Тайфун

Тайфун (ағылш.

typhoon, қыт. тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-шығыс Азияға жақын бөлігінде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде әрекет ететін тропиктік циклонның аты. Тайфун көбінесе жаз бен күзде Филиппин және Маршалл аралдарының аралығында түзіліп, сағатына 10 – 20 км (тәулігіне 350 – 500 км) жылдамдықпен солтүстікке, солтүстік-батысқа жылжиды. Құрлыққа жеткеннен кейін солтүстіктен, солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, сағатына 30 – 50 км (кейде 100 км-ге дейін) жылдамдықпен Жапон аралдарына барады. Тайфун жолында тропиктен тыс циклонға айналады. Одан әрі Амур-Сахалин аймағы мен Курилл аралдарына, кейде Камчатка түбегіне дейін өтеді. Жыл сайын 20 – 25 (кейде 45-ке дейін) Тайфун пайда болады. Әрекет ететін уақытының ұзақтығы бірнеше тәуліктен бірнеше аптаға дейін созылады. Орт-ндағы ауа қысымы 960 – 970 мбар, кейде 900 мбар-ға дейін төмендейді. Төмендеу қысымды орт-нда жел сағат тіліне қарсы бағытта ұйытқып, сұрапыл күшпен (жылдамдығы 50 м/с немесе 180 км/сағ., кейде. жылдамдығы сағатына 300 – 400 км-ге жетеді) соғады. Тайфунның төмендеу қысымды орт. мұхит бетін сорып, сол тұста деңгейін көтереді. Циклондағы мұхит деңгейінің айырмасы жағалауға жеткенде жойқын күшке айналады. Биіктігі 15 – 17 м, кейде 20 м-ге жететін толқын жолында кездескеннің бәрін қиратып, үлкен апат әкеледі. Мәселен, Жапон аралдарында өткен бір Тайфун кезінде мұхит деңгейі 2 м көтеріліп, 10 мин. ішінде екі ірі қала – Осака мен Кобе қатты қирап, 3 мыңдай адам шығыны болып, 15 мыңнан астамы жарақаттанды. Тайфун өткенде нөсер жаңбыр жауады (кейде тәуліктік мөлш. 1000 мм-ге жетеді). Тайфунды алдын ала болжаудың маңызы зор. Халықаралық келісім бойынша арнаулы метеоролог. Жер серіктері Тайфунды суретке түсіріп, оның түзілуін және ауысу бағытын хабарлап отырады. Бұл ашық мұхиттағы кемелердің бағытын өзгертуге, жағалаудағы халықты алдын ала сақтандыруға мүмкіндік береді. Дүние жүзі метеорологтарының келісімі бойынша жаңа түзілген әрбір Тайфун әйел атымен аталады.

Тайфун
1980-2005 жж.

Ең қатты тайфундар

Күні Апаттын болған жері Тайфунның түрі Қаза тапқан адамдардың саны
13 қараша 1970 ж. Шығыс Пәкістан Бохола 300 мыңнан 500 мыңға дейін
2 қыркүйек 1984 ж. Филиппин Айк 1363
2—3 қараша 1995 ж. Филиппин Анджела 722
31 шілде — 1 тамыз 1996 ж. Тайвань Херб 400
2—3 қараша 1997 ж. Вьетнам, Таиланд Линда 3 500
17 қыркүйек — 23 қазан 1998 ж. Филиппин Викки, Зеб, Бэбс > 1 000
10 — 15 желтоқсан 1998 ж. орталық Вьетнам, Филиппин Фэйт > 45
5 — 9 қыркүйек 2005 ж. Жапон Наби > 20
10 — 11 тамыз 2006 ж. Қытай Саомай 134
14 қазан — 13 қараша 2007 ж. Вьетнам Лекима және т.б 155
7 тамыз — 10 тамыз 2009 ж. Филиппин, Тайвань, Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауы Моракот >700

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том


Tags:

АзияАралДауылКемеМұхитТынық мұхит

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КонсументтерФранция Ұлттық кітапханасыҚазақстан демографиясыБұлшықет талшығыЭстрогенТәуелсіз Қазақстан тарихыМөде қағанШыңғыс ханСаяси партияЖасушаның бөлінуіЕсімшеСауд АрабиясыҚайыңХристиандықҚазақ хандығыӘбу Райхан әл-БируниҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеОтырарЖарықТүпті жуаКөксерек (әңгіме)Қазан төңкерісіЕуропаАқбілек (роман)Каспий теңізіСперматозоидҚазақстанның Мәдени мұра жобасыАлаш қозғалысыКомпьютерлік желіТүркістан (қала)ТемекіАвангардизмЭкономикаМетаморфтық тау жыныстарыЖер сілкінуҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚалқанша безАқуызКүкіртӨсімдіктерҚазақстан темір жолыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыМақалаДемографияОқшау сөздерҚарағайАққулар ұйықтағандаЕділ қағанТабиғатты қорғауҚадыр Мырза ӘліТұздар (химия)КайнозойСфералық айналарӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіТыныс белгілеріҚозғалыс (зат)Қазақстандағы туризмКөміртегіКөзИсламдағы жыныстық өмір әдебіАдамаралық қарым-қатынасАнтропогендік факторДамыған елдерБақбақПедагогикаНорвегияҚазақстанның экологиялық проблемаларыКүн жүйесіОралхан БөкейКеңес Одағының БатырыМал шаруашылығыӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..ҒылымИзомерияБастауышБасты бетКүнбағысНанотехнология🡆 More