Жоба

Жоба — жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б.

макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.


Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, Жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады. Кәсіпорындарды жобалауға тапсырма берілгенде нарықтық экономика жағдайына сәйкес жаңа құрылыстың немесе қайта құрудың тиімділігі ескеріле отырып, техникалық-экономикалық дәлелдерге сүйенеді. Жобалық тапсырмада мынадай негізгі сипаттамалар: үкіметтің тиісті қаулысы, құрылыс салынатын аудан, шығарылатын өнім мен кәсіпорынның өндірістік қуаты, шикізатпен, отынмен, газбен, электр энергиясымен, сумен, т.б. қамтамасыз ететін көздер мен әдістер, өндірісті белгілі бір өнім түрлерін шығаруға ыңғайлау, құрылыстың аяқталу мезгілі және оның кейбір жеке бөліктерінің іске қосылуы, жұмсалатын қаражат мөлшері, өзіндік құн көрсеткіштері, болашақта ұлғайту мүмкіндіктері, т.б. мәліметтер түгел көрсетілуге тиіс.

  • Жұмыстық жоба - бұйым жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманың (техникалық жобадан кейін) жасаудың 4-ші сатысы; оған мына этаптар жатады:
    • жұмыстық сызбаларды және техникалық жағдайларды жасау, транспорттық құралдардың тәжірибеден еткен агрегаттарының ұлгілірін дайындау және сынактан еткізу конструкциялық құжаттаманы жөнге келтіріп отыру;
    • сонымен қатар бұган мыналар жатады: бос серияны және орнату сериясын сынау; конструкциялық құжаттаманы женге келтіру;
    • құжаттарға - тәжірибелік ұлгілер үшін «о» литерін, орнату сериясы үшін «а», басты серия үшін «б» беру.
  • Техникалық жоба - конструкциялық құжаттаманың бұйымды жасау кезіндегі үшінші стадиясы (эсқаиздік жобадан кейін) оған мына этаптар жатады:
    • жалпы құрастыру сызбасын аяқтау, шасси пакетін жасап шыгару, агрегаттар конструкциясын жасап шығару;
    • құжаттарға «т» литерін тағайындайды.
  • Нобай жоба - бұйымды жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманы жасаудың екінші сатысы (техникалық ұсыныстан кейін)- мынадай кезендер жатады:
    • эскиздік құрастыру сызбасы, ізденіс макеттерін құру, ішкі және сыртқы пішімдеу;
    • бұл конструкциялық құжаттар мен пішіндердіқ жиынтығында, ол жолаушылар мен жүргізушінің орналасуы, бұйымның сыртқы және ішкі пішіндері туралы толық көрініс беретін қорытынды техникалық шешімдер болуы керек.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Projects

Tags:

Макет

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Латын АмерикасыЛизосомаАвтокөлік шығаратын елдер тізіміТахауи АхтановҚазақстандағы минералды ресурстарЖақыҚазақ газетіТүйелерФотосинтезТынымбай НұрмағамбетовУақыт машинасы (роман)Тыныс алу жүйесіАвтомобильШерхан Мұртазаұлы МұртазаҚұбыр желісіАналық жыныс жасушасыБиосфераКомпьютерЖарықтың интерференциясыТүркілерКиіз үйАИВ/ЖИТСЖусан иісі (повесть)Шығыс Қазақстан облысыКомпьютерлік желіОттегіШығыс ЕуропаЭпитетҰлы Отан соғысыДраматургияХиуаз Қайырқызы ДоспановаТүргеш қағанатыДевианттық мінез-құлықАуыл шаруашылығыКәлимәСәулетШұғаның белгісіТеріКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысТүрік қағанатыЖылулық сәулелену. Абсолют қара денеӘдет-ғұрыптарФразеологизмҚазан төңкерісіКүн жүйесіЭлектромагниттік толқындарҚатерлі ісікНайманҚазақстан географиясыМиграцияХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыКітапТерроризмСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚақтығысҚазақстандағы транспортҚызылорда облысыАрал теңізіДулат БабатайұлыЗурзееҚұқықМейозБатыс ЕуропаШетел инвестицияларыТүркияНайзағайАстанаБауыржан МомышұлыИсламФранцияЮрий Алексеевич ГагаринКонсументтерЖаңа экономикалық саясатӘл-Фатиха сүресіҚазақстан қалаларыБұрындық ханАсқазан ауруларыАңырақай шайқасы🡆 More