Вайоминг

Вайо́минг (ағылш.

Wyoming) — АҚШтың солтүстік-батысында орналасқан Таулы штаттар тобына жататын штат. Жер ауданы бойынша 10 орында — 253 348 км², халық саны бойынша АҚШ-та ең кіші штат-582,658 адам (50-ші орын). Әкімшілік орталығы және ең үлкен қаласы — Шайенн қаласы.

АҚШ штаты

Вайоминг
ағылш. Wyoming

Вайоминг туы Вайоминг мөрі
Вайоминг туы Вайоминг мөрі
АҚШ картасындағы Вайоминг штаты

Штат ұраны

«Тең құқықтар»
(ағылш. Equal Rights)

Штат әні

«Вайоминг» (Wyoming)

Штат лақапаты

«Тең құқықтық штат»

Астанасы

Шайенн

Ең ірі қаласы

Шайенн

Тұрғыны

582,658 (2013 жыл)
50-ші орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
7,24 адам/км²

Ауданы

10-ші орын
- барлығы
253 348 км² км²
- су беті
1 774 км² км² (0,7 %)
- ендік
41° с. е. бойынша 45° с. е.,
- бойлық 104°3' б. б. бойынша 111°3' б. б.,

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі 4207 м
- орташа биіктігі 2040 м
- минимал биіктігі
945 м

Штат статусын иеленуі

1890 жыл 10 шілде
44 ретпен
- штат болмай тұрып

Губернаторы

Марк Гордон

Вице-губернаторы

Эдвард Бьюкенен

Заң шығару органы

Вайоминг легислатурасы
- жоғарғы палатасы Вайоминг сенаты
- төменгі палатасы Вайоминг өкілдер палатасы

Сенат мүшелері

Синтия Ламмис
Джон Баррассо

Уақыт белдеуі

UTC -7/-6

Ресми сайты:

http://wyoming.gov


Географиясы

Вайоминг 
Йеллоустон өзені

Вайоминг жер ауданы бойынша АҚШ-та 10 орын алады-253 348 км². Солтүстігінде Монтана штатымен, шығысында Небраска мен Оңтүстік Дакота штаттарымен, батысында Айдахо штатымен, ал оңтүстігінде Колорадо және Юта штаттарымен шектеседі. Жалпы аумақтың шекаралық формасы тіктөртбұрыш сияқты.

Штаттың батыс бөлігін Сеңгір таулары алып жатыр, ең биік нүктесі — Ганнет-Пик тауы (4207 м). Теңіз деңгейінен орташа биіктігі-2042 м. Батыс бөлігін Ұлы жазықтар территориясы алып жатыр, ал штаттың оңтүстік-батысында Вайоминг үстірті орналасқан.Штаттың 16 %-ға жуық аумағын қалың ормандар алып жатыр.

Тарихы

Археологтардың айтуынша, бұл өңірдегі алғашқы қоныстанушы-адамдар 13000 жыл бұрын өмір сүрген. Дәстүрлі түрде үндістер тайпаларының кроу, шошоны, шайенны, арапахо, сиу тайпалары өмір сүрген.

1743 жылы бұл аумаққа алғаш еуропалықтар келген. Бұл-Франсе Франсуа и Луи Верендри атты француздар. Сол кезде Вайоминг аумағы Францияның Француздық Луизиана құрамына кірді.

1803 жылы "Луизиандық сатып алу" шартына сәйкес Вайоминг территориясы АҚШ-на өтті.

1869 жылы Вайоминг билігі АҚШ-да әйелдерге сайлау құқығын беру туралы жариялады.Сонымен қатар, штаттағы «Юнион Пасифик» теміржолының салынуы өңірдің дамуына көп үлес қосқан.

1890 жылы 10 шілдеде Вайоминг АҚШ-ның 44-ші штаты болып жарияланды.Сол жылы штаттың конституциясы қабылданды.

Экономика

Вайоминг 
Жел электростансасы

2012 жылға сәйкес аймақтың ЖІӨ (Жиынтық ішкі өнімі) $38.4 миллиард құрады.

Вайоминг штаты пайдалы қазбаларға бай.Басты шикізат түрлері — мұнай, табиғи газ, көмір және уран. Бұдан басқа, штаттың дамыған саласы-туризм. Басты ескерткіштері-әлемге танымал Йеллоустон ұлттық саябағы, Девилз-Тауэр және Гранд-Титон ұлттық саябағы.

Дереккөздер

Tags:

Вайоминг ГеографиясыВайоминг ТарихыВайоминг ЭкономикаВайоминг ДереккөздерВайомингАғылшын тіліАҚШШтат

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шоқан Шыңғысұлы УәлихановҚорқыт атаФутболҒаламдық мәселелерПсихологияДүниежүзілік сауда ұйымыПайдалы қазбаларҚазақстан астанасыЕуразиялық Экономикалық ОдақТозаңдануОрталық ҚазақстанҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміҚазақстан экономикасыАлаш автономиясыӨзбекстанМорфология (лингвистика)Жуніс СахиевҚан мен терБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевҚазақ философиясыАтом16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыЖәңгір-Керей хан1921-1922 жылдардағы ашаршылықПиелонефритФилипп Исаевич ГолощёкинЭпитетМоғолстанҚабдеш ЖұмаділовЖақсыз сөйлемҚазақстан әкімшілік бірліктеріКүш моментіҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАқпараттық қауіпсіздікМұстафа ШоқайИсламҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЮрий Алексеевич ГагаринҚазақстан азамат соғысы жылдарындаҚазақстанның мұнай өнеркәсібіКүн (жұлдыз)Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Жүйке жүйесіСарматтарБиосфераКөшбасшылықХимия өнеркәсібіЭлектромагниттік толқындарКеңес үкіметіКенесары ханШиеАдам даму индексіЕжелгі Рим өнеріМутацияУрбанизацияБразилияНаурыз мейрамыМейозОксидтерИнновацияҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныАзиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі КеңесЫңғайлас салалас сөйлемАқмола облысыКүләш Жасынқызы БәйсейітоваҚазақстан 2030Қыпшақ хандығыӘлеуметтік инфрақұрылымЖүктілікТерроризмМұхтар Мұқанұлы МағауинҚазақстанның экономикалық аудандарыГлюкозаМедеуҒарышкер1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларЖарықТұқым қуалайтын аурулар🡆 More