Мысық немесе үй мысығы (лат.
Felis catus) — Мысықтәрізділердің биологиялық түрі, типпен бірдей кең таралған үй жануары.
Мысық | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Мысық әртүрлі тұқымдарының алтысы | ||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Үй жануары | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Felis catus Карл Линней, 1758 | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Felis silvestris catus (subjective synonym) |
Асыранды мысықтың арғы тегі ливиялық мысық болып саналады, оны Африка тұрғындары бұдан 5 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Қолға үйретілген басқа жануарларға қарағанда мысық арғы тегінен онша өзгере қоймаған, сондықтан мысықтың қолтұқымдары көп емес. Мысықтың денесінен бас, мойын, тұлға, құйрық, алдыңғы және артқы аяқтарды ажыратуға болады. Аяқтары тұлғасынан екі жаққа тарбимай, тұлғаны тік көтеріп тұрады.
Дене ұзындығы 46-191 см , құйрығы 15-91 см. Құйымшағы шоқтығынан жоғары. Тырнақтары тартылған (Суматра мысығынан басқаларында).
Еркектері мауығу кезінде қатты таласып, ұрысып, шулайды.
Кейбір түрлері жылына 2 рет тұқым береді. Марғаулары (3-4 ұялас балалары болады) дәрменсіз, соқыр туады. Жыртқыштар ұсақ омыртқалылармен, балықпен қоректенеді.
Мысықтың басында екі құлақ қалқаны көрінеді. Бұл - оған тән ерекшелік. Қарашығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп тұратын бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай түгі жоқ тақыр мұрыннан екі танау тесіктері көзге түседі.
Мысық - өте саққұлақ жыртқыш. Қорегін аулағанда дыбысын сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді және аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады. Осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы керіледі, құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Мысық |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Мысық, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.