Монако

Монако (фр.

7°25′00″ ш. б. / 43.73333° с. е. 7.41667° ш. б. / 43.73333; 7.41667 (G) (O) (Я)

Monaco), ресми атауы — Монако кінәздігі (фр. Principauté de Monaco) — Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінің жағалауына орналасқан шағын мемлекет. Жер аумағы 1950 км2. Халқы 39 мың (2001). Этностық құрамының 47%-ын француздар, 16%-ын италиялықтар, 16%-ын монаколықтар (байырғы тұрғындары), т.б. құрайды.

Монако кінәздігі
фр. Principauté de Monaco
Монако Монако
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Deo Juvante»
Әнұран: «Hymne Monégasque» (тыңдау )
Монако
Тарихы
Тәуелсіздік күні 8 қаңтар 1297 жыл (Генуядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі француз тілі
Елорда Монако
Ірі қалалары Монако, Монте-Карло, Ла-Кондамин, Фонвьей
Үкімет түрі Конституциялық монархия
Князь
Премьер-министрі
Альбер II
Серж Тель
Мемлекеттік діні католицизм
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 194-ші орын
2,2 км²
0
Жұрты
• Сарап (2015)
• Санақ (2016)
Тығыздығы

38 400 адам (217-ші)
38 897 адам
18,713 адам/км² (1-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2015)

115,700 $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

6,401 млрд. $ (148-ші)
166,726 $ (1-ші)
Валютасы Еуро
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .mc
ISO коды MC
ХОК коды MON
Телефон коды +377
Уақыт белдеулері UTC+1,
жазғы уақытта UTC+2
Монако

Монако 4 шағын қала-округтерден: Монако-Виль (астана), Ля Кондамин, Монте-Карло мен Фонтвелльден құралады. Ресми тілі – француз тілі.

Халқының 96%-ы христиан-католиктер.

Ұлттық мейрамы – ұлт күні – 19 қараша.

Монако — конституциялық монархия. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — княз. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент – ұлттық Кеңес. Жоғарғы атқарушы орган – Үкімет кеңесін мемлекеттік министр басқарады. Монако 1993 жылдан БҰҰ-ға мүше. Климаты – жерортатеңіздік, субтропиктік.

Тарихы

Ежелгі заманда Монако аумағын кельт тайпалары мекендеген. Б.з.б. 10 – 1 ғасырларда бастапқыда финикиялық, соңынан грек иеліктерінің құрамында болды. Б.з.б. 1 ғасырда Монако Римнің қол астына өтсе, 8 – 10 ғасырларда арабтардың билігі орнады. 11 ғасырдың 2-жартысында Монаконы генуялықтар басып алды. 1215 жылы олар қазіргі Монако жеріне қамал салды. 1419 жылы Гримальдилер әулеті түпкілікті орнығып, Генуяның қамқорлығындағы жеке князьдікке айналды. Монако 1524 жылдан бастап қағаз жүзінде өз дербестігін сақтаған, іс жүзінде испан билігіне тәуелді ел болды. 1641 жылы Францияның қамқорлығына өтті. 1814 жылы Вена Конгресінің шешімімен Сардиния корольдігіне қарады. 1848 жылғы төңкеріс Монакодағы князь өкіметін жойғанымен, келесі жылы қайта қалпына келтірілді. 1865 жылы Франциямен кедендік одақ жасалды. 1868 жылы Франция мен Монако арасындағы темір жол құрылысы аяқталған соң, Монте-Карлодағы кешен даңқы дүние жүзіне жайылып, Монаконың негізгі табыс көзіне айналды. 1899 жылы Монакода мұхиттық зерттеулердің халықаралық орталығына айналған мұражай ашылды. 1911 жылы Монаконың бірінші Конституциясы өз күшіне енді. 1951 жылы Монако мен Франция арасында кедендік алым-салық, пошта, телекоммуникация, т.б. салаларда өзара қарым-қатынас орнату жөніндегі конвенцияға қол қойылды. 1962 жылы 17 желтоқсанда Конституциясы қабылданды. Монакода Еуропадағы орта толқынды ең қуатты радиостансалардың бірі – “Монте-Карло” орналасқан. Монако көптеген халықаралық ұйымдардың орталығы болып саналады.

Экономикасы

Монако — Еуропадағы туризмнің негізгі орттарының бірі. Елде халықараралық деңгейде танымал курорттар орналасқан. Мемлекеттік кірістің негізгі көздері – шетелдік туристерге қызмет көрсету мен ойын-сауық үйлері. Тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа дәл өлшегіш аспаптар, дәрі-дәрмектер шығарады. ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 26170 АҚШ доллорына тең (1995).

Географиялық орны

Монако Еуропа оңтүстігінде Лигурия теңізінің жағалауында, Ниццадан солтүстік-шығыста 20 км жерде орналасқан. Құрлықта князьдік Франциямен шекараласады.

Елдің ауданы 2,02 км² құрайды. Жағалау сызығының ұзындығы - 4,1 км, құрлықтағы шекаралардың ұзындығы - 4,4 км. Соңғы 20 жылда теңіз аумақтарын құрғату есебінен ел аумағы 40 гектарға ұлғайды.

Климаты

Монако климаты субтропикалық, жылы, құрғақ жазы бар (орташа температура 20-25 °C) және жұмсақ жаңбырлы қыста (орташа температура 10-12 °C). Жауын-шашынның басым бөлігі күзде және қыста түседі, жылдың шуақты күндері — шамамен 300, жаңбырлы — шамамен 60. Монаконың климаты Францияның оңтүстік жағалауына ұқсас.

Білім

Монакода 10 мемлекеттік білім беру мекемесі бар, оның ішінде 7 балабақша мен бастауыш мектеп және бір орта мектеп (Чарльз III колледжі), жалпы және техникалық білім беретін бір лицей (Альберт I лицейі) және туризм бойынша білім беретін бір лицей. Сондай-ақ, Монакода діни қауымдастықтар қаржыландыратын екі жеке мектеп (Ассиси Николас Барр Франциск институты және Доминикан мектебі) және бір халықаралық мектеп (Монако халықаралық мектебі) бар. Монакода бір ғана жоғары оқу орны бар — Монако халықаралық университеті.

Халқы

2020 жылда болған жағдай бойынша Монаконың тұрғындары 39 039 адамды құрайды, бірақ азаматтарының шамамен 20% -ы монегаскалар екенін ескерген жөн. Олар салықтан босатылған және ескі қала аймағында қоныстануға құқылы. Халық тығыздығы 18 679 адам/км² құрайды. Халықтың жоғары тығыздығы Монаконың ергежейлі мемлекет болуына байланысты. Халықтың жылдық өсу қарқыны жылына 0,386% құрайды (2007 жылғы мәліметтер). 2015 жылғы мәліметтер бойынша орташа өмір сүру ұзақтығы 89,63 жылды құрайды. Халықтың ішінде әйелдер аздап басым. Ерлер мен әйелдердің арақатынасының қатынасы 1000 әйелге шаққанда 947,34 еркекті құрайды (2008 жылғы мәліметтер бойынша). Халықтың 62% -ы еңбекке қабілетті. Сауаттылық деңгейі 99% құрайды.

Ұлттық құрам (2008):

  • Француздар- 28,24%;
  • Монегасктар - 21,5%;
  • Итальяндықтар - 18,57%;
  • Британдықтар - 7,5%;
  • басқалары - 24,19%.

Ең үлкен діни топ - католиктер. Оларға князьдік халқының 82% -ы кіреді.

Дереккөздер

Tags:

Монако ТарихыМонако ЭкономикасыМонако Географиялық орныМонако КлиматыМонако БілімМонако ХалқыМонако ДереккөздерМонакоФранцуз тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тұздар (химия)Ел тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіТеріҚытай Халық Республикасы экономикасыШиеБабырҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Ғылыми-техникалық прогрессЭкологияЫбырай АлтынсаринМемлекетҚарахан мемлекетіМіржақып ДулатұлыМахамбет ӨтемісұлыMicrosoft ExcelХалықаралық еңбектiк миграцияКөне түркі жазбаларыАқ Орда (мемлекет)Алаш автономиясыҚалқанша безМемлекеттік басқару формасыАдам генетикасыМұхтар ШахановТұқым қуалаушылықМұнай өнеркәсібіАсан қайғы СәбитұлыТүсті металлургияӘлеуметтік инфрақұрылымҚазақстан музейлеріСинонимМикроэлементтерҚазан төңкерісіЮпитерТабиғатРесурстарНұркен ӘбдіровҚызылша (медицина)Қазақстандағы жануарлар әлеміҚазыбек биСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Абай Құнанбайұлының шығармаларыСөйлемАқбілек (роман)КітапМодернизмҚазақстанАвтотрофтарКерей ханАлександр Викторович ЗатаевичҚазақ хандығыАқсу-Жабағылы қорығыЮНЕСКОЖеті жарғыҚазақстанның Қызыл кітабыҚазақстандағы су қоймаларының тізіміМәңгілік бала бейнеӘпке (драма)СперматозоидӘуе көлігіТәуке ханҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларАфрикаҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚымызЕуразияКөнерген сөздерҚасым ханның қасқа жолыҚазақтың 500 ән-күйіДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруҚұс жолыҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріЖаңа экономикалық саясатЖанрБөлшектенуҚұстарМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміШұғаның белгісіАзаматтық құқық🡆 More