Сібір Өзендерін Қазақстанға Бұру

Сібір өзендерінің кей саласын Қазақстанға бұру — Сібір өзендері суын Арал теңізі мен Каспий теңізіне бұру арқылы Қазақстан және Өзбекстан, Түрікменстан елдері пайдалану және басқару жөніндегі жоба.

XX ғасырдағы іске аспай қалған инженерлік және құрылыстық алып жобалардың бірі.

Сібір Өзендерін Қазақстанға Бұру
Сібір өзендерін бұру схемасы (Енисейден басталып, Обь, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерін қиып өтіп Арал бассейніне құятын каналдың негізгі күретамыры; кейбір ұсақ каналдар картада көрсетілмеген).

Жобаның мақсаты

Жобаның мақсаты Сібір өзендерінің кей бөлігін (Ертіс, Үбі (Обь)) жəне Кама, Есіл, Тобыл өзендерінің суын суға аса тапшы өлкелерге, Ресейдің кей облыстары және Қазақстанға, Орталық Азияға жеткізу. Жоба кезіндегі КСРО-ның Су шаруашылығы министрлігі тарапынан құпталған. Сондай-ақ, артық суды тартылып бара жатқан Арал теңізі, сонымен қоса Каспий теңізіне де құюды жоспарлаған.

  • Суды канал арқылы Ресейдің суға тапшы Қорған, Селебі, Омбы облыстарына жеткізу;
  • Тартылып бара жатқан Арал теңізі суын реттеу;
  • Суды Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстанға жеткізу;
  • Орталық Азиядағы мақта шаруашылығының қарқынын сақтау;
  • Канал арқылы кеме қатынасын дамыту.

Сипаттамасы

Жобада КСРО-ның 160 мекемесі 20 жыл бойы жұмыстады, оның ішінде 48 жобалау-зерттеу және 112 ғылыми-зерттеу институт, (бұның 32-і КСРО-ның Ғылым Академиясының институті болды), 32 одақтық министрлік және 9 одақтас республикалық министрлік болды. 50 том жазба, зерттеу, құжаттамалық материал, 10 карта және сызбалық альбом дайындалды. Жобаны басқарушы және тапсырыс беруші — Минводхоз (одақтық Су шаруашылығы министрлігі).

«Сібір—Орталық Азия» каналы

«Сібір—Орталық Азия» каналы алғашқы кезеңде Үбіден (Обь) Қазақстан арқылы оңтүстікке, Өзбекстанға су каналы құрылысын жүргізуді көздеді. Каналда кеме қатынауға тиісті болды.

  • Каналдың ұзындығы — 2550 км.
  • Ені — 130—300 м.
  • Тереңдігі — 15 м.
  • Өткізілімі — 1150 м³/с.

Құны сол кездегі бағамен 32,8 млрд рубль болды, оның ішінде: РКФСР жерінде — 8,3 млрд, Қазақстанда — 11,2 млрд, Орталық Азияда — 13,3 млрд. Жобаның жылдық таза табысы 7,6 млрд рубль деп есептелді. Орташа жылдық тиімділігі — 16 % делінді.

Анти-Ертіс

Анти-Ертіс — жобаның екінші кезеңі. Суды Ертіске, одан ары Қазақстанның Торғай ойпаты арқылы Әмудария, Сырдарияға жеткізу. 10 насостық станция, гидрожелі, 1 реттеуші су қойма болады деп көзделді.

Тарихы

Обь өзені мен Ертістің суын Арал теңізі бассейніне жеткізу демелгісін алғаш Киев университетінің Я. Г. Демченко (18421912) 1868 жылы көтерді.

1948 жылы ресей географ академигі Обручев Сталинге осындай мүмкіндік барын жазды, бірақ та назар аударылмады.

1950-шы жылдары қазақ академигі Шөкин Шапық Шөкіұлы бұл мәселені қайта көтерді. Біраз институттар бұның болжамды схемасын сызып шықты. 1960-жылдары Қазақстан мен Өзбекстанда су тапшылығы қатты сезілді, сонымен бұл жоба бүкілодақтық сипат алды.

1968 жылғы КОКП-ның ОК пленумында жобаны жобалау туралы шешім қабылданданды.

1971 жылы Ертіс-Қарағанды каналы жобаланды, бұл - Қазақстанның орталығын сумен қанымдау жөніндегі аталмыш жобаның бір бөлігі болатын.

1976 жылы КОКП-ның XXV съездінде жобаның соңғы жобалау шешімдері қабылданды. Алайда, осылайша талай шешімдер шыққанымен КСРО күйрегенше жоба басталмады. Одан кейін де басталмады. Бұған қарсылар неше түрлі уәждер айтты.

2002 жылы Мәскеу мэрі Юрий Лужков бұл идеяны қайта көтерді. 2009 жылы Астанада Юрий Лужковтың «Су және бейбітшілік» кітабының таныстырылымы болып өтті. Онда ресей билігінің су сату ойы анық байқалып қалды..

Ресей сыншылары бұл жоба экологияға орны толмас зиян әкеледі деп байбалам салуда. Ал шын мәнінде бұл Ертіс немесе Үбінің бар болғаны 7-10% суын ғана пайдалану туралы сөз болып отыр. Оның өзінде көктемгі тасқын кезінде ғана небары 10% суын пайдаланбақшы. Қазақстан экс-Президенті Н.Назарбаев бұл мәселені үнемі көтеріп келді. Алайда Ресей билігі нақты жауап берген жоқ.

Қарсы уәждер

Ресей сыншыларының сөзіне қарағанда аталмыш жоба бұрыннан қалыптасқан экологиялық теңдікті бұзады, жануарларға зиянын тигізеді, Сібірдегі аз санды халықтарға кесепатын тигізеді, Солтүстік Мұзды мұхиттың суы тұздануын артады, ондағы ауа райы өзгереді, Қазақстан мен Орталық Азияның кей өлкесі тұзданады, батпаққа айналады, кей өзендердің мұз құрсануы өзгереді, т.т. мыс. Қазақстандық кей сарапшылар да бұған қарсы ұстанымда. Өйткені, олардың пайымдауынша, қазақ тарабы Сібір өзендерін бұруға əрекеттенуі - бұл Сырдария, Əмудария өзендерінің суынан бас тарту деген сөз. Яғни еларалық конвенцияда көрсетілген аталмыш өзен суының белгілі мөлшерін тұтыну мүмкіндігімізден айырылып қаламыз деген қауіп бар.

Жобаның болашағы

Мамандардың есептеуінше 2020 жылға қарай Қазақстанның су қоры 100 км³-ден 70 км³-ге дейін азаяды. Ауғанстандағы соғыс аяқталса Әмудария суын керектену күрт артады. Онда Өзбекстанның таза су қоры екі есе азаяды.

Соңғы есептеулер бойынша жобаның құны кемінде 40 млрд долл. Кей есептеу бойынша 100 млрд доллардан асады. Жылдық табысы 7—10 млрд долл, құрылыстың жүрілетін мерзімі 15 жыл, жоба пайдалануға берілгеннен 15-20 жылдан кейін пайда бере бастайды. Ресейдің бірқатар сарапшылары бұл жобаны құптауда. Өйткені, олардың пайымдауынша қазақ тарабы суды түбінде бәрібір алып тынады. Қазақстаннан Ресейге ағып кететін су шамамен 30 км³ (Ертіс, Есіл, Тобыл), ал Ресейден Қазақстанға ағып келетін су (Жайық пен Еділдің бір сағасы - Қиғаш өзені) шамамен небары 8 км³ ғана. Міне, осы айырмада болашақта қазақ тарабы ойнайтын болады дейді. Халықаралық заң бойынша қазақ тарабы Ертіс суының 50 пайызын иемденуге құқылы. Сондықтан ресейлік бірлі жарым сарапшылар Ресей Сібір өзендерін бұруға қарсы тұру бекер деп есептейді. Сонымен қатар Ертіс-Қарағанды каналының өткізу қабілетін өсіріп, артық суды Нұра арқылы Есілге құйып, одан әрі Есілдің суын Жарқайың маңында бөгеп, 30 км су сорғылы канал арқылы Торғай ойпатына қарай ағызу версиясы да бар.

Дереккөздер

Tags:

Сібір Өзендерін Қазақстанға Бұру Жобаның мақсатыСібір Өзендерін Қазақстанға Бұру СипаттамасыСібір Өзендерін Қазақстанға Бұру «Сібір—Орталық Азия» каналыСібір Өзендерін Қазақстанға Бұру Анти-ЕртісСібір Өзендерін Қазақстанға Бұру ТарихыСібір Өзендерін Қазақстанға Бұру Қарсы уәждерСібір Өзендерін Қазақстанға Бұру Жобаның болашағыСібір Өзендерін Қазақстанға Бұру ДереккөздерСібір Өзендерін Қазақстанға БұруАрал теңізіКаспий теңізіТүрікменстанҚазақстанӨзбекстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ақпан төңкерісіӨркениетШеңберАтомАрыстан баб кесенесіЖелтоқсан көтерілісіДрамаТехникаМорфология (лингвистика)Қазақстанның экологиялық проблемаларыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріШерхан Мұртазаұлы МұртазаШаңырақКөзЕсім ханҚыпшақтарГемоглобинҚақтығыс ұғымыСауыр-ТарбағатайСаяси режимМұнай өнеркәсібіКүкіртЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміБұқаралық ақпарат құралдарыДеректер қорыОтырарБейімбет Жармағамбетұлы МайлинМұхитҒаламдық экологиялық проблемаларКөлік жолдарының ұзындығы бойынша елдер тізіміСәукелеУран (химиялық элемент)МиграцияКүрделі эфирлерНоғай ордасыШәует шығаратын өзекНарықтық экономикаЕңлік-КебекНесіпбек Тұрысбекұлы АйтОтырар кітапханасыӨртДемократияОперациялық жүйелерМенің атым Қожа (повесть)Тоғыз-құмалақҚазақстан қалаларыСинапстерКүлтегін ескерткішіАраб-Израиль соғыстарыҚазақстан өзендеріИнсулинҚазақстандағы сауда және жәрмеңкелерҚазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдеріЖылулық сәулелену. Абсолют қара денеҚазақ қолөнеріАлтынАбай жолы (роман)ФонетикаӘйелдердің киім-кешегіАдам генетикасыЖел энергетикасыЖұлдызды аспанАвтокөлік шығаратын елдер тізіміҚанЯсин сүресіТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚақтығысДекларацияЭкологиялық проблемаҰлпан (роман)Алаш қозғалысыТемекіЭтикаХиуаз Қайырқызы ДоспановаОйскирхенОразаПысықтауышЖарықМәкрүһ🡆 More