Легизм

Легизм (фр.

Бас идеясы ақсүйектердің құқықтарын шектеу арқылы бектің жекебас билігін күшейту. Қытай тілінде «Заңшылдар ағымы» (қыт. дәст. 灋家, жеңіл. 法家, пінин: fǎjiā, палл.: фацзя) деп аталған.

Бас идеялары

Легизмнің ерекшеліктерін қоғамдық құбылыстарға тарихи көзқарастардың элементтері құрады. Жаңа аристократияның жекеменшіктік мүдделері қауымдық өмірдің архаистік ұстанымдарына қайшы келгендіктен, оның идеологтарына дәстүрдің беделіне емес, әлеуметтік шарттардың бұрынғымен салыстырғандағы өзгерістеріне шағынуына тура келді. Ежелгі тәртіптерді қалпына келтіруге шақырған достарға, конфуцийшілдерге және моистерге қарсы легистер ескіге қайта оралудың мүмкін еместігін дәлелдеп бақты.

Легистер қауымдық өзін-өзі басқаруды шектеу, отбасылық-рулық қауымдар мен патронимияларды жергілікті әкімшілікке бағындыру қажет деп есептеді. Шань Ян қауымдық өзін-өзі басқаруды теріске шығармастан, азаматтарды мемлекеттік биліктің тікелей бақылауына қоюды көздейтін реформалардың жобаларын (елді аудандарға бөлу, жергілікті жерлердегі шенеуніктік қызметтер және т.б.) ұсынды. Бұл жобаларды жүзеге асыру Қытайда азаматтардың аймақтық бөлінуінің бастауы болды.

Барлық мемлекет үшін біртұтас заңдар белгілеу ұсынылды. Басқа да ерте легистер сияқты Шань Ян әдет-ғұрып құқығын заңнамамен толық алмастыруды ойлаған жоқ. Занды ол қуғын-сүргін саясаты (қылмыстық заң) және үкіметтің әкімшілік өкімі деп түсінді.

Билік пен халық арасындағы ұарым-қатынастарды Шань Ян жауласушы тараптардың бір-біріне қарсы тұруы деп қарады. Үлгілі мемлекетте әміршінің билігі күшке арқа сүйейді және ешқандай заңға бағындырылмаған. Шан Янға азаматтардың құқығы, олардың заңды кепілдері туралы және т.б. ұғымдар белгісіз. Заң, оның ойынша, қорқыныш ұялатушы, ескерту жасаушы террор болып шығады. Тақсыр қызметінің жоғарғы мақсатын Шань Ян басқыншылық соғыстар жолымен Қытайды біріктіруге қабілетті күшті билік құру деп есептеді.

Легистік тұжырымдамаларды іс жүзінде қолдану қатыгездіктін күшеюімен, бодаңдардың санасына әмірші алдында жаппай үрейді сіңірумен және жаппай сезіктенумен қатар жүрді. Жалпы бұқараның легистік тәртіпке наразылықтарын ескере отырып, Шань Янның ізбасарлары неғұрлым жексұрын жағдайлардан бас тартып, легизмді моральдық мазмұнмен толықтырып, оны даосизммен немесе конфуцийшілдікпен жақьіндастырды. Б.з.д. II — I ғасырларда легизм идеясымен толықтырылған конфуцийшілдік Қытайдың мемлекеттік діні ретінде бекіді. Моистер мектебі біртіндеп келмеске кетеді. Даосизм буддизммен және жергілікті нанымдармен астарласып магия белгілеріне ие бола бастайды жөне уақыт өте келе саяси идеологияның дамуына ықпалын жоғалтады. Конфуцийшілдік 191113 жылдардағы Синхай революциясына дейін императорлық Қытайдың ресми ілімі болып келді.

Өкілдері

Гуан Чжуң — Ци елінің бас үәзірі, әкімшілік және экономикалық реформалары арқылы Ци елін күшейтіп, бегі Хуаң-гуңды Шығыс Чжоу елінде бірінше гегемон аталдырған. Қытай елінде бірінші болып заң арқылы билеуді үстемдік қылған.

Ли Куэй — Уэй елінің бас уәзірі, шенеуніктердің тектілікке емес, жеке қасиеттеріне, билеушіге берілгендігіне негізделген қуатты бюрократиялық аппарат құрды.

У Чи — Чу елінің бас уәзірі, ақсүйектердің жерге меншігін үш атадаң асыртпайтындай заң қабылдап, оларды елдің тың жерлеріне көшуге мәжбүрлеген. Қазынаға қайтқан жерлерді бұқараға таратып, жер өндеуге шақырған.

Шаң Яң — Чин елінің бас уәзірі, патша билігін абсолюттендіруге, рулық ақсүйектердің экономикалық және саяси құқықтарын шектеуге, қауымдық ауыл шаруашылығы элитасының жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды саяси және экономикалық реформалар жүргізді.

Дереккөздер

1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер



Tags:

Легизм Бас идеяларыЛегизм ӨкілдеріЛегизм ДереккөздерЛегизм ДереккөздерЛегизмЖеңілдетілген иероглифтерПінинФранцуз тіліҚытайҚытай жазуыҚытай тіліҚытай тілінің транскрипциясы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ұлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетМақал-мәтелдерҚанайналым жүйесіҚос сөзКирхгоф ережелеріМәтінЖарық сүйгіш өсімдіктерБіріккен Ұлттар ҰйымыАтеросклерозНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевМұхаммедЕуропа одағыҚызбаАтмосфераИсламКорея РеспубликасыҚазақстан Парламентінің МәжілісіҚыпшақтарДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевЫңғайлас салалас сөйлемӘбілхан ҚастеевМәңгілік бала бейнеҚазақстан қалаларыОвуляцияИса МәсихҰйқы безіҒылыми-зерттеу жұмыстарыЖұқпалы ауруларӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановАуаНашақорлықҚатерлі ісікАуызекі сөйлеу тілінің стиліЖақсыз сөйлем1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріТеңіз балдырларыҚазақтарАлматыШоқан Шыңғысұлы УәлихановГенетика терминдерінің тізіміТасымал (лингвистика)Тұқым қуалайтын өзгергіштікҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыОразаны бұзбайтын жағдайларАрал теңізіЖеңіл атлетикаЖеті атаАбай Құнанбайұлының шығармаларыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚажымұқан МұңайтпасұлыСудың ластануыӨндірісҚадір түніГеографиялық картаБаяндауышАлкандарИнсульттерҚазақ жүздеріАдам тісіБеғазы-Дәндібай мәдениетіҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеАдамаралық қарым-қатынасНамазды бұзатын нәрселерМүшел жасҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыЖоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісПугачев бастаған шаруалар соғысыБейорганикалық заттарҚазақстанның экологиялық проблемаларыХимиялық байланыстарАбай жолы (роман)ӨтКерей ханМұхитСолтүстік ҚазақстанҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніАдамның зәр шығару жүйесіАзияЭлектромагниттік толқындар🡆 More