Луис Инасиу Лула Да Силва

Луис Инасиу Лула да Силва (порт.

Лула Бразилия тарихындағы екі бөлек мерзімде қызмет еткен алғашқы президент болып келеді.

Луис Инасиу Лула да Силва
порт. Luiz Inácio Lula da Silva
Луис Инасиу Лула да Силва
Лауазымы
Ту
Ту
Бразилияның 39-шы Президенті
Ту
Ту
1 қаңтар 2023 жылдан бастап
Вице-президент Жералду Алкмин
Ізашары Жаир Болсонару
Ту
Ту
Бразилияның 35-ші Президенті
Ту
Ту
1 қаңтар 2003 — 1 қаңтар 2011
Вице-президент Жозе Аленкар
Ізашары Фернанду Энрики Кардозу
Ізбасары Дилма Русеф
Ту
Ту
Жұмысшылар партиясының Президенті
Ту
Ту
15 шілде 1990 — 24 қаңтар 1994
Ізашары Луиз Гушикен
Ізбасары Руй Фаукау
9 тамыз 1980 — 17 қаңтар 1988
Ізашары лауазымы құрылды
Ізбасары Оливиу Дутра
Сан-Паулудан Бразилия Депутаттар палатасының депутаты
1 ақпан 1987 — 1 ақпан 1991
Өмірбаяны
Партиясы Луис Инасиу Лула Да Силва Жұмысшылар партиясы
Діні католицизм
Дүниеге келуі 27 қазан 1945 (1945-10-27) (78 жас)
Каэтес, Пернамбуку, Бразилия
Әкесі Аристидис Инасиу да Силва
Анасы Эуридиси Феррейра ди Мелу
Жұбайы Мария ди Лурдис
(1969 үйл.; 1971 қайт.)
Мариза Летисия Каза
(1974 үйл.; 2017 қайт.)
Розанжела Да Силва
(2022 үйл.)
Балалары 5
Сайты lula.com.br
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
[[commons:Category:Luiz Inácio Lula da Silva|]] Ортаққорда

Лула Социалистік Жұмысшылар партиясының тең құрылтайшысы және құрметті төрағасы болып келеді.

2017 жылы 12 шілдеде сыбайлас жемқорлық және ақшаны заңдастұру ісі бойынша ол 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 2018 жылғы 24 қаңтарда ол Порту-Алегри сотында осы іс бойынша апелляциялық шағымдан жеңілді. Сонымен қоса, сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі 9,5 жылдан 12 жылға дейін ұлғайтылды.

2019 жылдың 8 қарашасында ол Жоғарғы Соттың барлық апелляциялар таусылғанға дейін үкімнің заңды күшіне енуінің заңсыздығы туралы шешіміне байланысты 580 күндік қамаудан кейін босатылды.

2022 жылғы президент сайлауында Жаир Болсонаруға қарсы жеңіп, Бразилия тарихындағы үш рет сайланған жалғыз президент болды. Қызметін 2023 жылдың 1 қаңтарында бастады.

Жастық шағы

Луис Инасиу да Силва 1945 жылы 27 қазанда Каэтес, Сан-Паулуда дүниеге келген. Ол Аристид Инасио да Силва мен Евридиси Феррейра де Мелоның сегіз баласының жетіншісі. Ол туғаннан екі аптадан соң, әкесі Сантусқа немере әпкесі Валдомира Феррейро ди Гойспен көшіп кетті.

1952 жылдың желтоқсанында, Лула небәрі жеті жаста болғанда, анасы балаларымен бірге Сан-Паулуға көшіп, күйеуімен тағы кездесуге шешім қабылдады. Пау-де-арарада (жүк көлігінің ашық жүк аймағы) 13 күндік сапардан кейін ол Гуаризаға келіп, Аристидтің Вальдомирамен екінші отбасын құрғанын анықтайды. Аристидтің екі отбасы бір үйде біраз уақыт тұрды. Төрт жылдан кейін Евридиси балаларымен бірге Сан-Паулу қаласындағы бардың кішкентай бөлмесіне көшті. Осыдан кейін Лула маскүнемдікке салынып, 1978 жылы қайтыс болғанға дейін әкесін сирек көріп тұрды.

Білімі мен жұмысы

Лула жүйесіз білім алды. Ол он жасқа дейін оқи алмады және төртінші сыныптан кейін жұмыс істеп, отбасына көмектесу үшін мектептен кетті. Еңбекке араласуы 12 жасында көше сатушысы және аяқ киімді жылтыратудан басталды. 14 жасында ол мыс өңдеу фабрикасында алғашқы ресми жұмысқа орналасты.

19 жасында ол автомобиль бөлшектерін шығаратын зауытта пресс-оператор болып жұмыс істеген кезде жазатайым оқиғаның кесірінен сол қолының кішкентай саусағынан айырылды. Саусағынан айырылғаннан кейін алғашқы көмек алғанға дейін бірнеше ауруханаға барды. Осы тәжірибенің нәтижесінде ол жұмысшылар кәсіподағындағы қызметке көбірек қызығушылық таныта бастады. Содан кәсіподақ қызметіне араласып, кәсіподақтың бірнеше маңызды қызметтерін атқарды. Диктатура одақтың әрекеттерін қатты тежейтіндіктен, оның саяси көзқарастарын солға қарай ығысуына мәжбүр етті.

1969 жылы ссол жылы гепатиттен қайтыс болған Мария де Лурдиске үйленді. 1974 жылы Лула жесір Марисаға үйленді, олардың үш ұлы болды (ол Марисенің бірінші некесінен ұлын да асырап алды). Сол жылдың басында оның Мириам Кордейро Лурианмен некесіз қызы болған.

Саяси мансабы

Луис Инасиу Лула Да Силва 
Лула да Силва 80-жылдары Бразилия парламентінде

1980 жылы 10 ақпанда академиктер, зиялы қауым өкілдері мен жастар көшбасшылары, оның ішінде Да Силва бар әскери диктатура кезінде құрылған солшыл идеологиясы бар прогрессивті партия Жұмысшылар партиясын (ЖП) құрды.

1982 жылы да Силва өзінің нақты есіміне «Лула» бүркеншік атын қосты. 1983 жылы Бразилияның CUT кәсіподақтар федерациясын (порт. Central Única dos Trabalhadores) құруға қатысты. 1984 жылы ЖП және да Силва «Диретас жа» («Тікелей иә», «Құқық дәл қазір», порт. Diretas Já) тікелей президенттік сайлауды қолдау науқанына қатысты. 1967 жылғы конституцияға сәйкес, Бразилия президентін парламент сайлады, олардың барлығы 1964 ж. наурызынан бастап аға офицерлер болды. Көптен күткен сайлау 1989 жылы өтті, ал Бразилия халқы 29 жылда алғаш рет дауыс берді. Бұл сайлауда екінші айналымда да Сильваны басып озған Фернандо Коллор де Мелло жеңіске жетті. 1992 жылы Лула сыбайлас жемқорлыққа айыпталған Коллордың импичментін белсенді қолдады.

Бірінші президенттілігі (2003–2010)

Луис Инасиу Лула Да Силва 
Жұмысшылар партиясының жақтаушылары президенттік сайлаудағы жеңісін тойлауда (2006)
Луис Инасиу Лула Да Силва 
Президенттік сайлаудың екінші турының қорытындылары (2006). Лула да Силва жеңген штаттар қызыл түспен көрсетілген      Луис Инасиу Лула да Силва      Жералду Алкмин

2002 жылғы сайлауда ол президент болып сайланды, бірінші турда 46,4%, екінші турда 61,3% жинады. Луланың күтуіне және сайлау алдындағы риторикасына қарамастан оның үкіметі өзінен бұрынғы Ф.Кардосоның мемлекеттік бюджеттің алғашқы профицитін және ұлттық валютаның өзгермелі бағамын сақтай отырып макроэкономикалық саясатын толығымен сақтап қалды. Экономикалық саясаттағы жалғыз түбегейлі өзгеріс жекешелендіру бағдарламасын қысқарту болды, дегенмен Лула оны қайта мемлекет меншігіне алмады .

2006 жылғы сайлауда ол бірінші турда 48,6%, екінші турда 60,8% жинап, қайта сайланды.

2000 жылдары Бразилияда Лула саясатының арқасында орасан зор экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болды, оның негізгі бағыттары қатаң бюджеттік саясат пен инфляцияны бақылау болды. Сонымен қатар, Лула үкіметі әлеуметтік бағдарламалардың тұтас кешенін жасады, олардың бастысы — «Отбасылық пакет» (Bolsa Família) арқасында 12 миллион кедей бразилиялық отбасылар ай сайынғы төлеммен қамтамасыз етіліп, олардың балалары үнемі мектепке барып, қажетті медициналық екпелер алды. Дж. Варгас атындағы Бразилиялық Қоғамдық пікірді зерттеулер және әлеуметтік зерттеулер қорының ғалымдары алынған деректерге сәйкес, Бразилияда әлеуметтік теңсіздік соңғы жарты ғасырда оның ең төменгі деңгейге жетті: 1994 жылдан бастап 2010 жылға дейін елдегі кедейлік деңгейі 67,3%-ға төмендеді, осы құлаудың 50%-ы, Да Сильваның президенттік жылдарында құлады.

Президенттігінен кейін (2011–2022)

2011 жылғы 2 қазанда Сан-Паулудағы Сирия-Ливан госпиталінде тамақ ауруы диагнозы қойылды. Ол өсінділерді түзету үшін химиотерапиядан өту туралы шешім қабылдады және 16 қарашада баспасөз қызметі әйелінің шашы мен сақалын қырып тастап, Лулудан таз, бірақ мұртты қалдырған суретін жариялады. Бұл Лула отставкаға кеткеннен кейін оның бірінші рет сақалсыз көрінуі болды. Лула қатерлі ісіктен толық ремиссия болғанға дейін сәулелік терапиядан өтті. 2012 жылдың наурызында Лула өзінің қалпына келгенін және саясатқа қайта оралғанын жариялады. Бразилияның сол кездегі президенті Дилма Руссеф бұл жаңалықты жоғары бағалады. Сыбыстардан айырмашылығы, 2013 жылдың басында Лула өзінің мұрагері Дилма Русефті тағы бір рет қолдай отырып, енді президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді.

Луис Инасиу Лула Да Силва 
Лула да Силва мен Дилма Русеф, 2009 жыл
Луис Инасиу Лула Да Силва 
Жак Ширак пен Луис Инасио Лула да Силва, Таң сарайы, Бразилия

2021 жылдың 21 қаңтарында Лула COVID-19-бен аурып қалғанын айтты. Ол ауруханаға жатқызуды қажет етпеді және өз бетінше емделді.

2018 жылғы президенттік сайлау

Луис Инасиу Лула Да Силва 
Лула 2018 жылы

2017 жылы Лула 2018 жылғы сайлауда жұмысшылар партиясы атынан 2018 жылғы президент сайлауына қайтадан қатысатынын мәлімдеді. Қыркүйек айында ол Бразилия штаттары арқылы өткен жақтастардың керуенін басқарды. Бразилияның оңтүстігінде жүрген керуен наразылық нысанасына айналды. Паранада науқан автобусына оқ атылды, ал Рио-Гранде-ду-Сулда Луланы қолдайтын содырларға тас лақтырылды.

Лула 2018 жылдың сәуірінде түрмеде отырғанына қарамастан, Жұмысшылар партиясы Луланы партияның президенттігіне кандидат ретінде қалдырды. 2018 жылдың маусымында Ibope жүргізген сауалнамада Лула 33% дауыс беру ниетімен көш бастады, Социал-либералдық партия кандидаты Жаир Болсонару 15% дауыспен екінші болды. Лула Бразилия Коммунистік партиясы мен Социалистік партиямен аймақтық альянстар туралы келіссөздер жүргізді.

Жұмысшылар партиясы Луланы ресми түрде 2018 жылдың 5 тамызында Сан-Паулуда кандидат ретінде ұсынды. Актёр Сержиу Мамберти түрмеде жазасын өтеуіне байланысты келе алмаған Лула жазған хатты оқыды. Сан-Паулуның бұрынғы мэрі Фернанду Аддад Луланың серіктесі аталды және Луланың іс-шаралар мен пікірталастарда өкілі болуды мақсат етті.

2018 жылдың 31 тамызында Жоғарғы сайлау соты Луланың кандидатурасын қабылдамады, сол кезде жеті судьядан тұратын алқаның көпшілігі Луланың президенттік сайлауға қатысуына тыйым салу үшін дауыс берді. 2018 жылдың 11 қыркүйегінде Лула ресми түрде сайлаудан шығып, оның орнына Луланың өзі қолдаған Фернанду Аддад келді.

Екінші президенттілігі (2022–)

2021 жылдың мамырында Лула 2022 жылдың қазан айында өтетін жалпы сайлауда сол кездегі президент Жаир Болсонаруға қарсы шығатынын айтқан. 2021 жылдың шілде айының соңында жүргізілген сауалнамалар нәтижесінде ол еш қиындықсыз жеңетінін көрсетті.

2022 жылдың сәуірінде Лула өзінің кандидатурасы Сан-Паулу штатының үш мерзімді губернаторы Жералду Алкмин болатынын мәлімдеді.

2 қазанда бірінші турдың дауыс беруінде Лула сайлаушылардың 48,43% жинап, Жаир Болсонаруға қарсы екінші турға жолдама алды. Лула жетпіс жетінші туған күнінен үш күннен кейін 30 қазанда екінші турда жеңіске жетті. Ол Бразилияның үш мерзімге сайланған бірінші президенті болды.

Марапаттары

Ел Табыстау күні Марапат Литерлер
Луис Инасиу Лула Да Силва  Ұлыбритания 2006— Бани ордені Үлкен крест рыцарі GCB
Луис Инасиу Лула Да Силва  Норвегия 2003— Әулие Олаф орденді кавалері
Луис Инасиу Лула Да Силва  Норвегия 2003— Норвегия Корольдігі орденінің кавалері
Луис Инасиу Лула Да Силва  Перу 2003— Перу Күн Орденінің Үлкен Кресі кавалері
Луис Инасиу Лула Да Силва  Испания 2003— Католик Изабелла орденінің тізбегіндегі үлкен крест кавалері
Луис Инасиу Лула Да Силва  Украина 2003— Кінәз Ярослав Данышпан орденінің 1 дәрежелі кавалері
Луис Инасиу Лула Да Силва  Португалия 17 қазан 2003— Бостандық орденінің үлкен тізбегі кавалері GColL
Луис Инасиу Лула Да Силва  Габон 2004— Экваторлық жұлдыз орденінің үлкен кресі
Луис Инасиу Лула Да Силва  Кабо-Верде 2004— Амилкар Кабрал орденінің үлкен кресі
Луис Инасиу Лула Да Силва  Колумбия 2005— Бояка ордені
Луис Инасиу Лула Да Силва  Гана 2005— Гана Жұлдызы орденінің серігі CSG
Луис Инасиу Лула Да Силва  Алжир 7 ақпан 2006— Athir Ұлттық Құрмет ордені
Луис Инасиу Лула Да Силва  Мексика 2007— Ацтек бүркітінің тізбегі кавалері
Луис Инасиу Лула Да Силва  Панама 11 тамыз 2007 — Омар Торрихос Эррера Үлкен Крест ордені кавалері
Луис Инасиу Лула Да Силва  Дания 12 қыркүйек 2007— Піл орденінің кавалері R. af E.
Луис Инасиу Лула Да Силва  Португалия 2008— Мұнара мен қылыш, ерлік, адалдық және еңбек сіңірген әскери орденінің үлкен кресі кавалері GCTE
Луис Инасиу Лула Да Силва  Сауд Арабиясы мамыр 2009— Король Абдель-Азиз аль-Саудидің орден тізбегі кавалері
Луис Инасиу Лула Да Силва  Украина 2009— Бостандық ордені кавалері
Луис Инасиу Лула Да Силва  Сирия 2010— Омейядтар ордені 1-ші дәрежелі кавалері
Луис Инасиу Лула Да Силва  Гвинея-Бисау 2010— Амилкара Кабрал медалі
Луис Инасиу Лула Да Силва  Замбия 2011— Замбия бүркіті Ұлы Командор ордені GCEZ
Луис Инасиу Лула Да Силва  Польша 2011— Валесса қоры сыйлығының лауреаты
Луис Инасиу Лула Да Силва  ОАР 27 сәуір 2011— Тамбо Компаньондар Алтын орденінің кавалері

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Луис Инасиу Лула Да Силва Жастық шағыЛуис Инасиу Лула Да Силва Білімі мен жұмысыЛуис Инасиу Лула Да Силва Саяси мансабыЛуис Инасиу Лула Да Силва Президенттігінен кейін (2011–2022)Луис Инасиу Лула Да Силва Екінші президенттілігі (2022–)Луис Инасиу Лула Да Силва МарапаттарыЛуис Инасиу Лула Да Силва ДереккөздерЛуис Инасиу Лула Да Силва СілтемелерЛуис Инасиу Лула Да Силва

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Орыс асханасыАққулар ұйықтағандаМәшһүр Жүсіп КөпейұлыЖеті жарғыӨкпеТүсті металлургияСпартак көтерілісіТүпті жуаЗиготаСаясатҚара металлургияКөлікБарбаросса жоспарыАлланың есімдеріҒаламдық мәселелерУнитарлы мемлекетКеңес Одағының БатырыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыШерхан Мұртазаұлы МұртазаЕжелгі Рим өнеріИнтеграцияЖеке еңбек шартыМолотов-Риббентроп пактыБатыс ҚазақстанҚазақстандағы алюминий кеніТотығу-тотықсыздану реакцияларыРимЭлектромагниттік толқындарАустралияСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Астық шаруашылығыТұлғаҚазақстан мейрамдарыМемлекетБалуан ШолақМәтінШәкәрім ҚұдайбердіұлыҮстеуСан есімГүлГеосаясатКөмірСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыЖұлынКанадаБауыржан МомышұлыКөптік жалғауЖаңа экономикалық саясатКонсументтерЖер сілкінуЛаңкестік әрекетҚызғалдақКөлік кешеніӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Фариза ОңғарсыноваЛатын АмерикасыҚазақ әліпбиіБуддизмҚасым АманжоловҚан топтарыТүйелерКонституцияЖақты сөйлемҚабанбай батырАбай ҚұнанбайұлыҒылымАқмола облысыКиіз үйАдам даму индексіЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҰлпан (роман)Публицистикалық стильҚоршаған ортаның ластануыҒабиден МұстафинТабиғатҰлы Отан соғысыҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев🡆 More