Репортаж

Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпарат, әңгіме.

Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз-оқиғаның өзі. Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі-өткен оқиғаны емес, болып жатқан оқиғаны сол бойда баяндайды, соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған космонавтар туралы да, іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәдениет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға ғана баяндалады.

Репортаж

Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып болады деу дұрыс емес

Репортердің жазуға ықыласы ауған оқиғасының екінші бір жерде ешбір қайтланбайтын ерекшеліктері болады. Репортаждың мақсаты-болған оқиғаны бұлжытпастан суретке түсіру емес. Сол оқиғаның әлеуметтік мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу. Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж-шын фактілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі. Сондықтан репортаж неғұрлым оперативті болып, оқиғаны оқушыларға неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде ой толғарлық дәрежеде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартымды болады. Репотажға тән нәрселер: репортер оқиғаның басы-қасында болуы шарт. Сол оқиғаны қаз қалпында суреттеп жазады, оған өзінің қатысын білдіріп, оны қоғамдық пікір талабымен толықтырады. Кез келген ұсақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның негізінде қоғамдық-әлеуметтік маңызды оқиғалар жатуға тиіс. Оқиғалар толық, жан-жақты, жүйулі түрде жазылады. Репортаж өмір шындығына сүйенеді. Тілі нәрлі, стилі тартымды келеді.

Дереккөздер

2. Т.С. Амандосов "Совет журналистикасының теориясы мен практикасы", "Мектеп" баспасы, 1978 ж.


Tags:

Іс-әрекетАқпаратБаспаОқиғаӘңгімеӨмір

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Молотов-Риббентроп пактыҰйғырларҚазақстан өзендеріСолтүстік ҚазақстанҚазақстанРоботСөйлемнің бірыңғай мүшелеріШикізатБағыныңқы сөйлемПродуценттерҚазақ философиясыҰлықбекТүркістан (қала)ҚоңыратЖуніс СахиевТуберкулезТұқым қуалайтын ауруларОрганикалық қосылыстарКорея РеспубликасыҚазақ руларыРақымжан ҚошқарбаевМәдениетБатыс ҚазақстанҚызылша (медицина)Озон қабатыҚырғи қабақ соғысыЕуропаХалықаралық балалар күніІлияс ЕсенберлинҮш Жүз партиясыЭкологияГеосаясат1921-1922 жылдардағы ашаршылықЖасушаның бөлінуіОғыз мемлекетіҚаһарОқшау сөздерПартеногенезЕжелгі Рим өнеріМастопатияҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніҰлпан (роман)Өмірзая (роман)Талғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚазақстандағы су тасқыны (2024)Алланың есімдеріОдағайТыныс белгілеріҚазақша жыл санауҚажымұқан МұңайтпасұлыҒаламдық мәселелерМагниттік материалдарНанотехнологияҚимақ қағанатыТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровЕсімдікҚажығали МұханбетқалиұлыКөміртегіҚаныққан көмірсутектерҚазақстанның экономикалық аудандарыЖоңғар шапқыншылығыСаңырауқұлақтарҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыВандализмАнтропогендік факторБұқаралық ақпарат құралдарыОрыс халқының материалдық және рухани мәдениеті18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыХалықаралық еңбектiк миграцияПублицистикалық стильМезозойТерминАстық шаруашылығыКәсіпорынМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваРентген сәулесіҚызмет көрсетуКайнозойЭволюция🡆 More