Инженер

Инженер — инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман.

Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды. Инженер сөзі латынның ingeniare ("ойлап шығару, өнертапқыштық") және ingenium ("ақыл, дарын") сөздерінен алынған.

Инженердің жұмысы — ғылыми жаңалықтар және олардың адамзат қажеттілігі мен өмір сапасын жақсартуда қолданылуы арасындағы байланысты қалыптастыру.

Инженерлердің түрлері

Инжинирингтің көптеген тармақтары бар, әрқайсысы арнайы технологиялар мен өнімдерге маманданған. Әдетте инженерлердің бір салада терең білімі болады да, өзге де қатысты салаларда жалпылама білімі болады. Мысалы, инженер-механик (машина жасау) мамандығының оқу курсына әдетте электротехникалық және бағдарламалау (программалау) инженерияның кіріспе сабақтары қосылады.

Белгілі бір өнімді жасау кезінде инженерлер әдетте өзара команда болып бірге жұмыс жасайды. Мысалы, құлтемір құрастыру кезінде инженерлер командасы ең кемінде үш түрлі инженердің көмегіне жүгінеді. Инженер-механик денесі мен қозғалтқыштарының жобасын жасайды. Инженер-электрик болса, қуат жүйесін, сенсорлар мен бақылау электр схемаларын қадағалайды. Ең соңында, бағдарламалаушы инженер роботтың дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтаманы дамытады.

Тармақ Технологиясы Қатысты ғылымдар Өнімдері
Химия инженериясы Химикаттар жасап шығару мен химиялық өндіріс процестеріне маманданған. Химия, Термодинамика, Биология, Медицина Химикаттар, Мұнай, Дәрілер, Шикі материалдар
Құрылыс инженериясы Алпауыт жүйелер мен құрылымдардың құрастыруға маманданған. Статика, Гидромеханика Автомобиль жолы, Көпір, Бөгет, Ғимараттар
Электр инженериясы Электр жүйелері мен электр схемаларын жобалауға маманданған. Электромагнетизм, Логика Компьютер, Электроника
Механикалық инженерия Машиналар мен бақылау жүйелерін жасап шығаруға маманданған. Динамика, Гидромеханика Автомобильдер, Ұшақтар
Металлургиялық инженерия/Материалтану Металдарды кен орындарынан шығарып алуға және жаңа материалдар дамытуға маманданған. Материалтану, Термодинамика, Металдарды шығару, Физикалық металлургия, Механикалық металлургия, Ядролық материалдар, Болат технологиясы Темір, Болат, Полимерлер, Қыш-құмыра өндірісі, Металдар
Компьютерлік инженерия/Бағдарламалық инженерия Бағдарламалық жүйелерді шығаруға маманданған Информатика, Математика Қолданбалар, Сайттар, Операциялық жүйелер

Дереккөздер

Tags:

ИнжинирингЛатын тіліМатематикаҒылым

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қуандық Уәлиханұлы БишімбаевҚазақстанның экологиялық проблемаларыШиеШыңғыс ханҚазақстан өзендеріКөлік кешеніҚазақстандағы экологиялық проблемаларРоботАқпарат технологиясыЭкологиялық проблемаҚазақ хандығының құрылуыМұхтар Мұқанұлы МағауинТәуекел ханҚазақстандағы туризмСалқам Жәңгір ханКеңес Одағының БатырыТолықтауышТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновКомпьютерТрансформаторАстана мектеп оқушыларының сарайыЛенинград шайқасыМұхтар Омарханұлы ӘуезовХалықаралық ұйымдарТұрақты сөз тіркесіАналық жыныс жасушасыЖарықтың шағылуыҚоректік тізбекPythonСауд АрабиясыПайдалы қазбаларКемпірқосақҚазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіТөлеген ТоқтаровХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҒарышМиссионерлiкҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚазақтың атақты әнші-күйшілеріТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміТатарларПлагиатТабиғи сұрыптауИтНаурызым қорығыМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Дәулеткерей ШығайұлыҒаламшарАминқышқылдарСалалас құрмалас сөйлемРентген сәулесіКөлденең жолақты ет ұлпасыБалқашЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріЖаңа білім беру жүйесіӘлемнің жеті кереметіБаяндауышСу көлігіТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАлтын ОрдаЖай сөйлемДауысты дыбыстарАктинЭкологиялық апатКомпьютерлік вирусСемей полигоныҚожа Ахмет ЯсауиТабиғатты қорғауҚазақстан тарихыЭкспрессионизмСпартак көтерілісіГуманизмҚорқыт атаҚазан төңкерісіАқша🡆 More