Дамудың кешенді индекстері (даму деңгейінің ықпалды индекстері) - елдің (аймақтың) дамуының жалпы деңгейін сипаттайтын экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, экологиялық және басқа көрсеткіштерінің қиыстырылуы.
Ұзақ уақыт бойы экономикалық теорияда "даму" ұғымы сол аумақтағы материалдық игіліктер мен қызметтердің өндірісі көлемінің ұлғаюына қарай түсіндіріліп келді, ал оның негізгі өлшеуіші жан басына шаққандагы жалпы ішкі өнім болып келді. Осы көрсеткіштердің өсуі міндетті түрде халықтың жалпы жағдайының жақсаруына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуынан кедейлік азайып, халықтың көпшілік бәлігіне арналған экономикалық және әлеуметтік жеміс береді деп есептелді. Нәтижесінде ұлттық және аймақтық даму бағдарламаларын жасауда материалдық байлық алдыңғы орынға қойылып, кедейлік, жұмыссыздық, табысты болу мәселелері екінші орынға ысырылып қалды. Осылайша, кәптеген дамушы елдердің 1950-1960-шы жылдардағы реформаларының басты мақсаты экономикалық өсімнің ең жоғары қарқынына жету болды. Алайда, алға қойған мақсаттарға жеткенменен, халықтың басым кәпшілігінің жағдайы жақсара қоймады, онымен қоймай, кедейлік деңгейі көтеріліп, әлеуметтік ширығушылық арта түсті. 1970-шы жылдары негізгі өлшеуіші жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім болып табылатын әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің орнына дамудың кешенді индекстері келді. Ондай индекстердің бірі 1979 жылы М.Морис ұсынған өмірдің физикалық сапасының индексі (ӨФСИ), үш негізгі көрсеткіштің негізінде құрылады: сәбилер қазасының коэффициенті, бір жастағылардың өмір сүру ұзақтығы және халықтың сауаттылық деңгейі. ӨФСИ кемшілігі - оның жан басына шаққандағы орта табыс деңгейін есепке алмай, өмір жағдайының жеткен деңгейін жанама түрде көрсетуі. 1980-ші жылдары қоғамға дамудың басқа да кешенді индекстері ұсынылды:
Алайда бүл көрсеткіштердің ешқайсысы да даму өлшеуіші ретінде ЖӀӨ-ді алмастыра алмады. Бұл санақта қолданылатын көрсеткіштердің жеткілікті дәрежеде негізделмегендігіне, сонымен қатар, статистикалық базаның әлсіздігіне байланысты болды. Осы кемшіліктерді Б¥¥ адам дамуы индексінің даму бағдарламасын жасаған мамандар жоюға тырысты.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Дамудың кешенді индекстері, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.