Эдуард Амвросиевич Шеварднадзе

Шеварднадзе Эдуард Амвросиевич (25.

1.1928 жыл, Ланчхути ауданы Мамати ауылы - 7. 07. 2014, Тбилиси) — саяси қайраткер, Грузия президенті (1995 — 2003).

Эдуард Амвросиевич Шеварднадзе
Шеварднадзе Эдуард Амвросиевич. 1997 жыл, 17 шілде.
Эдуард Амвросиевич Шеварднадзе
Жас Эдуард Шеварднадзе суретте оң жақта тұр. 1955 жыл.

Тбилиси медицина техникумын, Грузия Компартиясы ОК партия мектебін (1951), Кутаиси мемлекеттік педагогикалық институтын тарих мамандығы (1959) бойынша бітірген. 18 жасынан бастап комсомол қызметінде болып, Грузия ЛКЖО ОК-нің 1-хатшысына дейін көтерілді (1957 — 61). 1961 — 68 жылы Шевардназде алғашында Мцхети ауданы партия кеңесінің, кейіннен Тбилиси қаласындағы аудан партия кеңесінің 1-хатшысы болды. 1968 — 1972 жылы Грузия КСР-і ішкі істер министрі, 1972 — 1985 жылы Грузия Компартиясы ОК-нің 1-хатшысы, 1985 — 91 ж. КСРО Сыртқы істер министрі болды. Соңғы қызметінде жүргенде Ш. АҚШ пен КСРО арасындағы “қырғи қабақ” соғыс саясатын бәсеңдетуге, ядролық қаруды қысқартуға, кеңестік әскерлерді Ауғанстаннан әкетуге үлкен үлес қосты. 1992 жылы наурызда халықтың шақыруымен Грузияға оралып, ел президенті болған З.Гамсахурдияны биліктен кетіргеннен кейін құрылған Мемлекет Кеңестің төрағасы, сол жылы қазан айында өткен парламент сайлауы нәтижесінде Грузия парламентінің төрағасы болды. Осы жылдары ол өзінің аса бай дипломатиялық, саяси тәжірибесіне сүйене отырып, Грузияны азамат соғысынан сақтап қалды. 1995 жылы 5 қарашада бүкіл халықтық сайлаудың нәтижесінде Грузия президенті болып сайланды. 2000 жылы 9 сәуірдегі кезекті президент сайлауында сайлаушылардың 80% дауысына ие болып, Грузия Республикасының президенті болып қайта сайланды. Дегенмен, ол Грузияны әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығара алмады. Керісінше Абхазия, Оңтүстік Осетия, Аджария автономия республикалары жөніндегі мәселелер ушығып, елді әлденеше рет азамат соғысы жағдайына алып келді. Дағдарыстың тереңдей түсуі 2003 жылдың соңында елдегі мемлекет төңкеріске әкеп соқты. Грузия тарихында “раушан гүлі революциясы” деп атанған бұл оқиғаның нәтижесінде Шеварднадзе биліктен кетіп, президент болып М.Саакашвили сайланды. Шеварднадзе Грузия президенті қызметін атқарған кезде “Грузия азаматтарының Одағы” партиясының жетекшісі болды.

Шевардназде Гарвард, Бостон, Атланта, Лос-Анджелес, Провиден (АҚШ), Триест (Италия) университтерінің құрметті докторы атағын иеленді. “Менің таңдауым” атты монографиясы мен бірнеше басқа да еңбектері жарық көрген. Шевардназде Социалистік Еңбек Ері, бес рет Ленин орденімен, Қазан революциясы және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен, шетелдік ордендермен марапатталған. Мемлекет басшысы ретінде бірнеше рет Қазақстанда ресми сапармен болып қайтты.

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

1928 жыл2014ГрузияПрезидентТбилиси

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіСөз табыЖай механизмАқпарат технологиясыӘміре Қашаубаев18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыЭкстремизмХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚырғызстанДыбысМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚазақстан экономикасының тарихыАс қорыту жүйесіТүйелерСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайТұрақты сөз тіркесіДүниежүзілік көрме (2017)Ғаламдық экологиялық проблемаларАлаш қозғалысыБұрыш (геометрия)Магмалық тау жыныстарыКубизмӘбу Райхан әл-БируниКөміртегіҒұндарКеңес Одағының білім беру жүйесіРайымбек батырТегеран конференциясыДНҚДамушы елдерБасты бетМәшһүр Жүсіп КөпейұлыЕсім ханның ескі жолыАлмазҚазақстан мәдениетіҚазақтың ұлттық ою-өрнегіҚазақстан 2050Жүрек-қантамырлар жүйесіЖақсыз сөйлемИосиф Виссарионович СталинМиЖеті қазынаУнитарлы мемлекетТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыДенсаулықДемократияҚорықтарЕсік Алтын адамыТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЖелтоқсан көтерілісіҚан1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықҰлыбританияҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніКаспий экологиясыЖасуша316-атқыштар дивизиясыТеатрТоғыз-құмалақҚазақ әліпбиіОттегіАвторлық құқықҚазақстандағы транспортАбай ҚұнанбайұлыӘлем елдерінің тізіміКонституцияСұрыптауӨңдеуші өнеркәсіпОрталық ҚазақстанКүн жүйесіМагнит өрісіСоқырішекҚазақстан қорықтарының тізіміЭкспрессионизмОрта ғасырлардағы мәдениетҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевБұқар жырау ҚалқаманұлыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы🡆 More