Тетрис

Тетрис — компьютерлік ойын.

Тетрис
Тетрис енгізілген «Brick Game» ойын консольдары.

1984 жылдың 6 маусымында кеңес бағдарламашысы Алексей Пажитнов шығарған. Алғашқы нұсқасы Паскаль тілінде шыққан. Нарыққа бейімделген тұңғыш коммерциялық нұсқаны 1987 жылы американдық Spectrum HoloByte компаниясы шығарған. Одан кейін шыққан ойынның көптеген үлгілері ойын консольдарына, компьютерлерге, ұялы телефондарға, калькуляторларға, тіпті осциллографтарға да енгізілген болатын. Сонымен қатар , ойын әртүрлі жанрлар мен форматтарға, соның ішінде көп ойыншы режимдеріне, тақырыптық вариацияларға және тіпті үш өлшемді нұсқаларға бейімделді.

Тарихтағы ең көп сатылған компьютерлік ойын болып келеді, жалғыз Nintendo-ның GameBoy консолімен бірге 35 миллион копия сатылды. 2014 жылы The Tetris Company бастығы Хэнк Роджерстің айтуынша, ұялы телефондарға ойын 425 миллион рет ақылы негізде жүктеліпті. 2007 жылы тетрис АҚШ Конгресс кітапханасына ең маңызды он компьютерлік ойынның бірі ретінде сақталуға берілген.

Тетристің негізінде төрт шаршыдан тұратын «тетрамино» фигуркаларынан құралған үстелдік ойжұмбақ ойыны жатыр.

Ережелер

Тетрис 
Тетрис фигуркалары.

Биіктігі 20 шаршы, ені 10 шаршы болатын төртбұрышты кеңістікке үстіден кездейсоқ түрде тетрамино фигуркалары түсіп жатады. Түскенде ойыншы оларды 90°-қа бұрай алады және олға-солға қозғалта алады. Қалайтын орны белгілі болса, фигурканы төменге де жедел түсіре алады. Ол басқа фигуркаға тірелгенге дейін, немесе кеңістіктің түбіне жеткенге дейін төмен қарай қозғала береді. Егер фигурка түскен кезде 10 шаршыдан тұратын қатар толық түзілсе, қатар жойылады, ал оның үстіндегі фигуркалар бір шаршыға төмендейді. Ойынның жылдамдығы бірте-бірте өседі. Берілген кеңістікке жаңа фигурка сыймай қалатын жағдайда ойын аяқталады. Әр жойылған қатар үшін ойыншыға ұпайлар беріледі.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Компьютерлік ойын

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жай механизмМұнайАҚШ экономикасыҚазақстан мәдениетіАбайдың қара сөздері1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларТұздар (химия)АвангардизмШыңғыс ханСоқырішек1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріЖалаң сөйлемЗәр шығару жүйесіАИВ/ЖИТСТұқым қуалайтын өзгергіштікКарл ЛиннейСюрреализмЖайықАлғашқы қайта өрлеу дәуіріЛатын АмерикасыVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріФизикалық-географиялық аудандастыруЖоңғар шапқыншылығыҚорқыт атаСөз табыКартопСелекцияЮНЕСКОЖошы ханӨкпеҚұндылықКөкжөтелҚалқанша безҒаламдық мәселелерДомбыраНорвегияТіршілік үшін күресОтын-энергетикалық кешенМашинажасауТотығу-тотықсыздану реакцияларыДүниежүзінің табиғат ресурстарыЖануарларPythonҚазақтың ұлттық тағамдарыҚарағанды металлургия комбинатыМайданТүркістан (қала)Ом заңыХристиандықМобильді қосымшаларФотосинтезҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыҚытай Халық Республикасы экономикасыДНҚЭкологияҚазақстанның мемлекеттік құрылымыҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Батыс ҚазақстанАстанаҚазақтың арқар-мериносыАққан жұлдыз (роман)Африка мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміЕскендір (поэма)Көлік кешеніҚасым АманжоловӨңдеуші өнеркәсіпҚазақстан және БҰҰКарбон қышқылдарыАктинЕуропа одағыМал шаруашылығыАлланың есімдеріАналық жыныс жасушасыНаурыз мейрамыӘлемдік діндерАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіҚан топтарыТабиғатҰлықбек🡆 More