Наполеон Бонапарт

Наполеон I Бонапарт (фр.

Napoléon Bonaparte [napɔleɔ̃ bɔnapaʁt], итал. Napoleone Buonaparte, Корсика диалекті — Napulione Buonaparte; 17 тамыз 1769(17690817), Аяччо, Корсика — 5 мамыр 1821, Әулие Елена аралы) — француз мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері; 1804—1814 және 1815 жылдардағы Француз императоры (фр. Empereur des Français), француз мемлекетінің негізін құрған саясаткер, Батыс әлеміндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі.

A.
Наполеон, 1797 жыл
A.
Наполеон, 1800 жыл
A.
Наполеон, 1812 жыл

Өмірбаяны

1769 жылғы 15 тамызда Корсика аралында ақсүйектер отбасында дүниеге келген. 1785 жылға дейін Бриен және Париж әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789–1794 жылғы төңкеріс кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жасар I Наполеон капитандықтан бригадалық генералдәрежесіне дейін көтерілді. 1796 жылы Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Египетке жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 жылғы 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемл. төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 жылғы 18 мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 жылы француз банкін құрды. Мемлекеттің қуатын арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді. Әскери өнер саласында рев. Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана білді. Оның әскери қағидасы: "сан жағынан әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру" болды. 1804 жылға дейін республика атын жамылып келген диктаторлық өкіметті буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған ұлттық уәкілдікті сайланып қойылатын басқару жүйесін жойды.

Хронология

- 15 тамыз 1769 жыл – бұл күні Наполеон Бонапарт – Францияның болашақ императоры, ұлы қолбасшы және саяси қайраткері дүниеге келді.

- 1779 – Отенс колледжіне оқуға түсті.

- 1780–1784 – Бриенн әскери академиясында мемлекет қаржысына оқыды.

- 1784–1785 қазан айы – Наполеон Париждегі элиталық әскери мектепке түсті, осы кезде ол өзінің бірінші атағы – артиллерия кіші лейтенанты атағын алады.

- 1792 – Наполеон Якобин клубының мүшесі болады. Саясатпен айналысу талпынысы оған ештеме бермеді.

- 1793 – Наполеонның отбасысы сол уақытта Францияға қарсы көтеріліс болып жатқан Корсикаға кетеді. Сол жылы Наполеон қызметінде көтеріліп, бригада генералы атағын алады.

- 1795 – Робеспьер ойын қолдаушы деген айыптаумен тұтқындалып, бірақ тез босатылады.

- 5 қазан 1795 жыл – Барасс Наполеонның көмегімен роялистердің көтерілісін басып тастайды.

- 9 наурыз 1796 жыл – Наполеон мен Жозефина заңды түрде некелерін қияды. Бұл неке куәлігінде Бонапарт өзіне жарты жыл жас қосса, Жозефина өз жасын 4 жылға азайтып жазған.

- 1796 – Наполеон италиялық кампанияны басқаруға талпынып, оның жасалуы мен дайындығына белсене қатысады.

- 1796 – 1797 – Бонапарт италиян әскерінің қолбасшысы болады.

- Ақпан 1797 жыл – Наполеон Рим папасымен келісімге келіп, шіркеу Наполеонды Франция императоры ретінде мойындайды.

- Қазан 1797 жыл – Наполеонның Аустриямен атақты Кампоформ бейбітшілік келісіміне қол қоюы.

- 1798–1799 жылдар – Наполеонның пайдасыз және болашағы жоқ Мысырға жорығы. Толықтай жеңіліспен аяқталды.

- 9–10 қараша 1799 жыл – Наполеон Директорияны құлатып, Францияның билігін толықтай иемденеді. Кейін 1802 жылы Франция республикасының мәңгілік консулы атағын алады.

- 1800 – тағы бір италиян жорығы. Бұл да ол үшін пайдалы болды. Бонапарттың қол астына бүкіл Солтүстік Италия кірді.

- 1800–1801 – Ресеймен жақындасуға талпыныстар. Бірақ бұған Павел I өлімі кедергі келтірді.

- 1801 – Директорияны құлатқан соң Наполеон папаның көмегіне жүгінеді.

- 1801–1802 – Ресей, Аустрия, Пруссия және Англиямен бітім келісімі.

- 1803 – Англиямен кезекті соғыс.

- 1804 – Наполеонның француз императоры болып жариялануы.

- 1805 – Парижде болған I Наполеоннің тәж кию рәсімі.

- 2 желтоқсан 1805 жыл– Аустерлиц шайқасы өткен күн. Наполеон бірінші антифранцуздық коалицияны талқандады.

- 1806 – «Рейн одағының» құралуы.

- 1806–1807 – жаңа екінші антифранцуздық коалицияның әскері талқандалды. Соңында Ресей үшін масқаралы Тильзит келісімі күшіне еніп, Ресей соғыстан шығады.

- 1809 – Аустрия империясымен арадағы соғыс. Шенбрунн келісімімен аяқталды.

- 4 мамыр 1810 – Наполеонның Мария Валевскаядан Александр атты баласы туылады.

- 1810 – Наполеон мен Жозефинаның ажырасуы. Аустриялық ханшайым Мария Луизамен некесі.

- 1811 – заңды мұрагер Франсуа Шарль Жозеф Бонапарттың (Наполеон II) туылуы.

- маусым 1812 – Ресейдегі Отан соғысы. Наполеон әскерінің «өлімі».

- Қазан 1813 – Лейпциг шайқасы, көбінесе «халықтар шайқасы» деп аталады. Наполеон жеңіліс табады.

- 1813–1814 – Наполеонға бірқатар бейбіт келісімдер ұсынылады, алайда ол оларды бірінен бірін соң жоққа шығарады және қарсыласудың үмітсіз әрекеттерін жалғастырады.

- Наурыз 1814 – Сенат шешімімен Наполеон билігі ресми тоқтатылады. Францияның жаңа патшасы болып 1792 жылғы революция нәтижесінде биліктен шеттетіліп, әйелімен дарға асылған XIV Луидің інісі, Бурбон әулетінің өкілі — XVIII Луи сайланады.

- 6 сәуір 1814 – Наполеон тақтан түсіп, Эльба аралына жер аударылады. Бұл жерде ол өз сәтін күтеді.

- 1 наурыз 1815 – Буонапартенің Франция жағалауына түсуі.

- 20 наурыз–22 маусым 1815 – Наполеонның «жүз күндік» билігі. Бұл кезеңде Бонапарт Францияға оралып, өзінің негізгі қарсыластарын талқандау үшін әскер жинай бастады, алайда қарсыластары ерте мобилденіп үлгерді. Одақтастардың үлкен әскері мен оларға қарағанда саны аз француздар Ватерлоода кездесті. Ақырында Наполеон жеңіліп, тұтқындалып, Әулие Елена аралына жер аударылады.

- 1815–1821 – бұл жылдары Бонапарт Қасиетті Елена аралында өмір сүріп, өзінің атақты мемуарларын дүниеге әкеледі.

- 5 мамыр 1821 – Наполеон Бонапарт жалғыздықта қайтыс болды. Оның өлімінің себебі әлі күнге дейін белгісіз. Наполеон қатерлі ісіктен немесе уланудан өлуі мүмкін.

- 1830 – Наполеонның тоғыз томдық мемуары жарық көреді.

Наполеон Бонапарт 
Наполеон сүйегі қойылған табыт. Мүгедектер үйі, Париж.

- 1840 – Наполеонның сүйегі Париждегі Мүгедектер үйіне көшіріледі.

Сыртқы саясаты

Сыртқы саясатта Англия басшылық еткен коалициямен экономикалық және саяси үстемдікке таласты. I Наполеонның жүргізген соғыстары басқыншылық, тонаушылық сипатта болғанымен, Еуропадағы феодалдық-абсолюттік құрылымдарға соққы берді. Үздіксіз соғыстар Францияның жағдайын нашарлатты. 1812 жылғы маусымда Ресейге қарсы соғыс ашты. Бұл соғыста I Наполеон әскерінің жеңіліске ұшырауы империяның құлауының басы болды. 1814 жылғы наурызда Францияға қарсы коалиция әскерлерінің Парижге кіруі I Наполеонды тақтан бас тартуға мәжбүр етті. I Наполеон Эльба аралына айдалды. Дегенмен ол 1815 жылғы наурызда француз тағын қайтадан басып алды (“Жүз күн”). Ватерлоо түбінде одақтастар әскерінен жеңіліске ұшыраған соң тақтан екінші рет бас тартты (1815 жылғы 22 маусым). Өмірінің соңғы жылдарын Әулие Елена аралында ағылшындардың тұтқыны ретінде өткізді. Сонда асқазан жарасынан қайтыс болды. Сүйегі 1840 жылы Парижге әкелініп, Мүгедектер үйіне қойылды.

Қызықты деректер

Наполеон Бонапарт 
Императрица Жозефина, Фирмин Массо, 1812 жылдар шамасы.
Наполеон Бонапарт 
2011 жылғы қарашада көрсетілімде болған Маренгоның сүйегі.
  • Лев Толстой өзінің "Соғыс және бейбітшілік" шығармасында Наполеон Бонапартты күлкілі әрі өте кішкентай адам ретінде суреттейді. Императордың бойы аласа болғандығымен, мұншалықты күлкілі адам болмағаны ақиқат. Оның бойы шамамен 157 сантиметр болған (5 фут және 2 дюйм). Бұл өлшемді біздің метрикалық өлшемге салсақ 170 сантиметрді құрайды. Ол өмір сүрген ғасырда бұл қалыпты өлшем болатын.
  • Гитлер мен Наполеонның өмірбаянында ортақ нәрселер көп емес. Бірақ сандар құдыреті таңқалдыра алады. Олардың өмірлеріндегі айтулы оқиғалар — өмірге келуі, билікке деген алғашқы қадамдары, аустриялық астананы жаулап алуы және соғыста жеңілуі тұп-тура 129 жыл айырмашылықты көрсетеді.
  • Наполеон император ғана емес, академик те болған. Ол математикадағы ізденістері үшін Францияның ғылыми академиясының құрамына енген, өзінің теоремасын ойлап тапқан.
  • Жүрек жұтқан батыр өмірінде бір ғана нәрседен қорықты. Ол — мысық. Бұл ауру ғылымда айлурофобия деп аталады.
  • Наполеонды ешкім уландырмаған, бірнеше жылдар бойы оның ағзасы күшәладан зардап шеккен.
  • Император тәулігіне 2–3 сағат ұйқыны қанағат ететін. Ол ұйқыны ең жаман әдеттердің қатарына қосты.
  • Наполеон жақсы операның, әсіресе, италияндық операның жанкүйері болды. Бірақ қойылымға дейін де, қойылымнан кейін де эмоциясын мүлде білдірмейтін. Сахна өнерпаздарына бірде-бір рет шапалақ ұрмаған. Басқалар да императордан шапалақ көрмеген соң, өздері де қошемет көрсетуден бас тартатын. Қойылымнан кейінгі шыбын дызыңы естілетін тыныштықтың актерлерге қалай әсер ететіндігін өзіңіз де ойлай беріңіз, қошемет олар үшін арман болатын.
  • Наполеон өзінің жүрек жұтқандығымен ғана емес, қаталдығымен де танымал еді. Күндердің күнінде оның әскеріне өте жақын жерге снаряд түседі. Жарылуға шақ тұрған снарядтан барлық сарбаздар қаша жөнеледі. Мұны көрген император сабақ болсын деп атына мінеді де, снарядтың жанына барып тұрады. Қатты дауыс шықты да, жарылыс басталды. Бәрі аяқталғанда Наполеон ештеңе болмағандай жаңа ат әкелулерін сұрайды.
  • Оның ең сүйікті серігі — Маренго атты сұр араб жылқысы болды.
  • Наполеон өзінің шымыр денсаулығымен мақтана алады. Ол ешқашан қатты науқастанып, ем қабылдамаған. Тек өмірінің соңғы жылдаыр, Әулие Еленаға қуылғанда адам түсінбейтін сырқатқа тап болады. Кейде мұны ауру емес, жауларының ұзақ жылдар бойы тамағына қосып берген күшәласының әсерінен болған қастандық деп айтып жатады.
  • Наполенонның әйелі Жозефина ажырасу туралы ұсынысты өзі білдірген. Осы жағдайдан кейін император ажырасу туралы жаңа заң қабылдайды.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Napoleon I of France

Tags:

Наполеон Бонапарт ӨмірбаяныНаполеон Бонапарт Сыртқы саясатыНаполеон Бонапарт Қызықты деректерНаполеон Бонапарт ДереккөздерНаполеон Бонапарт17 тамыз1769 жыл1821 жыл5 мамырАяччоБатысИталиян тіліКорсикаФранцияФранцуз империясыФранцуз тіліФранцуздарХФӘӘулие Елена аралы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

БластулаАралас құрмалас сөйлемЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуҚоректік тізбекТемірхан МедетбекБірінші дүниежүзілік соғысЖыныс мүшелерінің құрылысыҚазақ батырлар тізіміҚарлығаштарАлматы қорығыҚазақстан музейлеріКарл ЛиннейЖұрнақБатыс Ғұн ИмпериясыҚорқыт атаҚырықжапырақтәріздестерКүнбағысЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҒұндарБұлбұлдарҚалқанша безКеңес Одағының БатырыГеродотАзаматтық қоғамТұтынушы құқығыАутизмРесейОрганикалық қосылыстарҚабдеш ЖұмаділовТеңеуМишықЖоғары сатыдағы өсімдіктерАлюминийЖай механизмТоғыз-құмалақЭстрогенБаяндауышҚазақ мәдениетіҰлықбекЕсім ханның ескі жолыШерхан Мұртазаұлы МұртазаСөйлем мүшелеріМейозОралхан БөкейКерей ханАдамның табиғатқа әсеріКүкіртҚытайГерманияБұлшықет талшығыЛаңкестік әрекетАлматы облысыҚазақтарПиелонефритЖаңбырБейнелеу өнеріАсан қайғы СәбитұлыИнфрақұрылымСарматтарДәстүрТерроризмКөне түркі жазбаларыИнновацияҮстеуҚазақстан қорықтарының тізіміАғаш түрлеріАрқарКартопҮтірҚасым ханның қасқа жолыБалдырКаспий теңізіЕтісАдам даму индексі бойынша елдер тізіміҚазақстанның экологиялық проблемаларыМұстафа ШоқайБарбаросса жоспарыЖеті қазынаТас дәуірі🡆 More