Тың Өлкесі

Тың өлкесі — 1960 ж.

Қазақ КСР-ның құрамында құрылған әкімшілік бірлік. Бұл өлкеге солтүстік Қазақстанның 5 облысы кірді: Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан (1961–1994). Жер көлемі 600 мың км² құрайды, халқының саны 3 млн. асты. Тың өлкесі әкімшілігінің қол астына 67 аудан, 13 қала, 32 жұмысшы кенті, 746 селолық және ауылдық Кеңес кірді. 1961 ж. қараша айында қарай Тың өлкесінде 642 кеңшар, 104 ұжымшар, ондаған өнеркәсіптік және құрылыс ұйымдары болды. Экономикалық қайта қалыптасу өз кезегінде қоныстану сипатына, халықтың кәсіптік және ұлттық құрамына және еңбекті пайдалану саласына өзгерістер әкелді. Тыңды игеруге шамамен 800 мың адам қатысты. Қазақстанның тек 21,8% аймағын алып жатқан Тың өлкесі жер жыртуға болатын алқаптың 2/3 бөлігін құрады. Республиканың тауарлық астығының 89%-ын берді. Тың өлкесінің басшылығы экономиканы, мәдениетті және өлкенің бүкіл халқының жағдайын көтеру міндетін шешу мақсатында еңбеккерлерді осында алып келу жөнінде саяси және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Партия және Кеңес органдарында айтарлықтай орын шаруашылық құрылыстың міндеттерін шеше алатын кадрларды даярлауға жұмсалды. Оның құрамына жататын барлық облыстар республикалық органдарға тікелей бағынды. Өлкелік баспасөз органдары «Тың өлкесі» және «Целинный край» газеттері болды. Тың өлкесі 1965 ж. таратылды.

өлке
Тың өлкесі
Әкімшілігі
Кіреді

Қазақ КСР

Енеді

5 облыс
(67 аудан)

Әкімшілік орталығы

Целиноград

Партия өлкекомы бірінші хатшысы

Т.И. Соколов (1960-1963)
Ф.С. Коломиец (1963-1965)

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

26 желтоқсан 1960

Жер аумағы

600 мың км² (21 %)

Ірі қалалары

Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл

Тұрғындары
Тұрғыны

3535 мың адам
қалалық— 1149 мың адам,
ауылдық — 2386 мың адам. адам (1963)

Тығыздығы

5,9 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, беларусьтер, мордвалар, немістер и др.

Ресми тілдері

орыс, қазақ

Дереккөздер

Tags:

196019611965Ақмола облысыКОКПКеңес ОдағыКөкшетау облысыПавлодар облысыСолтүстік Қазақстан облысыТың игеруҚазақ КСРҚостанай облысы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ауыл шаруашылығыАбай жолы (роман)Көмірсулар1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларСырдарияШөл зонасыАлтын ОрдаКиіз үйҚазақстандағы көмірМұхаммедҚазақстан Парламентінің СенатыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерСаяси жүйеШерхан Мұртазаұлы МұртазаАс қорыту жүйесіАминдерҚазақстандағы сауда және жәрмеңкелерҚыпшақ хандығыАуызашар1921-1922 жылдардағы ашаршылықМәкрүһМитозТұсаукесерЖаңа экономикалық саясатМагнит өрісіДауысты дыбыстарМұхтар Мұқанұлы МағауинБас сүйекМағжан Бекенұлы ЖұмабаевКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысIP адресСемей полигоныҰлы Отан соғысыСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)СтенокардияҚаныш Имантайұлы СәтбаевДемократия1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықӨндірісАрыстан баб кесенесіҚасым ханның қасқа жолыФранцияАсқар СүлейменовМемлекет астаналары тізіміЖарықтың интерференциясыЕсім ханЖыныс мүшелері ауруларыГеографияШортанбай ҚанайұлыКөкпарСептік жалғауКаспий теңізіӘпке (драма)Оралхан БөкейҚазақстан Парламентінің МәжілісіТүрік қағанатыОмыртқа бағанасыФутболЖалғауБірінші жалпықазақ съезіӨзін-өзі өлтіруОм заңыФерменттерҚазақстандағы ұжымдастыруМүктәрізділерЗат алмасуСаясатҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріМиокард инфарктыАутизмУнитарлы мемлекетПублицистикалық стильДәрі-дәрмекОрталық жүйке жүйесіТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЖер құрылымыКребс цикліМұхит🡆 More