Адвокат

Адвокат (гр.

advocatus — шақырылған) — адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және арнаулы заңда көзделген шеңберде кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер; кең мағынасында алғанда — қорғаушы. Заңды көмек көрсете отырып, адвокат: заң мәселелері бойынша түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды; анықтау, алдын-ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және т.б. органдар мен ұйымдарда, азаматтық қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілі ретінде қатысады, оларды қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың статусы, адвокаттық қызметпен айналысу тәртібі, кәсіби құқылары мен міндеттері, мінез-құлық нормалары Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 жылы 5 желтоқсан) көзделген.

Адвокат
Адвокат
L'Avocat au placet

Адвокаттар алқасының мүшесі. Жоғары заң білімі, екі жылдан кем емес заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқына лицензия алған адам.

Адвокат құпиясы

Адвокат құпиясын: адвокатқа жүгіну фактісі көмек сұрап өтініш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделерінде жасалатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер, сондай-ақ, заң көмегін көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды. Адвокат құпиясына жататын мәліметтерді көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.

Адвокатура

Адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған ұйым. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заңды көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.

Сілтемелер

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том

Дереккөздер

Tags:

Адвокат құпиясыАдвокат ураАдвокат СілтемелерАдвокат ДереккөздерАдвокат1997Грек тіліЖелтоқсанның 5ЗаңМемлекетМінез-құлықМүшеСотСтатусҚазақстан РеспубликасыҚұқық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖарықВегетативтік көбеюҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыАлаш ОрдаҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміМәдени өсімдіктерАсқорыту мүшелеріМенің атым Қожа (фильм)Германия1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанИнфрақұрылымЖуніс СахиевПаразитизмҰлы жүзБидай (астық)АрғынИталияСатурнДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевАс қорыту жүйесіЕңлік-Кебек ескерткішіЕсім ханСабақтас құрмалас сөйлемҚорықСолтүстік ҚазақстанҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріФранция Ұлттық кітапханасыСалт-дәстүрҚорқыт атаЭндемикҚазақстанның Қызыл кітабыҮтірСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыӘпке (драма)Қазыбек биСауд АрабиясыҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріХан ШатырЗәр шығару жүйесіҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыЛимонШарын шатқалыЖыныс мүшелері ауруларыЕгіншілікИтЖаңа экономикалық саясатАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыХалел ДосмұхамедовҚазақ тіліБарыс (жануар)Планеталардың қозғалысыФобияның түрлеріТаразАқындар айтысыАлтынемел ұлттық паркіИслам пайғамбарларыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыКүкірт қышқылыҚасым АманжоловНұркен ӘбдіровӨмірзая (роман)Қазақ газетіМорфология (лингвистика)ПластидтерСөз тіркесіАвтомобиль түрлеріЖұлынАспанКөшпенділер (трилогия)Аралас құрмалас сөйлемСалалас құрмалас сөйлемМысТұқым қуаламайтын өзгергіштіктерЖүрекБесін намазыАлматы🡆 More