Петер Болеслав Шмейхель (дат.
Ұлы Каспер Шмейхель де футболшы, қақпашы.
Петер Шмейхель | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Лақап аттары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | Гладсакс, Дания | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 193 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызметі | клуб елшісі | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
1981 жылы карьерасын "Гладское" клубында бастады. Кейін "Видобреге" ауысты, бұл клубта тіпті шабуылшы боп та ойнап, алты голдың авторы атанды.
1987-91 жылдар аралығында "Брондбю" клубында доп тепті. 1987 жылы-ақ Петерге "Манчестер Юнайтед" жетекшілерінің көзі түсті, бірақ оны жассынып, тәжірибесіз деп есептеп, келісім шарт жасасуға асыққан жоқ. "Борндбю" сапында Петер төрт рет Дания чемпионы атанды.
1991 жылы бәрібір "Манчестер Юнайтед" Шмейхельді сатып алды. Бірнеше жыл сәтті өнер көрсетіп, 1998/99 жылғы маусымнан оң клубтан кетті, оған Англия чемпионатындағы тығыз күнтізбе мен жаттығулардың тым ауырлығы себеп болып, клуб жетекшілер жібергісі келмесе де басқа клубқа ауысты.
Манчестердегі сегіз жылдық карьерасында бапкер Алекс Фергюсонмен бір рет қана кикілжіңге келді, 1994 жылы қаңтар айында "Манчестер Юнайтед" — "Ливерпуль" кездесуінде манчестерліктер 3:0 есебімен ұтып тұрып, үш гол жіберіп алды. Бапкер қақпашыны аямай сынға алып, Шмейхель де дөрекі жауап қайтарды. Бірақ кейін қақпашы кешірім сұрады да, бәрі орнына келді.
Шмейхель кейін бәрібір Англияға қайта келді. 1999-2001 жылдары Португалияның "Спортинг" клубында ойнап, "Астон Виллаға" ауысты.
2002 жылы "Манчестер Ситиге" ауысып, 2003 жылы карьерасын аяқтады.
Құрама сапында тұңғыш рет 1987 жылы алаңға шықты.
1988, 1992, 1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионатына, 1998 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Брондбю
Манчестер Юнайтед
Спортинг
Астон Вилла
Дания
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Петер Шмейхель, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.