Трансгуманизм

Трансгуманизм (ағылш.

Трансгуманизм
Трансгуманизм логосы

Дәстүрлі гуманизмнің кең таралған жаңа нұсқасы ретінде, трансгуманизм ойшылдары адамның фундаменталды шектемелерін жеңе алатын перспективті технологиялардың пайдалы және қауіпті әлеуетін, сондай технологияларды қолдану этикасын зерттейді. Кей трансгуманистердің пікірінше, адамзат болашақ постадам деңгейіне лайық болу үшін, қазіргі жағдай мен мүмкіндіктерден барынша асып түскен, аса жетілген, барынша кеңейген қабілеттері бар тіршілік иесіне айналуы тиіс.

Трансгуманизмдік зерттеулердің тағы бір тақырыбы, адамзатты ядролық соғыс, вирустар шабуылы, немесе астероидтар соқтығысуы сынды экзистенциалды қауіптерден қалай қорғауға болатынын шешу, әсіресе адамзат тұқымын өзге кеңістіктерге ғарышқа себуге талпыну.

Биолог Жулиан Хаксли өзінің 1957 жылғы ықпалды эссесінде трансгуманизм терминін танымал етті. "Трансгуманизм" терминін қазіргі мағынада алғаш сәулелендірген - футурологияның алғашқы профессорларының бірі, есімін FM-2030 деп өзгерткен кісі (әуелгі есімі Ферейдун М. Эсфандиари, Белгияда туылған парсы текті американ) болатын. FM-2030 Нью-Йорктегі Жаңа Мектепте (The New School) 1960 жылдары "адам туралы жаңа ұғым" тақырыбында дәріс өте бастайы. Ол технология, өмірсалты және дүниетанымдық көзқарастары "постадамға" қарай бейімделген өткінші адам сатысын "трансадам" деп анықтады. Бұл анықтама британ философы Макс Мордың 1990 жылдары футуристік философия ретінде трансгуманизм қағидаларын тұжырымдай бастауына дәйек болды, әрі Калифорнияда ой мектебінің (school of thought) ұйымдастырылуына және содан бергі дүниежүзілік трансгуманистік қозғалыстың қалыптасуына интеллектуалды негіз қалады.

Трансформацияланған болашақ адамзаттың трансгуманистік болмысы ғылыми фантастикалық жасампаз шығармалардың әсерінде философиялық және діни перспективадағы көптеген жақтастар мен қарсыларды туғызды.

2017 жылы Пенн Стейт университетінің баспасы философ Стефан Лоренц Соргнермен және әлеуметтанушы Джеймс Хьюзбен бірлесіп, Постадам Зерттеулері журналын (Journal of Posthuman Studies) шығарды. Ол постадам туралы алғашқы академиялық журнал болып, онда постгуманизм және трансгуманизм туралы түсініктерді нақтылау, олардың ортақтықтары мен өзгешеліктерін айқындау мақсатындағы зерттеулер жарияланды.

Тарихы

Трансгуманизмнің прекурсорлары

Ник Бостромның пікірінше, өздік-трансценденттену импульстары, мысалы әлемдегі ең ежелгі әдеби шығарма есептелетін Гильгамеш жайлы эпостағы Гильгамештің өлім сырын іздеуі оқиғасында, сондай-ақ Жасартқыш бұлақ ертегісінде, Өмір эликсирі аңызында, және қартаюды болдырмауға, ажалсыздыққа бағытталған тарихи ізденістерде көрініс тапқан.

Данте Алигьери өзінің "Құдіретті комедиясындағы Парадисоның бірінші кантосында "адам табиғатынан озу, адам табиғатының сыртына шығандау" деген мағыналарды білдіретін "trasumanar" сөзін қолданған.

Трансгуманизмнің тағы бір алғашқы прекурсоры Рене Декарт есептеледі, ол өзінің «Әдіс туралы пайым»,(Discours de la méthode) (1637) еңбегінде ақыл-ойды күшейтетін, тіпті дене ажалсыздығына жеткізетін медицинаның жаңа түрін қиялдайды.

"Саяси әділеттілік" (1793) еңбегінің бірінші басылымында Уильям Годвин "жер бетіндегі ажалсыздық" (қазір "дене ажалсыздығы" делінеді) мүмкіндіктерін растайтын дәлелдерді қарастырады. Годвин сондай-ақ 1799 жылы жарық көрген готикалық "Әулие Леон" романында ғұмырды ұзарту мен ажалсыздық тақырыптарын сипаттайды. "Әулие Леон" романы Годвиннің қызы Мэри Шеллидің әйгілі Франкенштейн романына шабыт берген болуы мүмкін.

Фридрих Ницше философиясы адамның технологиялық трансформациясынан гөрі өзін-актуалдандыруға баса назар аударғандықтан, оның "Ғаламатадамын" ("Übermensch", немесе "супермен") асқақ, суперлігіне бола трансгуманизм идеясы деп санауға бола ма деген пікірталас бар. Макс Мор мен Стефан Лоренц Соргнердің трансгуманизм философиясына ницшелік ойлау моделі аса қатты әсер еткені мәлім. Дегенмен, "Трансгуманист Декларациясында":[18] "...барлық сезімділердің (мейлі жасанды интеллект болсын, адам болсын, постадам болмысын, немесе жануар болсын) бақытын жақтайды ». Ескерерлігі, Ницшенің ғаламатадамы технологиялық прогресске онша қатысты болмауымен ерекшеленеді.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

Трансгуманизм ТарихыТрансгуманизм Сыртқы сілтемелерТрансгуманизм ДереккөздерТрансгуманизмАғылшын тіліФилософия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Эндокриндік жүйеТабынШілдеханаЖаңа білім беру жүйесіАңыздың ақырыЖамбыл ЖабайұлыАй (серік)МысықАмерика Құрама ШтаттарыКорея РеспубликасыСанжар Сейітжафарұлы АсфендиаровОрталық АзияМұхаммед ШайбаниЗәр шығару жүйесіҰшқан ұя (повесть)Ерке сылқым (күй)Қазақстанның мемлекеттік құрылымыСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)ЖасушаҚазақтың ұлттық тағамдарыҚұндылықСиқымҚабанбай батырСын есімнің шырайларыБалықтарТөлеңгіттерҮндестік заңыНАТОЕтісЖоспарлы экономикаБеташарСыбайлас жемқорлықАтомДебатОрбұлақ шайқасыЕртісҚазақ философиясыӘн-Ниса сүресіҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыАрғынАбайтануТарихКореяХалық тығыздығыҚанАлаш ОрдаҚазақша УикипедияМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваЭрих Мария РемаркҚазақ газетіҚателік сәждесіБерішШыңғыс хан әулетіЗат алмасуЭкологиялық проблемаОттегіСүндеттеуАутизмХлорОмонимҚазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік КомитетіӨскеменОртағасырИстиғфарБактерияларӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаТүркістан автономиясыАтырауТүркістан облысыАзамат соғысыГастритАманкелді Үдербайұлы ИмановҚазақстан экономикасының тарихыСамаурынТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріАс беруҚазақтарЖануарлар🡆 More