Ақыл

Ақыл (кейде Рационалдылық, ағылш.

Ақыл адам сенімінің сену негізіне сай келуін, әрекетінің әрекет ету негізіне сәйкес болуын білдіреді. Ақыл ұғымы философияда көп мағыналы, ол сондай-ақ экономика, әлеуметтану, психология, эволюциялық биология, ойын теориясы және саясаттану секілді әртүрлі салаларда арнайы мағыналарға ие.

Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат.

  • Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
  • Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.


Философияның тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды:

  • жалпыны тану қабілеті (тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы) — пайымдылығы;
  • ерекшені жалпымен байланыстыруы (яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі) — тұжырымдау қабілеті;
  • ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті (яғни принциптерді шығару қабілеті) — парасаттылығы.

Интеллектуалдық таным қабілеті әр адамда әртүрлі, тіпті бір адамның өзінің түрлі өмір кезеңдерінде ол бірдей болмайды. Ойлау қабілетін дамыту, тәрбиелеу керек. Адам танымының табиғи прогресі туралы айта келіп Кант алдымен ақыл дамитынын: тәжірибенің негізінде ой айқын тұжырымдарға, сонан соң тұжырымдар көмегімен ұғымдарға жететінін, содан кейін бұл ұғымдардың негіздері және себеп-салдарлары ақылмен танылып, ең соңында ғылыми жүйеге келтірілетінін дәлелдейді. Сондықтан ақыл беру де (жас жеткіншектерге) дәл сол жолмен жүруге тиіс. Оқытушы да өз тыңдаушысынан алдымен пайымдай алуды, сонан соң ақылдылықты, ең ақырында ғалымдық қасиеттерді күтуі керек.

Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі — даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін “жасанды интеллектіге” беру — компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.


Дереккөздер

Tags:

Ағылшын тіліЗердеМағынаПайымПсихологияСаясаттануФилософияЭкономикаӘлеуметтану

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖетіқарақшыҚабанбай батырАҚШ штаттарының тізіміТыныс алу жүйесіҚимақ қағанатыБатыс Сібір жазығыЭтил спиртіҚажымұқан МұңайтпасұлыДостықЖарықтың шағылуыЭволюцияҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеБанкАбай Құнанбайұлының шығармаларыБайқоңыр (ғарыш айлағы)Күлтегін ескерткішіАбай ҚұнанбайұлыҚазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнеріБірінші дүниежүзілік соғысӘлемдік мұраӘлемдік саясатБразилияҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеҚазақ хандарыАдамАқтабан шұбырындыӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановИнформатикаБуылтық құрттарСпирттерТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚазақтардың зергерлік бұйымдарыЗат алмасуЕуразияСиэтл СаундерсТемір жол көлігіПоэзияМеталдарОңтүстік Африка РеспубликасыҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміҚазақ хандығының құрылуыЭмоцияЕрулікҚазақстан географиясыБөкей ОрдасыҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеСүндет тойҚатерлі ісікТалақҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыДемократияҚазақтың ұлттық тағамдарыҰлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетМенің атым Қожа (повесть)АллергияАқпарат технологиясыБесікке салуАвтоматтандыруГаплоидЖұлдызды аспан1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанМарафон шайқасыГипофизМөде қағанОғыз мемлекетіДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПартеногенезЖайылма сөйлемВолейболЕсімдікМәкрүһАҚШ экономикасыӘбу Насыр Әл-ФарабиҚазақстанның экологиялық проблемаларыСұлтан БейбарысТемірТабиғи газЖатаған ортотрихумҚазақ халқының мәдениеті🡆 More