Полиграфия

Полиграфия (көне грекше: πολυγραφία)— мәтіндік және графикалық материалдарды басып шығаруға арналған техникалық құралдар жиынтығы; техника саласы.

Полиграфияның негізі 1440 ж. неміс өнер тапқышы И.Гутенбергтің (1406 — 1468) кітап басуды ойлап табуынан бастап қаланды. Полиграфия технологиясы негізінен 3 өндірістік процестен (пішінге келтіру, баспалық және өңдеу) құралады.

A.

Пішінге келтіру процесіне теру және иллюстрация баспа пішінін дайындау енеді. Мәтіндік пішін қолмен не теру машиналарымен терілетін баспаханалық шрифтіден алынады. Қазір автоматты теру әдісі кең тараған. Иллюстрация баспа қалыбын қолмен дайындауда шығыңқы баспада ағаш гравюрасы, ксилограф. не линогравюра; ойыңқы баспада металл гравюрасы, акватинта, офорт; жайпақ баспада литография пайдаланылады. Сондай-ақ иллюстрац. пішін фотомех. тәсілдермен (автотипия, фотоцинкография, фотолитография, фототипия, т.б.) және электронды бедерлеу машиналарының көмегімен де алынады.

Баспалық процесс кескін бояу резервуарында, аралық бетте және қабылдағыш бетте түзілетін түрлерге ажыратылады. Қазіргі Полиграфиядағы баспалық процесте бояулы кескін пішіннен көшірілетін бетке тікелей беттестіру арқылы немесе бір (офсеттік баспа) не екі аралық бет арқылы басылады. Баспалық процесс баспа машинасы арқылы орындалады.

Өңдеу процестері баспа өнімдерінің түріне байланысты жүргізіледі. Кітап пен журнал дайындауда қолданылатын өңдеу процесі (брошюралау, түптеу) тым күрделі. Полиграфия кәсіпорындар шығаратын өніміне байланысты баспахана, типогр., түрлі-түсті баспа фабрикакасы, картогр. фабрикака, офсеттік баспа фабрикакасы, литография, т.б. болып аталады. Бірнеше баспалық процестерді біріктіретін кәсіпорын Полиграфия комб-ы (мыс. Алматы қ-ндағы “Полиграфкомбинат” кәсіпорны) делінеді.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


Tags:

Ежелгі грек тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ом заңыҚазақ билеріКөмірқышқыл газШоқан Шыңғысұлы УәлихановАдамаралық қарым-қатынасҮтірАйтысКүкірт қышқылыҒұндарЭлектр энергетикасыЖамбыл ЖабайұлыНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевҚұндылықҚазақстан 2030АрқарСынтас (тас)Ленинград шайқасыЭкстремизмАлаш қозғалысыСолтүстік ҚазақстанТуризмТозаңдануШығыс ҚазақстанХалықаралық жария құқықСанжар Сейітжафарұлы АсфендиаровДостықМағжан Бекенұлы ЖұмабаевИталияМұнайМетафораМоңғолияАралас құрмалас сөйлемЖаңа экономикалық саясатОрбұлақ шайқасыГерманияАшаршылықНұркен ӘбдіровЖоңғар шапқыншылығыАй (серік)АфрикаЭндокриндік жүйеНорвегияСөйлем мүшелеріҚолдан сұрыптауХалықаралық еңбек бөлінісіҚазақстан демографиясыГалогендерМемлекет астаналары тізіміӨмірзая (роман)Герцшпрунг — Рассел диаграммасыҚазақ хандарыҒарышАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіҰлы Жібек жолыТұмар ханшаМақалаШымкентҚазақстанның кен ресурстарыМұхаметжан ТынышбайұлыҚыпшақтарЕсім ханЖүйке жасушаларыГеосаясатМұстафа Кемал АтатүрікЖылқыУнитарлы мемлекетЖалпы Ұлттық ӨнімҚұранТұқым қуалаушылықГрафитЖүрекМұхитқа шыға алмайтын елдерСолтүстік АмерикаБронхитҚұймаларӘміре ҚашаубаевФерменттерЖарықАлғашқы көмек🡆 More