Теңіз Мұнай Кен Орны

Теңіз Мұнай Кен Орны Басқа мағыналар үшін Теңіз (айрық) деген бетті қараңыз.

Теңіз мұнай кен орны — Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі. Теңіз кен орны 1981 жылы ашылған, № 1 ұңғымасынан мұнайдың фонтанды ағыны алынған. Кен орнының ең бірінші технологиялық схемасы Гипровостокнефть институтымен 1986 жылы құрастырылған және КСРО Миннефтепроммен бекітілген.

Теңіз мұнай кен орны
46°09′10″ с. е. 53°23′00″ ш. б. / 46.15278° с. е. 53.38333° ш. б. / 46.15278; 53.38333 (G) (O) (Я) 53°23′00″ ш. б. / 46.15278° с. е. 53.38333° ш. б. / 46.15278; 53.38333 (G) (O) (Я)
ЕлТеңіз Мұнай Кен Орны Қазақстан
АймақАтырау облысы
Ашылған уақыты1979 жыл
Теңгерімдік қорлары3,1 млрд тонна мұнай
Жылдық өнімі25 млн
Жер қойнауын пайдаланушыТеңізшевройл
Теңіз мұнай кен орны (Қазақстан)
Теңіз Мұнай Кен Орны
Теңіз мұнай кен орны

: 2 жолдағы кескін жарамсыз, әрбір жол мынаның біреуінен басталу қажет:

Теңіз Мұнай Кен Орны
Теңіз мұнай кен орны

Теңіз кен орны 1991 жылдың сәуірінде тәжірибелі - өндірістік эксплуатацияға енгізілді, ал 1993 жылдың 6 сәуірінен бастап кен орынды «Тенгизшевройл» компаниясы игере бастады.

Кен орын туралы жалпы мәліметтер

Әкімшілік жағынан алғанда Теңіз кен орны Қазақстан Республикасының Атырау облысындағы Жылыой ауданында орналасқан. Географиялық жығынан кен орын Каспий маңы бассейнінің оңтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан. Осы аймақтағы барланған мұнай қорының негізгі бөлігі бойынша палеозой қимасының тұз асты бөлігіне кіреді. Бұл жерде Теңіз кен орнынан басқа тұз асты қабатына жататын бірнеше мұнай, газ және конденсат кен орындары бар. Оларға Қарашығанақ, солтүстіктегі Оренбург, Кеңқияқ және солтүстік-батыстағы Жаңажол, батыстағы Астрахань сияқты кен орындары және жақында ашылған Каспий теңізі шельфінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Қашаған кен орны жатады. Теңіз кен орны диаметрі 500 км болатын ірі шеңбер тәрізді карбонатты құрылым кешенінің бөлігі болып табылады және бұл құрылымға Королев, Каратон, Тәжғали, Пустынная және Қашаған кен орындары кіреді.

Климаттық ақпараттары

Рельефтің орташа абсолюттік белгілері минус 25 м құрайды. Шөл далаға лайықты, территория өсімдіктері кедей және тікенекті. Жантақ, жусан көп тараған әр жерде қамыста кездеседі. Өсімдік әлемінің кедейлігіне тәуелді жануар әлемі де аса байлығымен ерекшеленбейді, жануарлар әлемінің басым бөлігін кемірушілер тобы құрайды. Өзендер жүйесі жоқ. Аймақ климаты күрт континентальді қысы суық (-300С дейін), жазы ыстық (+ 450С дейін). Әдетте қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыздың аяғына дейін сақталады.Топырақтың қату тереңдігі 1,5-2 м жетеді. Жауын шашын негізінен көктемгі және күзгі мезгілдерінде жауады, оның жылдық орташа көлемі 200 мм аспайды. Аймақ күшті желдермен сипатталады: қыста шығыс және солтүстік-шығыс бағытындағы, жазда батыс және солтүстік батыс бағытандағы желдер басым болып келеді. Қыста қарлы борандар, жазда құрғақ желдер және құмды борандар жиі болып тұрады. Жақын елді мекендер- пос.Қаратон мен Сарықамыс, Теңіз кенорнынан сәйкесінше солтүстік-шығысқа 35 шақырым және оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан. 150 шақырым жерде облыс орталығы-Атырау орналасқан.

Литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы

Теңіз кен орнында төрттіктен жоғарғы девонға дейінгі жастағы шөгінділер ашылған. Негізінен шөгінділер қимасында үш ірі литолого-стратиграфиялық кешен бөлінеді: тұзасты (жоғарғы девон - артиндік), тұзды (кунгур) және тұзүсті (жоғарғы пермь - төрттіктер).

Тұзасты шөгінділер негізінен әртүрлі карбонатты жыныстармен көрсетілген. Керн материалдары мен корреляция мәліметтерін талдау бойынша стратиграфиялық ярустарға бөлу нақтырақ жүргізілген. Ашылған карбонатты шөгінділердің қалыңдығы 100 ден 300 метрге аралығында ауытқиды. Т-22, Т-24 ұңғыларында қалыңдық 1000 метрге жетеді.

Артиндік шөгінділер көбінесе қайта шөккен әктас сынықтары бар терригенді жыныстардан түзілген. Күмбезді бөлігіндегі көтерілім қалыңдығы 20 дан 100 метр аралығында ауытқиды. Қанатында қалыңдық 700-1000 метрге дейін артады. Кунгур жасындағы тұзды шөгінділер сульфатты-галогенді жыныстармен көрсетілген және үшмүшелі құрылымнан тұрады: астарлап жатқан ангидрит қабатынан, тас тұзы және жауып жатқан қабат ангидриттен тұрады. Кунгур шөгінділерінің қалыңдығы 500 ден 1700 метрде өзгереді.

Тұзүсті кешені негізінен бүкіл оңтүстік – шығыс Каспий маңы ойпатына тән терригенді шөгінділермен көрсетілген. Теңіз коллекторы үш негізгі блокқа бөлінген: объект 3 (девон шөгінділері); объект 2 – туль шөгінділері, «Тула» (ерте – орта визей және турней); және объект 1 (башкир шөгінділері, серпухов ярусы, жоғарғы визей).

Теңіз кен орны мұнайының қасиеттері

Көрсеткіш Шамасы
Мұнай тығыздығы 797 кг/м3
Бастапқыдағы коллектор қысымы (4250 м) 80,8 МПа
Еріген газ кезіндегі газ факторы 450 м3/м3
Қабаттық көлем коэффициенті 2,306
Қанығу қысымы 24,7 МПа
Мұнай тұтқырлығы 0,22 мПа. с

Теңіз кен орны мұнайының құрамы

Мұнайы күкіртті. Еркін газы 603 м3/т. Мұнайдың тығыздығы 0,817 г/см3, күкірті 0,5%, парафині 22%, күкірт қышқылды шайыры 4%.

Қақтығыстар

Қазақ-түрік қақтығысы (2006)

Қазақ-араб қақтығысы (2019)

2019 жылдың 29 маусымында қазақ және араб жұмыскерлері арасында жаппай төбелес орын алды.

Дереккөздер


Tags:

Теңіз Мұнай Кен Орны Кен орын туралы жалпы мәліметтерТеңіз Мұнай Кен Орны Климаттық ақпараттарыТеңіз Мұнай Кен Орны Литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасыТеңіз Мұнай Кен Орны Теңіз кен орны мұнайының қасиеттеріТеңіз Мұнай Кен Орны Теңіз кен орны мұнайының құрамыТеңіз Мұнай Кен Орны ҚақтығыстарТеңіз Мұнай Кен Орны ДереккөздерТеңіз Мұнай Кен Орны

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЕгіншілікПротерозойҰйқы безіЖүрек ауруларыАқ Орда (мемлекет)ЕсімшеОрталық АзияШайтанкөлСәбит Мұқанұлы МұқановБәйтерек (монумент)2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріҚазақстан халқы ассамблеясыКаспий теңізіҚазақстан музейлеріМартин ЛютерҒарышкерЭкологиялық апатСперматозоидТүрік қағанатыМолотов-Риббентроп пактыАйқындауышҰлыбританияҚола дәуіріИсламСабақтас құрмалас сөйлемМинералЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміӘлеуметтік инфрақұрылымАсық ойыныЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАуыл шаруашылығыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыҚыз Жібек (фильм)ТеодолитИспанияЖелтоқсан көтерілісіТіршілік үшін күресҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерМұхтар Омарханұлы ӘуезовАболиционизмМөде қағанИранҚазақстанның мемлекеттік құрылымыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміКүнделік.кз1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларМейозШөгінді тау жыныстарыЖалғауЖаңа экономикалық саясатКонституцияЕжелгі Рим өнеріӘбу Райхан әл-БируниМұхтар ШахановНүкте (тыныс белгісі)ЭволюцияСүтқоректілерТұқым қуалайтын өзгергіштікАлюминийТіршілік ортасыБатыс Түрік қағанатыҚарағайТабиғи радиоактивтікҚазақтарШешендік өнерДамыған елдерӨнерСаяси мәдениетТерминЕменБидай (астық)МашинажасауЗәрдің түзілуі және шығарылуыАлаш ОрдаҚызылша (медицина)МәдениетСаркомерлерТезисСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)🡆 More