Қыз Жасауы

Қыз жасауы – жасау дайындығын қыздың кішкене кезінен бастайды да, оған әке-шешесімен бірге туған-туыстары да өз үлестерін қосып, кем-кетігін толықтырады.

Сонымен қатар жасау дайындауға қыздың өзін де кірістіріп, ісмерлікке тәрбиелеген. Жасауды апарар алдында ауыл болып жиналып, сыннан өткізіп, тыңғылықты дайындық жасайды. Қыздың жасауы ағайын-туыстың береке-бірлігі және әр үйдің мал-дәулетіне, хал-ахуалына байланысты әртүрлі мөлшерде болады.

Жасауға берілетін 8-9 түрлі мал-мүліктердің (ақ отау, көрпе-жасау, киім, ыдыс-аяқ, көлік, сауын, сойыс малы, қару) арасынан киім-кешектің орны бөлек және әрқайсысы тоғыздан: тон, ішік, көйлек-көншек, шапан, қамзол, бешпент салынатын болған. Жасаудың мөлшері құдандалы екі жақтың өзара келісімімен әрқилы деңгейде болса да, жігіт жағынан берілетін қалыңмал, кәде,жыртысымен пара-пар болуы шарт.

Қазіргі кезде қыздың жасауына оюлы, сырылған көрпелерді арнайы тапсырыспен тіккізеді. Әрбір ана осы көрпелердегі ою-өрнек арқылы өзінің сүйікті қызына жүрегінің бір бөлшегін бөліп бергендей еңбектенеді. Сонымен қатар, қолдың көрпесі дүкен көрпесінен жылығымен, ішіне салған салмасының жылжымай қапсырылып тігілуімен, ұзақ уақытта жарамдылығымен бағаланады.


Жасауға кіретін заттар:

9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады.

  • төсек-орын
  • сандық
  • 3 көрпе тыстары
  • 2 жастық
  • 2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді
  • 9 қол орамал
  • ыдыс-аяқ
  • 2 шелек
  • 2 ет табақ
  • қасықтар, пышақ, шөміш, кепсер
  • терезе пердесі
  • төсек жабқыш
  • басқа тағатын орамал,
  • көйлектік материал, оны да 10-20 әр түрлі материалдан 2-3 метр бөлігінде алып қою керек, әр нәрсені ашқан кісілерге беріп отырады

Бұл жерде тізім жалпылама түрде жазылған.

Жасау ашылған соң орындалатын салт-дәстүрлер:

Апарған жасауға әр қашан құдалар жағы баға береді, бұл салтты «жасау бағасы» деп атайды. Баға берген адамға жоралғы жасалады. Жоралғыға көйлектік материал, тәттілер, ыдыс -аяқ беруге болады. Қыздың жасауын жігіттің жеңгелері жинайды. Жинаған жеңгеге де жоралғы жасалады: көлейктік мата мен орамал беріледі.

Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шыңғыс хан әулетіРақымжан ҚошқарбаевXV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіМутацияҚұқықтық мемлекетНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевЖұқпалы ауруларҚазыбек биКөкпарРахымжан ОтарбаевТөле биҚойҚұстарРим империясыТүркілерӨсімдік ұлпасыМәтінҚыпшақтарЕсік Алтын адамыЕскендір ЗұлқарнайынЖүрек ауруларыОтырар апатыАллитерацияСұлтан БейбарысФутболЖүрекҒұндар мемлекетіҚазақтың 500 ән-күйіШектіАлгоритмСаңырауқұлақтарҚазақ мәдениетіБіләл СүлеевДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновШежіреГенетикаТас дәуіріКорея РеспубликасыТамыр (өсімдік органы)Міржақып ДулатұлыЖасушаШәмші ҚалдаяқовКүкірт қышқылыҚасым АманжоловҚазақстан өзендеріТрансформаторАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыҚытайОрыстарӨскеменМәдени мұраЭкологияҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЛинкольн-Дуглас пікірталастар форматыЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақ газетіҒұсылАдамаралық қарым-қатынасСауд АрабиясыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваГрузияШайбалы хоккейҚожа Ахмет ЯсауиШығыс Түрік қағанатыАбайдың қара сөздеріПублицистикалық стильГормондарИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚоғамМикроорганизмҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміМеталдарЖеті қазынаЕтістікЗекетСәбит Мұқанұлы МұқановЭстетикаЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы🡆 More