Бейнелеу Құралдары

Бейнелеу құралдары – әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз колдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.

Бейнелеу тәсілдері, әрине, бұдан әлдеқайда кең, мол. Кейіпкерлерді мінездеу, сөйлету, портрет жасау, табиғат көріністерін суреттеу, оқиғаны әртүрлі өрістету осының бәрінде бейнелеу тәсілдері қолданылады.

Әдеби тілдегі сөз байлығы түгелдей бейнелеу құралдары қай ұлт әдебиетінде болса да негізгі сөз қорына, сөз байлығына байланысты түзіліп қалыптаспақ. Оның өзгешелігі халықтың айналадағы дүниені көркемдік ой-сезіммен қабылдауына, яғни бейнелі ойлау жүйесіне, оның алуан түрлі болып келуіне байланысты. Бейнелі, суретті ойлау мүмкіндігі, әрине, айнала дүниенің ұзақ мүмкіндігі, айнала дүниені ұзақ жылдар, тіпті көне заманнан бастап бергі уақыт ішінде байқау, аңғару жолымен бекіп тұрақтамақ. Және ол көбіне-көп сол халықтың өмір-тіршілігіне, істейтін кәсібіне байланысты түзілмек. Айнала табиғат, географ, орта да бұған әсер етеді. Осындай әр алуан жағдайлардың жиынтығы халықтың ойлау, сөйлеу кейпін, қалпын анықтайды.

Көркем әдебиетте оны қолдану да, бейнелеу тәсілдерінің сырын ұқтырады. Жеке алып зерттегенде әртурлі бейнелеу құралдарын ажыратуға мүмкіндік туады. Сонымен бұл құралдар ұзақ жылдар бойы санаға енген, дәстүр болып кеткен әдет-ғұрып, тұрмыс-салтқа тығыз байланысты. Бейне суреттерді, ғажайып теңеу, метафораларды қолдануда жазушы, қаламгерге үлкен білгірлік, шеберлік, тапқырлық керек. Мысалы, А.Пушкиннің қыс, көктем, күз жайындағы белгілі өлеңдері тек Пушкинге ғана тән, басқа халық ақыны дәл сол тақырыпты басқаша жырлап, табиғаттың, тіршіліктің басқа көрінісіне жүгінер еді. Бейнелеу құралдары қаламгердің байырғы тіл байлығына сүйене отырып, оның сөзден өрнек жасауына мүмкіндік береді.

Дереккөздер

Tags:

МетафораМетонимияТеңеуТұспалдауЭпитетӘдебиетӘсірелеу

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан әкімшілік бірліктеріЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановМастопатияҚан мен терСөз табыЗейінҚожаҚұстарІштің түйілуіЕуразияҚазақша УикипедияМарқакөл қорығыПессимизмҚожа Ахмет Ясауи кесенесіТайқазанСиқымТау жынысыҚарлұқ қағанатыМакаров тапаншасыКрест жорықтарыАллитерацияҒұндарКаспий теңізіҚантамырларӘл-Бақара сүресіДәрігерАуыз уылуыБатыс ҚазақстанЖерлеу рәсіміЗәрдің түзілуі және шығарылуыБуддизмҚұрсақ тойЯдроOAuthҚазақстан мейрамдарыСиырНАТОҚарағанды облысыДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновҚазақ хандарыМоңғол шапқыншылығыҚанайналым жүйесіЭкологиялық проблемаҮстеуАбылай ханДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруҒабиден МұстафинТерминДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевҰлттық бірыңғай тестілеуШерхан Мұртазаұлы МұртазаНорвегияВолейболКелін түсіруЖеті атаҚарахан мемлекетіЦиститТозаңдануСәбит Мұқанұлы МұқановСүлейман Демирел атындағы университетЭстетикаТынық мұхитӘлкей Хақанұлы МарғұланҰйғырларҚазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тиымдарыӘн-Нас сүресіТөлеңгіттерХалықаралық балалар күніҚазақстанАдам қаңқасыТарихЖұқпалы ауруларФилософияЖылқыҮшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлерАмерика Құрама ШтаттарыСинонимҚұран🡆 More