Селевк Никатор I (көне грекше: Σέλευκος Α' Νικάτωρ; шамамен б.д.б.
358 — 281) - орестийлік Антиохтың ұлы. Ол Македонияның солтүстік аймағындағы Европос деген жерде дүниеге келген. Ол туылардан бір жыл бұрын олардың жерін пеонийліктер басып кірген болатын. Сол тұстағы билеуші II Филипп пеонийліктерді жеңіп, бірнеше жылдан кейін олар Македония билігіне бағынышты болып қалды. I Селевк Никатор Ұлы Александрдың диадохы, яғни қолбасшысы болған. I Селевк - Селевкидтер әулетінің негізін қалаушы. Ұлы Александрдың өзге қолбасшыларының арасында Селевк табанды, батыл мінезімен, ерекше күш-қайратымен, сирек кездесетін сұңғыла ақылымен, сақтығымен және пайымдылығымен ерекшеленген. « Александрдың өлімінен кейін Селевк оның империясындағы билікке басты үміткерлердің бірі болды. Александрдың қазасы диадохтардың бір-бірімен соғысына алып келді. Осыдан соң Селевк Селевкидтер мемлекетінің негізін қалады. I Селевк өз қол астындағы бірнеше қаланы ата-анасының есімдерімен атады. «Никатор» деген құрметті лақап атты ол Гидаспа түбінде үнділермен арада болған шайқастан кейін алды. Никатор қайтыс болғаннан кейін Селевкидтер әулеті Грецияның шығысынан басталатын үлкен патшалықты б.з.д. 64 жылға дейің яғни екі ғасырға жуық уақыт бойы биледі. Дегенмен І Селевктің бірде- бір мұрагері онымен теңесе алмады. Сөйтіп, Селевкидтер біртіндеп күш- қуаты мен билігін жоғалтты.
Ұ 46 Ұлы императорлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”. ISBN 978-9965-26-591-4
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article І Селевк Никатор, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.