Капител (лат.
Капительдің алғашқы түрлері ежелгі Шығыста, әсіресе, көне Мысырда, көбінесе, ағаш құрылыстарда, кейін тастан салынған сарайларда қолданылды (Шумер, Мысыр мемлекеттері, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2 мыңжылдық). Әсіресе, Мысыр перғауындары өздері тұрғызған сұсты да ғаламат храмдарының колонналарының ұшар басын салтанатты капительмен көркемдеуді мақсат етті. Ол заманғы К-дер түрлі гүл, өсімдік жапырағы түрінде кездеседі (папирус, лотос). Кейінгі дәуірлерде (біздің заманымыздан бұрын8 – 4 ғасырлар) ежелгі Шығыс пен Мысыр сәулет өнері игі ықпал еткен Жерорта территориясы маңайындағы елдерде, соның ішінде Ежелгі Грекияда колонналы храмдар тұрғызу жаппай қолға алынды. Ежелгі дәуірде капительдің тоскандық, дорилік, ионилік және коринфтік деп аталатын классик. түрлері қалыптасты (қ. Архитектуралық ордерлер). Капительдің соңғы үш түрі Еуропа архитектурасында кең тарады. Ионилік және коринфтік капительдің үйлесімді тұтасқан түрі композициялық капительді құрайды. Қытай мен Жапонияда, Мексика мен Византияда, роман және готика стильдерінде, ежелгі орыс архитектурасында, Армения мен Грузияда, Орта Азия мемлекеттерінің сәулет өнерінде капительдің өзіндік түрлері пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінен бастап ұлттық өрнектермен толықтырылған капительдің көне түрлері кеңінен пайдаланылды. Кейіннен әр елдің өзіндік ою-өрнегімен, өнер стилімен жасалған капительдер өркен жайып, ұлттық сәулет кешендерін көркейтті. Қазақтың орта ғасырдағы тамаша сәулет ескерткіші Айша-бибі кесенесі (12 ғасыр) өзіндік капительмен ерекшеленеді. Сондай-ақ, қазіргі заманда тұрғызылған Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының, Қазақ опера және балет театры ғимараттарының тіреуіш колонналары қазақи өнер стилімен безендірілген, капительмен өрнектелген.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Капител, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.