Магниттік

Минералдардың магнит тіліне әсер ететін немесе темірді өзіне тартатын магниттік қасиеті болады.

Мұндай минералдар көп емес, сондықтан бұл қасиет те диагностикалық маңызды белгі болып табылады.

Магниттік қасиет негізінде екі түрге бөлінеді: 1) ферромагнитті, яғни күшті магнитті, 2) парамагнитті, яғни әлсіз магнитті. Әлсіз магниттінің магнит тілінен кері бұрылатын бір түрі бар, оны диимагнит деп атайды. Ферромагниттік қасиеті бар минералдарға жататындар: магнетит (Fе3O4), никельді темір, ферроплатиналардың кейбір түрі. Күкірті аз пирротиндар нашар магниттік қасиеті бар минералдарға жатады. Диамагниттік қасиеті бар минералға тек висмут жатады. Ферромагтниттік қасиеті бар минералдар ішіндегі ең айқыны — магнетит, оның атының өзі сол қасиеті бойынша қойылған. Ол темірдің ұнтағы, түйреуіш, қаламұш, шеге сияқты нәрселерді өзіне тартады.

Жай магнит тіліне әсер етпейтін, бірақ күшті электромагнит аспаппен зерттегенде әлсіз магниттік қасиеті байқалатын минералдар толып жатыр. Осының негізінде электромагнит колдану арқылы минералдарды бір-бірінен ажырататын әдіс те бар. Бұл әдіс минералогиялық лабораторияларда, өндірістік байыту фабрикаларында қолданылады. Мысалы, өзен арнасындағы құмның ішіндегі магниттік қасиеті бар минерал түйіршіктерін осы әдіспен ажыратады. Сол сияқты қолдан ұсатылған майда минералдардың да магнитті фракциясын (бөлегін) осы әдіспен ажыратуға болады. Суға шайып тазартылған құмды немесе ұсатылған минерал заттарды (шлихты) магниттік әдіспен ажыратады. Магниттік әдісті көбінесе осы шлих фракциясын ажыратуға қолданады.

Дереккөздер

Tags:

Минерал

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шарын шатқалыБаскетболМитозТәуелсіз Қазақстан тарихыАбай жолы (роман)Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевБұрыш (геометрия)Компьютерлік желіҚоршаған ортаның ластануыМорфология (лингвистика)Үш Жүз партиясыАзия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағыЕуразияТұқым қуалайтын өзгергіштікҚазан төңкерісіМитохондрияЭлектр энергетикасыҒұндарҚазақстандағы ұжымдастыруЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміОттегіҚара металлургияҚан мен терҚазақ рулары314-атқыштар дивизиясыЕменЭпитетГормондарАлюминийЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріӘбу Насыр Әл-ФарабиӘміре ҚашаубаевВирустарСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайСарматтарТөле биӘлем елдерінің тізіміЕскендір (поэма)КайнозойЖүрек-қантамырлар жүйесіҚазақстанҚыпшақтарАрхейДамушы елдерPythonИбн СинаТүркияҚажығали МұханбетқалиұлыКүн (жұлдыз)Дәрілік өсімдіктерҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыКөмір өнеркәсібіЭкстремизмҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЗат есімТемекіРесурстарАқпарат технологиясыБарыс (жануар)ҚұстарАрқарҚайталауҚазақстандағы көмірМеталдарБақытсыз ЖамалӨсімдік шаруашылығыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыКүкіртФотосинтезАтом ядросыҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевБиомеханикаҚазақстан тарихыТабиғи радиоактивтікГеографияМахамбет ӨтемісұлыШайтанкөлЭкологиялық апат🡆 More