Атомдық Физика

Атом физикасы — физиканың атом құрылысын және оның қасиеттерін зерттейтін саласы.

Оның тарихы 19 ғ-дың соңында ашылған электрон мен радиоактивтіліктің қасиеттерін анықтаудан басталады. Атом туралы ұғым ертедегі гректерден бастау алды. Бірақ ол материяның бөлінбейтін тұтас бөлшегі деген теріс ұғым болып қалыптасты. Атом құрылысының күрделі екендігі Дж. Томсон ашқан электронның қасиеттерінен байқала бастады. Классикалық физика негіздеріне сүйеніп атомның құрылысы мен негізгі қасиеттерін теориялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқан. Э.Резерфорд атом құрылысының моделін ұсынды. Бұл модельді атомның ядролық немесе планеталық моделі деп атады. Өйткені, атом құрылысы Күн жүйесіне ұқсас деп қарастырылды. Бірақ бұл модель атом құрылысының орнықты күйін және олардан шығатын сәулелердің қарқынын классикалық физика ұғымдары аясында түсіндіре алмады. Сондай-ақ атом құрылысына байланысы бар жаңа ашылған құбылыстарды да ескі физиканың шеңберінде (фотоэффект, дененің жылулық сәуле шығаруы т.б.) Резерфорд моделіне сүйеніп түсіндіру мүмкін болмады. Дегенмен, бұл модельдің дұрыстығын Резерфорд өз тәжірибесінде дәлелдеп берді. Сондықтан Резерфорд моделі мен классикалық физика арасындағы айтылған қайшылықтарды шешу үшін 1913 ж. Н.Бор өз қағидаларын ұсынды. Осының негізінде Бор сутегі атомының құрылысын, спектр заңдылықтарын түсіндіріп бергенімен атом дүниесіне қатысы бар көптеген күрделі құбылыстарды сол кездегі А. ф-ның шеңберіне сыйғыза алмады. Бор теориясында тиянақты атом теориясы бола алмады. Атом құрылысының және ондағы болатын түрлі құбылыстардың жүйелі теориясы микродүниенің кванттық заңдылықтары ашылғаннан кейін ғана пайда болды (1925 — 27 ж). Қазіргі заманғы А. ф-ның мазмұны осы кванттық теорияға негізделген. А. ф. атом теориясы, атомдық (оптикалық) спектроскопия, рентгендік спектроскопия, радиоспектроскопия, атомдар мен иондар соқтығысу физикасы тәрізді бөлімдерден тұрады. А. ф-ның жетістіктері физика, химия, астрономия, биология ғылымдарында, күрделі техника мәселелерін шешкенде кеңінен пайдаланылады. Атомдар мен иондардың ішкі құрылысын анықтау және олардың өзара соқтығысу заңдылықтарын зерттеу кванттық электроника және плазма физикасы тәрізді жаңа ғылым салаларының пайда болуына ықпал етті. А. ф-ндағы атом жөніндегі жүйелі ілім адамзаттың дүниетанымын кеңейтті. Әдеб.: Бете Х. Квантовая механика, М., 1978; Шпольский С. Э. Атомная физика, М., 1989.

Тағы қараныз:

Дереккөздер



Tags:

Резерфорд Эрнест

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

LinuxАзамат соғысыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыСабақтас құрмалас сөйлемТәңірДанияТау жынысыТұсаукесерҒабит Махмұтұлы МүсіреповЖалпақ құрттарНамаз уақытыТәуелдік жалғауҚазақтарЖеті жарғыҚазақстан астанасыZaQ (Ninety One)Өт айдайтын дәрілерМодаль сөздерМінезӘз-Жәнібек ханБұлшықеттердің маңызы мен құрылысыҰйғырларАристотельБауырымен жорғалаушыларҚан мен терПольша Халық Республикасы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАбай жолы (роман)Қызыл кітапНарықтық экономикаМанипуляцияҚазақтың балаға ат қою рәсіміҚазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік КомитетіМоңғолияӨзбекстанАнемияЕкінті намазыАлты кәлимәПрокариоттарКөз ауруларыАлаш автономиясыБірінші дүниежүзілік соғысКорея РеспубликасыҚұранТыныс белгілеріФилософияНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевМетонимияЖіктік жалғауҚырғызстанТұрақты сөз тіркесіҚан жасушаларыРәтбай МырзақұловКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысРесейКелін түсіруЕртісФидель КастроҚабанбай батырДәруменАрыстанбабКүн жүйесіОрыстарБалықтарБиосфераАлтынСұлтан БейбарысКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыНәрестеӘбіш КекілбайұлыБаскетболОтырар апатыАбай және оның орыс достарыГрузия1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанСаясат НұрбекСинонимАлтай таулары🡆 More