Илон Маск

Илон Рив Маск (ағылш.

Elon Reeve Musk ˈiːlɒn ˈmʌsk; 28 маусым 1971(19710628), Претория, ОАР) — канадалық-американдық инженер, кәсіпкер, өнертапқыш және инвестор; миллиардер.

Илон Маск
ағылш. Elon Musk
Сурет
Туған кездегі есімі

ағылш. Elon Reeve Musk

Туған күні

28 маусым 1971 (1971-06-28) (52 жас)

Туған жері

Претория, ОАР

Азаматтығы

Илон Маск ОАР
Илон Маск Канада
Илон Маск АҚШ

Білімі

Queen's School of Business (1992)
Уортон Бизнес мектебі (1995)
Пенсильвания университетті (1995)
Pretoria Boys High School (1989)
Waterkloof House Preparatory School
Куинс университеті
Стэнфорд университеті

Марапаттары

Honoris causa
Лондон Корольдік қоғамының мүшесі (2018)
Корольдік аэронавтика қоғамының алтын медалі (2012)
Жыл адамы (Time) (2021)

Қолтаңбасы

Илон Маск

Жұбайы

Джастин Уилсон (2000—2008)
Талула Райли (2010—2012, 2013—2016)

SpaceX және X.com компанияның негізін қалаушы (соңғысы Confinity-мен бірікті, атауы PayPal деп өзгертілді және 2002 жылы 1,5 млрд долларға сатылған болатын, 2015 жылы $44 млрд-қа бағаланды).

SpaceX компаниясының негізін қалаушы, иесі, бас директоры және инженер; Tesla Motors бас дизайнері (Chief Product Architect), бас директор және директорлар кеңесінің төрағасы.

Оның немере інілері құрған SolarCity компаниясының директорлар кеңесіне кіреді.

Миллиардерлер журналы Forbes рейтингісінде 2016 жылы оның дәулеті $10,7 млрд. 2021 жылдың 7 қаңтарында оның дәулеті $185 млрд болып, Джефф Безосты екінші орынға аударып, Илон Маск әлемдегі ең бай адам болды.

Ерте жылдары

Маск Преторияда (ОАР) туып-өскен. Оның шешесі модель және белгілі диетолог, ал әкесінің өз бизнесі болған. Ата-анасы ажырасып, бала анасымен қалды. Мектепте Илон құрдастарының  тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған; тіпті бірде таяқ жегеннен соң сынған мұрнын қалпына келтіруге мәжбүр болған.

Жасы онға келгенде Илон сыйлыққа өзінің Commodore VIC-20 алғашқы компьютерін алды және онда бағдарламалауды үйренді. Он екі жасында 500 долларға өзінің алғашқы бағдарламасын Space Invaders стилінде Blast Star - атты видео ойынды сатты, ойыншы лазерлік зеңбіректерден жат планеталықтарды қатарынан атқылайтын.

Маск қаражатын газеттер арқылы көрген фармацевтикалық компания акцияларын сатып алуға жұмсайды. "Акциялар сатудан түскен бірнеше мың долларға, ол ата-анасының наразылығына қарамастан Канадаға аттанды. Университетке түскенге дейін, ол Кингстон қаласында, Онтарио провинциясында туған-туыстарының үйінде өмір сүрді. Уақыт өте келе Стэнфордқа көшті, бірақ оқуын бітірген жоқ.

Мансап

1996/1997 жылдары Маск өзінің ағасымен бірге Zip2 компаниясының  негізін салып, жаңалықтармен айналысатын компаниялар үшін бағдарламалық қамтамасыз ету шығарады. 1999 жылы Compaq Zip2 үшін 308 млн доллар төлеп сатып алды. Маск соманың 7%ын сатып алды (22 млн. долл.).

X.com және PayPal

1999 жылдың наурыз айында Маск X.com негізін қалаушылардың бірі болды. 2000 жылы X.com Confinity компаниясымен бірікті, оның бөлімшелерінің бірінің атауы PayPal аталған. Екі жүйе де (X.com мен PayPal) электрондық пошта арқылы, дербес  электрондық ақша аударуды қамтамасыз етумен айналысты, және мәміле мақсаты екі төлем жүйесінің бірігуі болды, алайда, іс жүзінде ол болмады. Маск PayPal орнына X. com брендін қоюға батыл атсалысты, бұл  соңында Маск директорлар Кеңесінің шешімі бойынша орнынан түсуімен аяқталған ішкі корпоративтік келіспеушіліктерді тудырды. Алайда, Илон Масктың екі компанияның бірігуі туралы стратегиялық шешімі, сонымен қатар, белсенді түрде Интернет-аукциондарда (бірінші кезекте, eBay) электронды төлем жүйесін алға жылжытуы, 2001 жылы бизнестің түпкілікті PayPal болып өзгеріп, тез өсуіне алып келді. Осындай қомақты нәтижелер компанияға акцияларын биржаға 2002 жылғы ақпанда (және бұл ретте 11 қыркүйек 2001 жылы террористік актілерден кейін биржаға шыққан бірінші дотком-компаниялардың бірі болды) жүргізуге мүмкіндік берді. 2002 жылдың қазан айында PayPal 1,5 млрд АҚШ долларына eBay-ге сатылды. Сату кезінде Маск құрамында болатын компанияның 11,7 % акциясы тиді, бұл 165 млн доллар табыс табуына мүмкіндік берді.

SpaceX

Илон Маск 
Magot 2013 жылы Дублинде

2002 жылдың маусым айында Маск үшінші SpaceX компаниясының негізін қалады. Ол сериялы зымыран-тасығыштардың және коммерциялық оператор ғарыш жүйелерінің жеке әзірлеушісі.

2008 жылдың желтоқсан айында НАСА компаниямен жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ долларына 12 Falcon-9 тасығышын ұшыру және Dragon ғарыш кемесін ХҒС-қа жеткізуге келісім-шартқа қол қойған, 2011 жылы Space Shuttle кемелерін іске қосу бағдарламасы тоқтатылғаннан кейін ауыстыру ретінде іске асты.

Илонның айтуы бойынша, оған "Основание" ғылыми-фантастикалық романдар циклы және Айзек Азимовтың адами болмысын сақтау және дамыту үшін ғарыш кеңістігін игеру туралы көзқарастары үлкен әсер етті. Маск бірнеше ғаламшарларды өмірмен қамту адамзат құрып кету қаупінің қорғаны болуы мүмкін.

Илон Масктың алдына қойған мақсаты — ғарыштық ұшуларға арналған шығындарды 10 есе азайту. Бұл үшін ол SpaceX негізін қалады, оған өзінің алдыңғы компанияларын сатудан тапқан 100 миллион доллар салды.

2016 жылы қаңтарда Гонконгтағы инвестициялық форумда Маск, оның компаниясы Марсқа ұшуды жүзеге асыруға шамамен 9 жылдан соң 2020-2025 жылдары үміттенетінін айтты.

Tesla Motors

Филантропия

Илон Маск Musk Foundation қайырымдылық қорының басқармасының төрағасы болды. 2015 жылдың қаңтар айында қор Болашақ адамзат институтына жасанды интеллекті бақылауды зерттеу үшін сыйға 10 млн доллар берді.

Марапаттары

  • 2008 жылы Esquire журналы Маскты XXI ғасыр 75 ең ықпалды адамдар тізіміне қосты.
  • 2011 жылы маусым айында ол  ғарышты коммерциялау жетістіктері үшін 500 мың АҚШ долларымен Хайнлайн сыйлығымен марапатталды.
  • Ақпан айында журнал Forbes қосты Маскты қырық жасқа дейінгі 20 ең ықпалды CEO тізіміне.
  • 2013 жылдың қараша айында Fortune Magazine жылы бизнесмені деп атады , ал The Wall Street Journal Маскты жыл CEO атады .

Жеке өмірі

Бірінші әйелі, Джастин Маск, онымен Канадада бір университетте оқыған. Олар 2000 жылы үйленіп, жанұясында дүниеге бес ұл келді. 2008 жылғы қыркүйекте Илон және Джастин ажырасатыны туралы жариялады, өйткені Маск британдық актриса Талула Райлимен кездесе бастады. Олар 2010 жылы үйленді. 2012 жылы Маск Райлимен ажырасты, алайда 2013 жылы екеуі қайтадан үйленді. 2016 жылғы наурызда ажырасуға арыз берген, сол жылдың қазан айында ажырасуы іске асты.

Кино

Джон Фавро, «Iron Man» (2008) фильмінің режиссёрі, Илон Маск Тони Старктың прототипі ретінде қызмет атқарған, бұл рөлді Роберт Дауни-кіші ойнаған болатын.

2010 жылы, Маск «Iron Man 2» фильмінде өзінің рөлінде пайда болды (сюжет бойынша Илон — Тони Старктың досы). 2013 жылы ол сондай-ақ «Мачете кісі өлтіруші» фильмінде эпизодты өзін ойнады. Маск «Басымдық» (2014, на отметке 00:07:39) ғылыми-фантастикалық фильмінде жасанды интеллект тұсаукесеріне келіп көрермендер арасында көрінген, бірақ оның есімі титрларда пайда болмайды.

Илон Маск 25 қаңтарда, 2015 шыққан «Simpsons» мультсериалында, 26 сезонның 12 сериясында камеоның дауысын салған.

«Big Bang Theory» 9 сезон 9 сериясында өзін көрсетеді.

«Ертеңгі күннің аңыздары» сериалының 1 маусым 2 сериясында, профессор Стейн өзін Илон Маск ретінде таныстырды.

Қызығушылығы

  • Маск  чехословак өндірісінен шыққан Aero L-39 Albatros ұшағын иемденген .
  • Кейінірек из "Бұл жерде темекі шегеді" фильмінен ол Dassault Falcon 900 реактивті ұшақ сатып алды.
  • 1999 жылы Zip2 сатқаннан кейін Маск McLaren F1 суперкарын сатып алды, бірақ оны келесі жылы, онымен бірге Питер Тиль келе жатқанда қиратып тастады.
  • 2013 жылдың қазан айында Маск аукционда 997 мың долларға Wet Nellie автомобиль субмаринасын сатып алды,  бұл көлік 1977 жылғы Джеймс Бондтың "Шпион, который меня любил" фильміне түскен еді.

Сондай-ақ

  • PayPal мафиясы
  • Илон Маск Құрметіне Капибараның баласы атанды, Калининград хайуанаттар бағында 2016 жылғы 8 қыркүйек күні туған

Дереккөздер

Сілтемелер

Әдебиет

  • Elon Musk: Tesla, SpaceX, and the Quest for a Fantastic Future. By Ashlee Vance. Ecco Press; 400 pages; $28.99. Virgin Books; £20.

Tags:

Илон Маск Ерте жылдарыИлон Маск МансапИлон Маск ФилантропияИлон Маск МарапаттарыИлон Маск Жеке өміріИлон Маск КиноИлон Маск ҚызығушылығыИлон Маск Сондай-ақИлон Маск ДереккөздерИлон Маск СілтемелерИлон Маск ӘдебиетИлон Маск1971 жыл28 маусымАмерика Құрама ШтаттарыАғылшын тіліКанадаОАРПреторияХФӘ

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан тарихыСәбит Мұқанұлы МұқановҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыШежіреОралЯсин сүресіҚытай тарихыЖаңа экономикалық саясатӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Есім хан саясатыФерменттерҚайта құру кезеңіКиіз үй жабдықтарыКүкіртКүн күнтізбесіШара Баймолдақызы ЖиенқұловаҚазақстан қорықтарының тізіміБүрОксидтерАлтын ОрдаҚазақ газетіҚобызМәңгілік бала бейнеҚұмырсқаларЖай сөйлемҚұстарӘлемнің жеті кереметіЖүрекӨсімдіктерҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыҚозы Көрпеш - Баян СұлуӘпке (драма)КонсументтерСаяси партияАқбілек (роман)Қызыл кітапБесқонақӘлікбай ҚосаевСинтаксисҚарағайАлаш қозғалысыҚарағандыБілім беруСиэтлАқ Орда (мемлекет)ЖантақАуаМейозҚыз ұзату салттарыӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Кенесары ханЕрке сылқым (күй)1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҮстеуАлматыҚазақстан аудандарыАвтотрофтарНегіздерМиграцияҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріАдам даму индексі бойынша елдер тізіміҚазақстан демографиясыКөне түркі жазбаларыАдам ағзасындағы химиялық элементтерӘлемдік өркениетОрганикалық қосылыстарФонетика1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісЗәр шығару жүйесіШарын шатқалыЭкологиялық жүйеТыныс алу аурулары1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысХромосомаларАдамның кейбір кездері...Құйрық-бауыр (салт)Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті🡆 More