Люк Джордж Эванс ағылш.
Люк Эванс | |
Luke Evans | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі | Люк Джордж Эванс |
Туған күні | |
Туған жері | Абербаргойд, Уэльс, Ұлыбритания |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары | 2000—қазіргі күн |
IMDb | |
lukeevansofficial.com | |
15 сәуірде 1979 жылы Понтипул қаласында дүниеге келген. Люк отбасындағы жалғыз бала. Оның әкесі Дэвид - құрылысшы, ал анасы Ивонн - сыпырушы. Еккеуі де «Свидетели Иеговы» халықаралық діни ұйымның мүшелері. Люктің балалық шағы Абербаргойд атты шағын қалада өткен. 16 жасында мектепті тастап және «Свидетели Иеговы»-нан шығып, Эванс вокал мен актёрлік шеберлікті оқуды шешті. Өз оқуына төлеу үшін ол аяқ киім сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істеді және әкесіне құрылыста көмектескен.
17 жасында ол Уэльстің астанасына, Кардифф қаласына көшкен. Сол жерде Люк Луиза Райанның жетекшілігімен вокалмен айналасты. 1997 жылы Эванс Лондондық орталық студиясында драматикалық өнерді оқуға стипендияны алған. Оқуын 2000 жылы бітірген. 2000 және 2008жылдар аралығында Люк «Табу», «Пиаф», «Рента», «Небольшие изменения», «Мисс Сайгон» секілді тетралдық қойылымдарда қатысқан.
2009 жылы Люк «Секс, наркотики и рок-н-ролл» фильмінде екінші дәрежедегі рөлді алған. Оның киномансабы жылдам алға басты. Ол Луи Летерьенің "Битва титанов"-та және Ридли Скоттың "Робин Гуд"-та ойнаған. «Неотразимая Тамара»-да Эванстың басты рөлді ойнағаны көпшілікке ұнады. Оған әйгілі режиссерлардан көптеген ұсыныстар түскен. 2011 Эванстың қатысуымен Элиот Лестердің «Без компромиссов» боевигі, Тарсем Сингхтың «Война богов: Бессмертные» блокбастері, «Волнение» драмасы жарық көрді. «Мушкетёры» атты шытырман оқиғалы драмада Люк Арамистің рөлін ойнады. 2012 жылы «Ворон» атты детективті триллерде ойнап, «Форсаж 6» басты антагонистті ойнады. Үлкен танымалдықты оған Питер Джексонның хобиттер туралы трилогияның 2-ші және 3-ші бөлімдердегі садақшы Бардтың рөлі алып келді. 2014 жылы Люк "Дракула" фильмінде Влад Дракуланың рөлін ойнады.
2014 жылдың 8 қантарында Хелен Маккроримен BAFTA сыйлығының тапсыру рәсәмнің жүргізушісі болған.
2014 жылы Люк Дж. Г. Балларда романының экранизациясында, Бен Уитлинің «Высотка» фильмінде Ричард Уайлдердің рөлін ойнады. Фильм прокатқа 2015 жылы шықты. Оған қоса 2015 жылы «Форсаж 7» фильмі жарық көрді және «Послание от Кинга», "Ару мен Құбыжық" және «Девушка в поезде» фильмдерінің түсірілімдері өтті. 2017 жылы прокатқа "Ару мен Құбыжық" фильм-мюзиклы шықты. Осы жобада Люк Гастонның рөлін ойнады. Оған өоса Люк «Профессор Марстон и Чудо-женщина» фильмінде Уильям Марстонның рөлін ойнады.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Люк Эванс, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.