Жыл

Жыл – Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт аралығы.

Астрономияда мынадай жыл есептері қабылданған:

  1. Жұлдыздық жыл, Күннің зодиактағы бір белгілі жұлдыздың тұсынан өтіп, осы жұлдыздың тұсына қайта келгенше кететін уақыт аралығы, 365,2564 орташа күн тәулігіне тең. Ежелгі Вавилон астрономдары Күннің 12 шоқжұлдыздың ғана тұсынан өтетіндігін байқаған. Бұл шоқжұлдыздар жүйесі “зодиак” деп аталады. Қазір жұлдыздық жыл ғыл. зерттеулерде, астрономияда ғана қолданылады. Ол жыл мезгілдеріне байланыссыз болғандықтан, шаруашылықта қолдануға қолайсыз;
  2. Тропиктік жыл – Күн центрінің күн мен түннің жазғытұрғы теңелу нүктесінен өтіп, сол нүктеге екінші рет келгеніне дейін өтетін уақыт аралығы (365,2422 тәулік). Күн мен түннің жазғытұрғы теңелу нүктесі тұрақсыз, ол Күннің келер жолына қарай аздап жылжып отырады, соның салдарынан тропиктік жыл жұлдыздық жылдан 20 мин (0,2422 тәул.) кем болады;
  3. Аномалистикалық жыл – Күн центрінің оның көрінерлік геоцентрлік орбитасының перигейі арқылы өтіп, соған қайта оралғанша кететін уақыт аралығы (365,2596 тәулік);
  4. Күнтізбелік жыл 365 тәуліктен тұратын – жай жылдар мен 366 тәуліктен тұратын кібісе жылдардан құралады. Күнтізбе осы жылдарға негізделеді. Өйткені күнделікті өмірде бөлшек 0,2422 күнді пайдалану қолайсыз, сондықтан оны жуық түрде 0,25 күн деп есептейді. 4 жылда 0,25 күннен бүтін 1 күн құралады. Осыған орай әрбір тетелес келетін 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күннен, төртіншісі 366 күннен есептеледі;
  5. Ай жылы – ұзақтығы 12 Айдың 12 синодтық айналымына тең (орташа ұзақтығы 354,367 тәулік).

Сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

АстрономияКүн

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Махамбет ӨтемісұлыСызықшаДемократияФариза ОңғарсыноваАлтынемел ұлттық паркіҚытай Халық Республикасы экономикасыЖерДыбысНорвегияБатыс Қазақстан облысыДостықҚазақстан халқы ассамблеясыVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріҚоғамЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміҚазақтың ұлттық ою-өрнегіҚорғалжын қорығыОмонимТәуекел хан38-атқыштар дивизиясыНұралы ханОтырар апатыАктинБарыс (жануар)Зияткерлік меншікТұмар ханшаБұлшық етМәдени мұраСәулетШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновҚызанақӘуе көлігіҚызмет көрсетуҚыпшақтарКөмірӨздігінен тозаңдануҚазақстан қорықтарының тізіміАлкандарРақымжан ҚошқарбаевЫңғайлас салалас сөйлемТоғыз-құмалақАстанаИсламдағы жыныстық өмір әдебіҰшқан ұяӨзбекстанҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріТерроризмДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевМұнай өнеркәсібіКонсументтерҚазақстанның киелі жерлерінің географиясыҚазақстан өзендеріЖұқпалы ауруларТатулықАустралияҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевНАТОИталияТемірхан МедетбекСөйлемнің бірыңғай мүшелері1921-1922 жылдардағы ашаршылықТабиғи радиоактивтікБәдікПиелонефритҚазақтарЭлектромагниттік индукцияЫбырай АлтынсаринАвторлық құқықАсан қайғы СәбитұлыӘбілхан ҚастеевҮндістанҚанайналым жүйесіЖасушаТөл сөзӨркениетСөйлем мүшелеріҚазақстан танымал тұлғаларының тізіміҚызыл кітап🡆 More