Еңбекақы

Еңбекақы — жұмыс берушiнің қызметкерге атқарылған жұмыс үшін заттай немесе ақшалай берілетін төлем немесе сыйақы.

Төлемнің мөлшері күндік, сағаттық ақыға байланысты немесе орындалған әр тапсырманың белгіленген ақысына байланысты есептелінуі мүмкін. Алайда кей жағдайларда қызметкерлер еңбекақыны клиенттерден сыйлық ретінде тікелей алуы мүмкін. Cалыстыратын болсақ, жалақы қызметкерге жұмыс істеген сағатына қарамастан белгілі бір уақыт (мысалы апта немесе ай) сайын берілетін тұрақты төлем.

Пайда болуы

Еңбекақы жұмыс уақыт бірлігіне (немесе орындалған әр тапсырмаға) байланысты төленеді. Жұмыс күні – осындай уақыт бірліктерінің ең алғашқы түрі болып табылады. Жұмыс уақытының бірнеше бөлікке бөлінуі бастаған кезі сағаттың ойлап табылуы уақытына дөп келді. Сондықтан, қазіргі таңда сағаттық төлем еңбекақының кең таралған түрі болып табылады. Еңбекақы Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде төленген.

Маңызды бөліктері

Жалданбалы еңбек ақша мен жұмысқа кеткен уақытты байланыстыруды талап етеді. Осыған орай Мозес Финлейдің The Ancient Economy кітабында ойын білдіреді. Оның ойынша, жалданбалы еңбек үшін екі қиын тұжырымдамалық қадам керек. Біріншіден, ол еңбекті адамнан және оның жұмысының өнімінен абстракциялануды талап етеді. Егер біреу шеберден бір зат сатып алса, ол оның еңбегін емес – өнімін сатып алады. Алайда, біреуді жалдаса, ол абстракцияны – жұмыс күшін сатып алады. Екіншіден, жалданбалы еңбек жүйесі сатып алынған еңбекті өлшеу әдісін талап етеді. Әдетте бұл екінші абстракция – жұмыс уақыты арқылы жүзеге асырылады.

Еңбекақы мөлшерін анықтайтын факторлар

Әлемдегі экономиканың құрылымына сәйкес, еңбекақы мөлшеріне нарық күштері (сұраныс және ұсыныс), заңнамалар және дәстүрлер әсер етеді. Мысалы, АҚШ-та нарық күштері басым түссе, Жапонияда әлеуметтік құрылымы және жұмыс өтілі маңызды рөл атқарады.

Еңбекақы айырмашылықтары

Зерттеулердің айтуынша, нарық күштері басым елдердің өзінде де еңбекақы мөлшері нәсіл мен жынысқа байланысты өзгеріске ұшырайтын көрінеді. Мысалы, АҚШ Еңбек Статистика Бюросының айтуынша, 2007 жылы әйелдер еңбекақысы еркектердің орташа еңбекақысының 80%-ын құраған. Сол сияқты, азиялық еркектер ақ нәсілді еркектерден 16%-ға және қара нәсілді еркекетерден 36%-ға көбірек тапқан. Бұл мәліметтер орташа мәндермен салыстырылған және жұмыстың түріне, мөшеріне және сапасына орай түзетілмеген.


Дереккөздер

Tags:

Еңбекақы Пайда болуыЕңбекақы Маңызды бөліктеріЕңбекақы мөлшерін анықтайтын факторларЕңбекақы ДереккөздерЕңбекақыЖұмыс берушіСыйақыСыйлықТөлемҚызметкер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ГаметаКерей ханМысырАюларҚожа Ахмет Ясауи кесенесіАстрономияАтомВолейболҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміМәдени мұраШвейцарияКөмірШоқжұлдызЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріЛейкоциттерҒылыми-техникалық прогрессТолеранттықҚазақстандағы су тасқыны (2024)Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыҚанҚажымұқан МұңайтпасұлыЖыныссыз көбеюЗәр шығару жүйесіСолтүстік АмерикаVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріБерлин операциясыЕңлік — Кебек (пьеса)ҚышқылАдам генетикасыЖелтоқсан көтерілісіҚаһарРим империясыКөнерген сөздерФотоэлектрлік құбылыстарТүрік қағанатыПублицистикалық стильНұрдәулет Бәбиханұлы АқышҚазақстандағы туризмҚазақтарҒарышТабиғатҚазақстандағы түсті металдарЭкологиялық пирамидаТерроризмСаяси идеологияТүркістан облысыЖұмыссыздықБұлшықет талшығыҚатерлі ісікЕуропа одағыАрал теңізіКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысЖаңа білім беру жүйесіКөші-қонҰрықХолециститӘмір ТемірСақ мәдениетіЕсім хан саясатыПлацентаЖусанҚарлұқ қағанаты2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріОтырар кітапханасыЖылу электр станциясыҚызыл кітапМорфология (лингвистика)Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі КеңесОдағайКорея Республикасының экономикасыКөп жасушалы ағзаларРентген сәулесіСаңырауқұлақтарҚырықжапырақтәріздестерАзаматтық қоғамМагнит өрісіШие🡆 More