Пилотаж (фр.
Пилотаж әуе ұрысында және ұшқыштарды жаттықтыруда қолданылады. Пилотаж өзінің күрделілік деңгейіне байланысты қарапайым, күрделі және жоғары түрлерге бөлінеді. Ұшатын аппараттар санына байланысты жекелеген және топтық болады. Қарапайым Пилотаж фигурасына: бұрылыс (45 градусқа дейін), көлденең сегіздік (әр түрлі бағыттағы кезектеліп орындалган екі бұрылыс), жыланша, жоғары көтерілуші және қулдилау спиралі, сырғу, 45 градусқа дейін шүйілу мен көтерілу жатады. Күрделі Пилотаж фигурасына жататындар: ұрыстық бұрылыс — жоғарылаумен бірге 180 градусқа бұрылу; төңкерілу — бойлык осіне байланысты 180 градуска бұрылу, сырғу және кері бағытқа келденең ұшып шығу; жартынай төңкерілу — ұшатын алпараттың бойлық осіне байланысты 90 градустан жоғары (бірак, 180 градустан кем) бұрышқа бұрылу, төмендеу және кері бағытқа көлденең ұшып шығу; бөшке — ұшу бағытын ұстай отырып бойлык осі бойынша 360 градус бұрылу; Нестеров тұзағы — ұшатын аппараттың тік жазыктықта кіру нүктесінен жоғары орналасқан тұйықталған қисық сызық бойымен ұшуы; қиғаш тұзақ — қиғаш жазықтықта орындалатын Нестеров түзағы; жартылай тұзак — ұшатын аппараттың Нестеров түзағының көтерілу бөлігінің жоғарғы нүктесінде бойлық осі бойынша 180 градус бүрылуы және кері бағытқа келденең үшып шығу; кәтерілу кезіндегі бұрылу — көтерілу кезінде қиғаш жазықтықта ұшақты 180 градус бұру және кіру бағытына кері шүйілу; көтерілу кезінде тоңкерілу — көтерілу, бойлық осі бойынша ұшақты 180 градус бұру және тік жазықтықта құлдилау траекториясы бойымен кері бағытқа ұшып шығу. Сонымен қатар, күрделі Пилотажға жиналмалы сапта ұшатын аппараттар тобымен жасалатын карапайым Пилотаж жатады. Жоғары Пилотаж фигураларына: бәсеңдетілген бәшке; бір жарым және кеп реттік көлденең және жоғары кәтерілу бәшкелері; бір жарым тұзақ; қосарланған жартылай тұзақ; жартылай бәшкемен бірге жасалатын қосарланған жоғары көтерілу ұрылысы және күрделі Пилотаж фигуралары мен бөлшектерінің қосындысы, сондай-ак төңкеріліп ұшудың барлық түрлері, топ кұрамында жасалатын күрделі Пилотаждың барлық фигуралары жатады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Пилотаж, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.