Панама

Панама, Панама Республикасы (ис.

79°42′00″ б. б. / 9.15000° с. е. 79.70000° б. б. / 9.15000; -79.70000 (G) (O) (Я)

República de Panamá [re̞ˈpuβ̞lika ð̞e̞ panaˈma]) — Орталық Америкадағы Панама мойнағында орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 77,1 мың км². Халқы 3,4 млн. (Қазіргі уақытта 4,3 млн адам тұрады) (2010). Халқы негізінен метистер (60%), байырғы тұрғындары – үндістер. Олардан басқа көрші елдерден қоныс аударғандар, қытайлықтар тұрады.

Панама Республикасы
República de Panamá
Панама Панама
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Pro Mundi Beneficio»
Әнұран: «Himno Istmeño»
Панама
Тарихы
Тәуелсіздік күні 3 қараша 1903 жыл (Колумбиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері испан тілі
Елорда Панама
Ірі қалалары Панама
Үкімет түрі президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Хуан Карлос Варела
Исабель Сен Мало
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 116-шы орын
75 417 км²
2,9
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2010)
Тығыздығы

4 034 119 адам
3 405 813 адам
56 адам/км² (162-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

121,545 млрд. $ (79-шы)
28,810 $ (57-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

72,215 млрд. $ (72-ші)
17,117 $ (51-ші)
АДИ (2017) 0,789 (жоғары) (66-шы)
Валютасы Бальбоа (валюта)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .pa
ISO коды PA
ХОК коды PAN
Телефон коды +507
Уақыт белдеулері -5
Панама Басқа мағыналар үшін Панама (айрық) деген бетті қараңыз.
A
Панама жері
  • Астанасы – Панама қаласы.
  • Ресми тілі – испан тілі.
  • Халқының көпшілігі христиан-католиктер.
  • Мемлекет және үкімет басшысы президент.
  • Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы ассамблея.
  • Әкімшілік жағынан 9 провинция мен арнайы аумаққа бөлінеді.
  • Ақша бірлігі – бальбоа

Панама аумағы Орталық Американың ең жіңішке бөлігін алып жатыр. Жағалауы аласа, абразиялы және абразиялы-аккумулятті, солтүстік-батысы лагуналы. Тынық мұхит жағалауы тілімделген, шығанақты (Панама, Монтихо), аралды (Інжу, Койба, т.б.) келеді. Бүкіл аумағын бойлай тау жоталары созылып жатыр. Тау аралық ойыстар мен жағалық бөлігін ойпатты өңірлер алған. Жер сілкіністері жиі болып тұрады.

Климаты

Климаты субэкваторлық, ыстық және ылғалды. Орташа айлық температурасы 25 – 28°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 3500 мм.

  • Өзен торы жиі. Ірі өзені – Чагрес.
Панама 
Панама жері

Тарихы

Испания отарына айналғанға дейін Панама жерін 60-тан астам үндіс тайпалары мекендеген. Батысында чибча тілдер тобына жататын үндістер, шығысында кариб тайпалары, оңтүстік-шығысында чоко тайпалары өмір сүрді. Бұлардың бәрі алғашқы қауымдық құрылыс сатысында болды. Панама жерін 1501 ж. испан конкистадоры Родриго де Бастидас ашты. Осы кезден бастап Панама Испанияның отарына айналды. 1542 – 65 ж. Панама Гватемала генерал-капитандығының, содан соң 1718 жылға дейін Перу вице-корольдігінің құрамына кірді. 17 ғасырдан бастап испандар банан плантациялары мен кеніштерінде жұмыс істеу үшін Африкадан негр-құлдарды әкелді. 1821 ж. қарашада Панама тәуелсіздігін жариялап, Жаңа Гранада құрамында Ұлы Колумбия федерациялық республикасының құрамына енді. 1830 ж. Ұлы Колумбия құлап, Панама департамент құқында Жаңа Гранада республикасы (1886 жылдан Колумбия) құрамында қалды. 1903 ж. 3 қарашада Панама Колумбиядан бөлініп шығып, өзін тәуелсіз республика деп жариялады. 2-дүниежүз. соғыс кезінде АҚШ әскери базасын Панамаға орналастырды. Жаппай халық көтерілістері мен бейбіт шерулерден кейін 1968 ж. мемлекеттік төңкеріс болып, әскери диктатура орнады. 1989 ж. желтоқсандағы АҚШ қарулы интервенциясы нәтижесінде әскери жүйе құлады. 1990 ж. ақпан айында АҚШ әскери күшінің Панамадан шығарылуы жаңа мемлекеттік құрылыстың қалыптасуымен аяқталды. 1994 ж. 8 мамырдағы сайлауда Рев.-демокр. партияның өкілдері жеңіске жетті.

Сауда

Панама – агр. ел. Егістік жерлерінің көп бөлігін банан плантациялары алып жатыр. Банан, цитрустар, қант, кофе өсіріледі. Балық ш. дамыған. Ел экономикасында Панама каналының рөлі өте зор. Каналдан түсетін кіріс ұлттық өнімнің 30%-ын құрайды. Экспортқа банан, қант, кофе, темекі жапырағы, креветкалар шығарып, сырттан түрлі тұтыну бұйымдарын алады.

Дереккөздер

Tags:

Панама КлиматыПанама ТарихыПанама СаудаПанама ДереккөздерПанамаИспан тіліОрталық АмерикаХалықаралық фонетикалық әліпби

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ақындар айтысыЗар Заман ақындарыМахаббат, қызық мол жылдарДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновҚойТатарларЕңлік — Кебек (пьеса)Дін философиясыҚазақстан танымал тұлғаларының тізіміЖапырақАқан серіЮрий Алексеевич ГагаринКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМенің атым Қожа (повесть)Чарлз ДарвинАлтынемел ұлттық паркіХалықаралық жер күніБұқаралық ақпарат құралдарыЗат алмасуҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыҚазақстандағы туризмҚояндарКүн энергетикасыСабақтас құрмалас сөйлемҰйқы безіШолпан (ғаламшар)ЖұлынКөктемТәуке ханТанымал қазақтардың тізіміҚой шаруашылығыҒабит Махмұтұлы МүсіреповТерминҚатерлі ісікӘйтеке биӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіЭлектромагниттік толқындарӘлеуметтік өзгерісҚазақ тіліҰлықбекҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыКиелі жануарларАсқорыту мүшелеріЖанар АйжановаЖұмбақтасНұралы ханҚазақстанның пайдалы қазбаларыӘлеуметтік инфрақұрылымАқ аюОмыртқалыларМемлекет астаналары тізіміАйша бибіҚызғалдақҒарышкерШыршаПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыШиеБірінші дүниежүзілік соғысСүтқоректілер1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАстана ОпераҚазақстан қорықтарының тізіміҒұсылАтмосфераСептік жалғауЖақсыз сөйлемКөсемшеОксидтерРахат кондитер фабрикасыҚазақстан халқы ассамблеясыҰлпан (роман)Шығыс Қазақстан облысыҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты38-атқыштар дивизиясыҚазақ батырлар тізіміҰлы Жібек жолыТөлеген Айбергенұлы АйбергеновАқсу-Жабағылы қорығыТараз🡆 More