыРесейРасул Ғамзатұлы ҒамзатовАмерикадағы азамат соғысыМіржақып ДулатұлыҰрықтануДидактикаҚазақ билеріҚазақ тіліАрқарҚой шаруашылығыТүркістан автономиясыСарқылатын ресурстарАҚШ экономикасыЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізімі🡆 More