Сэмюэл М.
Рэйми (ағылш. Samuel M. Raimi, 23 қазан 1959 жыл, Окленд) — америкалық кинорежиссёр, актёр, продюсер және сценарийші. Ең белгілі туындылары қатарына Зұлым өліктер (1981–) франшизасы, Өрмекші-адам трилогиясы (2002–2007) және Диснейге жасаған түрлі фэнтези фильмдері жатқызылады.
Сэм Рэйми | |
ағылш. Sam Raimi | |
Сэм Рэйми 2014 жылы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Мамандығы | режиссёр, кинопродюсер, сценарийші және актер |
Белсенді жылдары | 1977 жылдан бері |
Марапаттары | |
IMDb | |
Сэм Рэйми Мичиган штатының Окленд округіндегі Роял Оук қаласында, еврейлер отбасында дүниеге келген. Ата-аналары — саудагерлер Силия Барбара (туған тегі Абрамс) және Леонард Рональд Райми, бабалары қазіргі Ресей мен Мажарстаннан Америкаға келген еврейлер болған.
Інісі Тед — актёр, ағасы Айван — сценарист және дәрігер және әпкесі Андреа Рэйми Рубин — сот репортёрі. Басқа бір ағасы, Сандер 15 жасында Израильде байқаусыздан суға батып кетті, Рэйми бұл оқиғаның отбасыны жақын қылды деп айтты. Рэйми сонымен қатар Сандердың оны алғаш рет Өрмекші-адам кейіпкерімен таныстырып, оның комикстерге деген сүйіспеншілігін оятқанын айтты.
Рэйми Гроувз орта мектебін бітірді, кейін Мичиган штатының университетіне де, Боккони университетіне де оқуға түсті, онда ол ағылшын тілін оқыды, бірақ «Зұлым өліктер» фильмін түсіремін деп үш семестрден кейін оқуын тоқтатты.
Рэймидің фильмдерге деген қызығушылығы әкесінің үйге фильм камерасын алып келген салысымен оянған. 1975 жылы таныс болған досы Брюс Кэмпбеллмен бірге ол үйден әуесқой кино жасайтын. Колледждегі оқуы кезінде ол Кэмпбелл мен бауырының бөлмелесі болған Роберт Тапертпен бірге $375,000 жинаған 32 минуттық «Орманда» қорқынышты фильмін және «Бұл — өлтірушілік!» дебюттік фильмін түсірді. Отбасы, достары және инвесторлар қаржысы және көмегі арқылы Рэйми хитке айналған және мансабын бастаған «Зұлым өліктер» (1981) табысты қорқынышты фильмінің өндірісін қаржыландыра алды.
Ұзақ уақыт бойы комикстерге қызығушылығы бар Рэйми кейін «Көлеңке» суперқаһарман кейіпкерін фильмге бейімдеуге тырысты, бірақ авторлық құқықтарға қол жеткізе алмағасын өзінің супер-қаһарманы Darkman (1990) ойлап тапты. Бұл фильм оның алғашқы ірі студиялық картинасы болды және коммерциялық тұрғыдан табысты болды, екі сиквелы да шықты.
1990 жылдары Рэйми басқа да жанрларға көшті, нәтижесінде «Жылдам және өлі» (1995) уэстэрні, я «Қарапайым жоспар» (1998) қылмыс триллері сияқты фильмдер жасалды.
Рэйми Өрмекші-адам комикс сериясынан бейімделген аттас блокбастерімен (2002) үлкен сыни және коммерциялық табысқа жетті. Фильм дүние жүзінде 800 миллион АҚШ долларынан астам табыс тауып, екі сиквелді дүниеге әкелді: режиссері Рэймидің өзі болған Өрмекші-адам 2 және Өрмекші-адам 3 әрқайсысы шамамен 800 миллион доллар жинады. Үшінші «Өрмекші-адам» фильмі аяқталғаннан кейін ол тағы екі сиквел шығаруды жоспарлады (Sony Picturesтің үш сиквелді жоспарлағанына қарамастан), бірақ көңілінен шығатын сценарий таба алмады. 2022 жылы Өрмекші-адам 3 туралы ой елегінен өткізген Рэйми Rolling Stoneға былай деді: "Бұл мен үшін өте күрделі тәжірибе болды. Мен өзімді осы үшін өтеу үшін Өрмекші-адам фильмін түсіргім келді. [Түсірілмей қалған] Өрмекші-адам 4 — бұл шынымен де осы жайлы болды. Менің [фильмдер сериясын] жоғары нотада аяқтағым келді, «сол да жарайды» деңгейіндегі фильммен аяқтағым келген жоқ. Менің ойымда болған стандарттың жоғары болғаны сонша, мен оған жете алмаймын деп ойладым». Ол Марк Уэббпен бірге екеуі Marvel Studios-тің Джон Уоттс түсірген Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ фильміне шығармашылық кеңесші ретінде шақырылды.
Рэйми 2013 жылдың 8 наурызында Walt Disney Pictures шығарған және дүние жүзінде 493 миллион доллар жинаған «Ұлы және қорқынышты Оз» фильмін басқарды. Ол жоспарланған жалғасын басқармайтынын айтты.
2020 жылдың 5 ақпанында Рэймидің Marvel Studios-пен «Доктор Стрэндж: Ессіз мультиғалам» режиссерлік ету үшін келіссөздер жүргізіп жатқаны жарияланды, және Рэйми бұл фильм түсіріліміне қатысын 2020 жылдың сәуірінде растады. Бұл — Рэймидің 2007 жылы Өрмекші-адам 3 фильмінен кейін 15 жылдан астам уақыттан кейін суперқаһармандық фильм жанрына қайта оралуы.
1993 жылдан бері Рэйми белгілі канадалық актер Лорн Гриннің қызы Гиллиан Гриннға үйленген, олардың бес баласы бар. Жасы ең үлкен үш баласы Өрмекші-адам 3 фильмінде көпшілік көріністе болды.
Жыл | Атауы | Кинорежиссёр | Сценарийші | Қосымша ақпарат |
---|---|---|---|---|
1977 | Бұл — өлтірушілік! ағылш. It's Murder! | Иә | Иә | Әуесқой фильм болған |
1981 | Зұлым өліктер ағылш. The Evil Dead | Иә | Иә | |
1985 | Қылмыс толқыны ағылш. Crimewave | Иә | Иә | |
1987 | Зұлым өліктер 2 ағылш. The Evil Dead II | Иә | Иә | |
1989 | Жеңіл дөңгелектер ағылш. Easy Wheels | Жоқ | Иә | фильм жазуларында "Силия Абрамс" деп жазылған |
1990 | Darkman | Иә | Иә | |
1992 | Натттар үйі ағылш. The Nutt House | Жоқ | Иә | фильм жазуында "кіші Алан Смити" деп жазылған |
Қараңғы әскері ағылш. Army of Darkness | Иә | Иә | фильмді өңдеген (фильм жазуында "R.O.C. Sandstorm" деп жазылған) | |
1994 | Хадсакердің қолғабысшысы ағылш. The Hudsucker Proxy | Жоқ | Иә | Сондай-ақ 2-бөлімінің режиссёрі |
1995 | Жылдам және өлі ағылш. The Quick and the Dead | Иә | Жоқ | |
1998 | Қарапайым жоспар ағылш. A Simple plan | Иә | Жоқ | |
1999 | Ойынға махаббаты үшін ағылш. For Love of the Game | Иә | Жоқ | |
2000 | Сыйлық ағылш. The Gift | Иә | Жоқ | |
2002 | Өрмекші-адам ағылш. Spider-man | Иә | Жоқ | |
2004 | Өрмекші-адам 2 ағылш. Spider-man 2 | Иә | Жоқ | |
2005 | Айқайлайтын миы бар адам ағылш. Man with the Screaming Brain | Жоқ | Сюжеті | фильм жазуында "R.O.C. Sandstorm" деп жазылған |
2007 | Өрмекші-адам 3 ағылш. Spider-man 3 | Иә | Иә | |
2009 | Мені тозаққа ала кел ағылш. Drag me to Hell | Иә | Иә | |
2013 | Ұлы және Қорқынышты Оз ағылш. Oz the Great and Powerful | Иә | Жоқ | |
2022 | Доктор Стрэндж: Ессіз мультиғалам ағылш. Doctor Strange in the Multiverse of Madness | Иә | Жоқ |
Жылы | Атауы | Кинорежиссёр | Сценарийші | Телепродюсер | Құрушы | Қосымша ақпарат |
---|---|---|---|---|---|---|
1994–1997 | M.A.N.T.I.S. | Жоқ | Сюжеті | Иә | Иә | Wrote story for "Pilot" |
1995–2001 | Зена — жауынгерлер патшайымы ағылш. Xena: Warrior Princess | Жоқ | Жоқ | Иә | Әзірлеушісі | |
1997 | Тыңшы ойыны ағылш. Spy Game | Жоқ | Жоқ | Иә | Иә | |
2008–2010 | Іздеушінің аңызы ағылш. Legend of the Seeker | Жоқ | Жоқ | Иә | Иә | |
2014 | Rake | Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | 2 episodes |
2015–2018 | Эш зұлым өліктерге қарсы ағылш. Ash vs. Evil Dead | Иә | Иә | Иә | Әзірлеушісі | "El Jefe" эпизодінің режиссёрі және сценарийшісі |
2020 | Қорқыныштың 50 штаты ағылш. 50 States of Fright | Иә | Иә | Иә | Жоқ | 3 эпизоді |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Сэм Рэйми, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.