Сукума

Сукума (васукума) — Танзанияда тұратын банту халқы, Танзанияның ең үлкен халқы.

Олар негізінен Виктория көлінің оңтүстігінде (Мванза, Шиньянга аймақтары, Табора және Сингида аймақтарының солтүстігінде) тұрады. Халқы 7,3 миллион адам. (2015, бағалау).

васукума
Сукума
Сукума
Бүкіл халықтың саны

7,3 млн. (2015)

Ең көп таралған аймақтар

Сукума Танзания

Тілдері

суахили, сукума тілі

Діні

христиандық, анимизм

Тілі

Сукума халқы суахили және сукума тілінде сөйлейді. Танзанияның ұлттық тілі - суахили, ал сукума - Нигер-Конго тілдері отбасының банту тармағына жатады.

Діні

Христиан діні бір ғасырдан астам уақыт бұрын енгізілгенімен, сукума халқының басым көпшілігі әлі де анимизмді ұстанады. Сукумалырдың егін егуден бастап, балаларына ат қоюға дейінгі өмірінің барлық саласы олардың рухани және ата-баба сенімдерінің ықпалында. Христиандық 1900 жылдардың басында енгізілді және Африканың ішкі миссиясының (AIM) мүшелері жергілікті халыққа әсер еткен алғашқы христиандар болды. Англикандар кейінірек өздерінің миссионерлік жұмысын Ихелеле мен Насада бастады, ал баптисттік миссия 1970 жылдардың аяғында басталып, 1980 жылдардың басына дейін жалғасты. Халықтың аз пайызы исламды уағыздайды.

Кәсібі

Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатырн егіншілік (құмай, тары, жүгері, мақта). Ірі қара (қысқа мүйізді зебу), ешкі мен қой өсіреді, аңшылық және балық аулаумен айналысады. Ұсталық, ағаш өңдеу (ерлер кәсібі), керамика (әйелдер кәсібі) дамыған.

Өмір салты

Қоғамдық құрылымның дәстүрлі түрі экзогамиялық рулық топтарды біріктіретін ру-тайпалық болды. Шағын отбасылар рулық және қауымдық бірлестіктерге айтарлықтай экономикалық тәуелді болды. Жас класстары мен құпия одақтар болды. Емшілер қоғамда маңызды рөл атқарды және атқарып келеді.

Сукумалар «зоотерапия» деп те аталатын жануарларды дәстүрлі медицинада қолданатын көптеген этникалық топтардың бірі болып табылады. Олар жануарлардан алынған дәстүрлі дәрі-дәрмектер ақ адамға арналған дәріханаларда сатылатын дәрілерден тиімдірек деп санайды.

Дәстүрлі елді мекендері ықшам орналасқан, қоршалғант Тұрғын үйлері төбесі шөптесін конусты дөңгелек үйлерден (мсонге) тұрады.

Киімдері - былғарыдан немесе талшықтан жасалған жабындылар. Мерекелік киім көптеген зергерлік бұйымдармен және дене әшекейлерімен (негізінен бет пен аяқ) толықтырылған.

Дереккөздер

Tags:

Сукума ТіліСукума ДініСукума КәсібіСукума Өмір салтыСукума ДереккөздерСукумаТанзания

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ғұндар мемлекетіМәдениетИзомерияИнеліктерҚиялГенетикаЕсімдікТыныс белгілеріҚазақ батырлар тізіміҚиял-ғажайып ертегілеріКенесары ханТіршілік үшін күресӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚазақстан Республикасының КонституциясыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныЖай сөйлемМейозҚызғалдақҚазақстанСәбит Мұқанұлы МұқановҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміҚұлдықҚаныш Имантайұлы СәтбаевЖоғары молекулалы қосылыстарҚазақстан өсімдіктеріТүркістан (қала)Ескендір (поэма)Желтоқсан көтерілісіБабырЖай механизмАнтивирустарФутболҚыстырма сөзҚазақстанның мұнай өнеркәсібіҮстеуҚожа Ахмет ЯсауиҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіЕсім ханның ескі жолыҰлықбекШыршаГаз өнеркәсібіТырнақшаҚазақтың ұлттық ою-өрнегіАрал теңізіСинонимТүйелерХромосомаларҚайта құру кезеңіДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевАрыстан баб кесенесіМагнит өрісіЖәнібек ханТұмар ханшаАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыБұлшықет талшығыКүкіртМетонимияҚызылша (медицина)Сарқылмайтын ресурстарАқмола облысыМайларМұхитқа шыға алмайтын елдерАзаматтық құқықМетаморфтық тау жыныстарыҚазақтарҚазақ әліпбиіОрталық жүйке жүйесіТұқым қуалайтын өзгергіштікТәттімбет ҚазанғапұлыГемоглобинШығыс ҚазақстанАлаш автономиясыЖайықФотоэлектрлік құбылыстарТәуекел ханАбылай ханАстана мектеп оқушыларының сарайыОтын-энергетикалық кешенИнтернет🡆 More