Жаһандық Жылыну

Жаһандық жылыну — жердің бетіндегі орташа температураның артуы.

Соңғы жүз жылда температурасы шамамен 1 ºС-қа артты. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды кесу, адамның әр түрлі әрекеттері жаһандық жылынудың басты себептері болып тұр. Парниктік газдардың басты алты түрі бар, олар: су буы, көмірқышқыл газы, метан, азот тотығы, озон және хлорфторкөмірсутектер.

Жаһандық Жылыну

Жаһандық жылынулардың әсерлері

Жаһандық жылынудың басты әсерлері мыналар: климаттың өзгеруі, жылу толқындарының жиі болуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, тасқындар, құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы секілді табиғи зардаптар.

Мұз қабаттарының еруі

Жаһандық жылынудың нәтижесінде мұз қабаттары еруде. Мұз қабаттары дегеніміз — жердің қар мен мұз қаптап жатқан бөліктері. Мұздықтар мұзының қалыңдығы 1000 м-ден жоғары, аумағы 51 800 км² болады. Мұз қабаттарының еруі нәтижесінде теңіз деңгейлері артуда. Арктикалық теңіздердің мұздықтары да жаһандық жылынудың әсерінен төмен тұсуде. Төмен түсудің қазіргі деңгейі әр онжылдықта 8%-ға тең болып тұр. Бұл 2060 жылға қарай жер бетінде Арктикалық теңіздердің жойылатынын білдіреді.

Климаттың өзгеруін зерттейтін БҰҰ-ның мемлекетаралық эксперттер тобының пайымдауынша (және Үлкен Сегіздік елдерінің ұлттық академияларының келісімімен) XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жердің орташа температурасы 1 °C көтерілді және соңғы 50 жылдағы жылыну процесінің адамзаттың кесірінен орын алған, бірінші кезекте газдардың атмосфераға шығарылуынан туындаған көмірқышқыл газы (CO2) мен метанның (CH4) «көшетхана эффектісі» (Greenhouse effect).

IPCC ұйымының климаттық модельдерге байланысты алынған мәліметтері бойынша: XXI ғасырда Жер бетінің орташа температурасы 1°C-тан 5°C-қа көтеріледі-мыс.

Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өсуімен қатар жаһандық температураның да өсуі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне алып келеді. Нәтижесінде табиғи катаклизмдер жиілеуі мүмкін, мысалы: су тасқындары, қуаңшылықтар, дауылдар және басқалары, жапа шеккен аймақтарда ауылшаруашылық өнімдерінің мөлшері төмендейді және басқа аймақтарда жоғарылайды (көмірқышқыл газы концентрациясының көтерілу есебінен). Жылыну процесі — мұндай құбылыстардың масштабы мен жиілігін жоғарлатуы ықтимал.

Климаттың жылынуынан келесі қауіп туындауы мүмкін: кейбір жануар немесе өсімдік түрлерінің таралу аймағының полярлық зоналарға ығысуы; жаға зоналары мен аралдарда мекендейтін саны аз түрлердің жойылуы.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Жаһандық Жылыну Жаһандық жылынулардың әсерлеріЖаһандық Жылыну Тағы қараңызЖаһандық Жылыну ДереккөздерЖаһандық ЖылынуЖерПарниктік газдар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

СалауатДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыСын есімДауысты дыбыстарАзамат соғысы1921-1922 жылдардағы ашаршылықАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыТехнологияҚұбыр желісіҮстірт қорығыБәйтерек (мифология)Каспий теңізіАлматы облысыУрбанизацияҚазақстан халқының бірлігі күніҚазақ хандығыШерхан Мұртазаұлы МұртазаҚазақстандағы транспортТранспортирОпера (музыка)ПневмонияБесеудің хатыАбайдың қара сөздеріҚимақ қағанатыҒаламдық экологиялық проблемаларЭндемикӨзбектерГалогендерҚасым АманжоловҚазақтың ұлттық ою-өрнегіМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҚара құрдымОтбасыЖалаң сөйлемЖеңіс күніҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеАдам даму индексіТөлен ӘбдікҚанЭмбрионҚадыр Мырза ӘліДінҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріМинералНАТОБатыс ҚазақстанЖақсыз сөйлемТұмар ханшаТозаңдануҰрықжолдастыларҚазақстан мәдениеті1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанДостықМәскеу шайқасыҚазақстандағы хандық биліктің жойылуыЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріМәтінМэйдзи жаңғыртуыСептік жалғауТанымал қазақтардың тізіміҚайта құру кезеңіИнтеграцияБұрыш (геометрия)Қалмақ қырылғанХромосомаларҚызғалдақФизикалық-географиялық аудандастыруЕсім ханСарқылатын ресурстарСөз таптарыЖасушаның бөлінуіГормондарҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріКартопСудың ластануыАлматы қорығыАрал теңізі🡆 More